Стр. 189 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

О.Бөкеев Б.Майлиннiң “Сары ала тон”‚ “Сот алдында” деген әңгiмелерiне де қол
сұққан. Бейiмбетте қаладан ұлтшыл Шермек әкесi Сейпен байға кәмпеске туралы
айтса‚ Бөкеевте қаладан келген ұлтшыл Еркiн Омар байға кәмпеске туралы айтады.
Майлинде Сейпен бiр үйiр жылқысын Таңатарға (Бөкеевте де Таңатар бар!?) апарып
қостырса‚ Бөкеевте Омар бай бiр үйiр жылқысын Таңатарға айдатып жiбередi.
Майлинде Байғұл бай малын ақша ғып‚ Қытайға қашпақ болса‚ Бөкеевте Омар бай
малын ақша ғып‚ Қытайға қашпақ болады. Мұнда Майлиннiң Таңатар деген кейiпкерi
Бөкеевте сол күйiнде жүр.
Ол қыза келе М.Әуезовке де қол салған. “Абай жолында” Есембай жырасында бет-
аузын таңып алған Абай “қарақшы” боп шабады. Бөкеевте де бiр жырадан бет-аузын
таңып алған қарақшы шабады ( Кiтапта: “Өз отыңды өшiрме”‚ “Жазушы”‚ 1981 ж..‚ 158
б).
М.Шолоховтың “Көтерілген тыңында” М.Нагульнов өзiн өзi атпақ боп‚ тапаншасын
самайына тiрейдi де‚ айниды (М‚ 1967 ж‚. 270 б). Бөкеевте де Оспан дәл солай етедi
(Кiтапта‚ 130 б).
Ә‚Нұрпейiсовтiң “Қан мен терiнде” “Поезд... салдыр-гүлдiр тоқтай қалды” (1976 ж..‚
335 б.) деген жол бар. Бөкеевте: “Танауынан(?) бу атқылаған(?) паровоз салдыр-гүлдiр
тоқтай қалды”‚ — болып жүр (10‚ 167 б).
Бұ жерде Бөкеев өзiнiң темiр жолдың жағдайын бiлмейтiнiн анық көрсетiп отыр.
Бiрiншiден‚ паровоздың танауы болмайды‚ одан бу атқыламайды; екiншiден‚ жеке
паровоз салдыр-гүлдiр етiп тоқтамайды‚ үйтiп ұзын составтағы вагондар тоқтайды. 331
бетте Бөкеевте станция начальнигi стрелочникке “жезлыңды дайында‚ сенсiз поезд
жүрмейдi”‚ дейдi. Стрелочникте жезл болмайды‚ пойыздың жүру-жүрмеуi оған
қарамайды‚ оны мiндетi — кезекшiнiң бұйрығы бойынша стрелканы әр түрлi жолға
бұрып тұру ғана. 387 бетте машинист “асығыспын‚ поезды тез жiбер”‚ деп станция
кезекшiсiмен ұрысады. Пойызды жiберу-жiбермеу станциядағы кезекшiнiң емес‚ үлкен
стансада болатын диспетчердiң қолында. Онда пойыздардың жүру графигi алдына ала
жасалады‚ оны бұзуға болмайды. Маман машинистiң өмiрi үйдеп айтуы мүмкiн емес.
Бөкеев бiрде жол мастерiн бригадир етедi‚ кезекшiнiң жұмысын стрелочникке
атқартады. Ол кезде темiр жолда бригадир дейтiн болмайтын‚ стрелочник еш уақытта
кезекшiнiң қызметiн атқармайды. Үйтсе‚ сотқа тартылады. Бөкеев 169 бетте
обходчиктiң графигiн станция начальнигiне бекiтiп бередi дейдi. Обходчикте график
болмайды‚ он начальникке емес‚ тiкелей жол мастерiне бағынады. Бөкеев қара
жұмысшы Дарханды көпiр соғудың шеберi дейдi. Көпiрдi жоғары бiлiмi бар маман
инженерлер чертежын‚ жоспарын жасап‚ арнайы жұмысшыларға соқтырады. Оған қара
жұмысшының қатысы жоқ. Осыдан-ақ О.Бөкеевтiң темiр жолдың жағдайын мүлдем
бiлмейтiнiн‚ менiң қолжазбамда кездесетiн темiржолға тән нәрселердi байыбына
бармай‚ бiлмей‚ көшiре бергенiн анық көруге болады.
Мен Сыр бойына тән
ауыш‚ шәпеш‚ мәттақам‚ әйдiк‚ собыл‚ пәруәйы пәнсәр‚
соқпа там‚ самсоз‚ сабыр айлау‚ тазайын‚ дәйдi‚ ындық өткiзiп жiберу‚ пақуатты
ма,
т.б. тәрiздi жүзден аса‚ бұрын әдәбиетте қолданыла қоймаған‚ сөздiктерде жоқ
жергiлiктi сөздердi қолданғанмын. Бұл сөздер Бөкеевтiң бұрынғы жазғандарында
атымен жоқ. Олар мына “шығармада” бықып жүр. Ол менiң романымнан алмаса‚
оларды қайдан алған? Оған қоса көп жерде Бөкеев әлгi фарсы‚ араб сөздерiн шын
мағынасын бiлмей‚ терiс қолданады. Оның үстiне Өскемен‚ Семей төңiрегiнiң
қазақтары әлгiндей Сыр бойына ғана тән сөздерi қолданбайды. Бұлар О.Бөкеевтiң
“Жұлдызға” ұсынған менiң қолжазбамды оқығанына‚ сюжеттi‚ композицияны‚
кейiпкерлердi‚ портреттердi‚ характерларды‚ лексиканы, т.б. түгелдей көшiрiп‚ әдәби
ұрлық жасағанына бұлтартпас айғақ бола алады.
Өкiнiшке орай‚ ол кездерi менiң дәлелiме‚ келтiрген деректерiме ешкiм де қарамады.
Содан кейiн мен оған қолымды бiр сiлтедiм. Арада бiраз уақыт өттi. Бiрде‚ 80-iншi