Стр. 142 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

141
әскерiне шамалары жетпейтiнiн кешегi шайқаста бұл өз көзiмен көрген жоқ па? Ендi мұның су түбiне
кетiп бара жатқан кеменiң ернеуiне жабысқанынан не өнедi? Одан да тасы өрге домалап келе жатқан
ақ патшаның ыңғайын алғаны мақұл емес пе? Бiрақ мұның кешелерi Ақмешiт қамалында боп‚ соғысқа
қатынасқанын естiсе‚ оның iшi жыли қояр ма екен? Әй‚ қайдам. Жәнiбек түнiмен толғанып‚ осы ойға
нық бекiнiп алды.
Ертеңiне ол қасына Қалдыбайды ертiп‚ қауiп-қатерi жетерлiк мына сапарға аттанбақшы болды.
Қатын‚ бала-шағасымен қоштасып‚ керек-жарақтарын артқан қос атты жетекке алып‚ Қалдыбай екеуi
Сыр бойына қарай сызып бердi. Бұ кезде шiлде айы бiтiп‚ күн аздап қоңыр салқын тарта бастаған едi.
Терiскейден жанға жайлы самал еседi. Дала жүдеу. Көп жерлер қуатты күн нұрына шыдамай‚ әбден
сарғайып кеткен. Анда-санда жантақты алқаптарда жайылып жүрген түйелер кездеседi. Бұлар
қастарынан өтiп бара жатқанда‚ бiр ұзын мойын қара нар сулы көзi мөлдiреп‚ бұларға таңырқағандай
состиып қарап тұрды да‚ әрi қарай бұрылып кеттi. Соны көрiп Жәнiбектiң кеуiлiне бiр түрлi мұң кiрдi.
Бойы ауырлап‚ ертеңгi болар iстiң кележағын таба алмай‚ басы қатты. Бiр рет ол аспанда қалқып
тұрған сұрғылт бұлтқа көз тастады. О да мына тiршiлiктiң аударыс-төңкерiсiнен шаршап‚ дамыл
алғысы кеп‚ қос қанаты сынған құсша салбырап тұрғандай. Бiр жел соқса‚ оның да бет алдына
жөңкiлiп кете барары анық. Жәнiбек те дәп сондай. От пен суша тынымсыз арпалысып жатқан
тiршiлiктiң тағы бiр дүрбелеңiне кездесiп‚ шарасы құрыған Жәнiбек алдағы күнiн анық болжай алмай‚
ендi Қазалыға қарай жүрiп кете барды...