Стр. 190 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жылдардың аяғында‚ Жазушылардың шығармашылық үйiнде Бек Тоғысбаевпен
ұшырасып қалдым. Аз әңгiме-дүкеннен кейiн Бекең маған қарап:
— Сенiң анадағы ЦК-ға жазған хатыңдағы дәлелдерiң‚ айғақтарың мүлдем
бұлтартпайды. Ау‚ Оралхан сен жазып жатқанда‚ желкеңнен төнiп тұрған жоқ қой.
Сонда осыншама ұқсастық қайдан болады? Бұл деген нағыз ұрлық емес пе? — дедi.
Мен таңғалып‚ Бекеңнен:
— Сiз оны қайдан бiлесiз? — деп сұрадым.
— Мен Жазушылар Одағы құрған комиссияға мүше болғанмын.
— Сонда осы сөзiңiздi неге айтпадыңыз? Бұл деген жазушының азамат ретiнде
көрiнетiн жерi емес пе? — дедiм тiкiрейiңкiреп.
— Өй‚ ана Қалихан өтiнгесiн... олар дайындап қойған документке қол қоя салып
едiм‚ — деп Тоғысбаев аузынан байқаусызда шығып кеткен әлгi сөзге ендi өкiнгендей
түрмен.
Мен не дерiмдi бiлмедiм...
Шындығында‚ бұдан кейiн қандай әдәби адалдық‚ ымырасыздық‚ туралық туралы
сөз айтуға болады? Басқаны қайдам‚ өз басым ондай заманның орнай қоятынына
сенбеймiн...
1
980ж.
18.01.2004 ж.