Стр. 141 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

140
жолы Шам шаһарына барып‚ ондағы бiр ұламада бiр жыл дәрiс алыпты. Ол келген бойда түрлi шөптi
қайнатып‚ бұған үш мезгiл iшкiздi‚ жарақатына қоймалжың бiрдеңенi жағып‚ жақсылап орап тастады.
Содан бастап жарасы қақсағанды қойды. Анада басы ауыратынды шығарып едi‚ әр түрлi дәрi-дәрмек
iшкеннен кейiн‚ бойы жеңiл тартып‚ қунақ жүретiндi шығарды.
Бұл дегенде Ақкербездiң шығарға жаны жоқ. Бөпесiн емiзiп отырып‚ мұның бар жайын жасайды.
Өзi соңғы кездерi жағы әбден қушиып жүдеп кеттi. Өзiнiң үлкен әдемi көзi онан сайын үлкейе
түскендей. Жәнiбек оны аяп‚ бiр жолы:
— Демалсайшы. Осы үйдiң шаруасын жайғайтын малай қатындар бар емес пе? — деген.
Ол бұған қысыла қарап‚ ақырын ғана езу тартып:
— Iждеңе етпес‚ — дей салған.
Бүгiн төсекке ол қымсынып кеп жатып‚ терiсi жарылып‚ дөрекi тарта бастаған оң қолын созды.
Жәнiбек оның қолын сыртынан сипалап бiраз жатты. Сол арада ол әйелiнiң өзiне бiрдеме айтқысы
барын сезiп‚ берi қарай аударылып жатты. Ақкербездiң де күткенi сол екен‚ ақырын ғана күрсiнiп:
— Бiз әйел деген сырттағы шаруаның қай бабын бiле беремiз. Кейде нашарлықпен шолақ
өлшеймiз‚ — дедi.
Жәнiбек оғын ырза бола қарады.
— Саған айтайын деген бiр сөзiм бар едi‚ — дедi Ақкербез бұның төсiне бетiн басып‚ сыбырлай
сөйлеп.
— Иә‚ о не өзi!
— Менiң келгенiме де бiраз боп қалды. Ата-анамды көрген жоқпын. Құда шақыру деген де бар
емес пе?
— Апырмай‚ сол мiндеттен құтылмаппыз ғой‚ — деп Жәнiбек есiнен бұ шаруаның қалай шығып
кеткенiне таңғалды. — Шынында да‚ ата-анаңды шақырып жiберейiк...
— Сосын... айтқан бiр өтiнiшiм болсын... Осы сапарға бармай-ақ қойшы. Ана балалардың бәрi
оңашада‚ көкемiз қайда деп‚ мазамды алып бiтедi. Ендi бiраз от басында боп‚ балаларға көз қырыңды
салсайшы.
— Жарайды‚ — дедi де‚ Жәнiбек: “Шынында да‚ менiң жан-жаққа шапқылауым көбейiп кеттi ғой.
Сонда кiм үшiн‚ а? Мына әйелдiң де айтқаны ақыл-ау”‚ — деп сәл-пәл ойланып қалды. Аздан соң: —
Кәзiр жағдай қиын боп тұр. Бар ағайын биiмiз деп аузыңа қарағасын‚ оның қамын жемесең болмайды.
Жесең‚ үй көрмейсiң. Ендi... iжқайда бармайым. Ертең әке-шешеңе кiсi жiберем‚ — дедi де‚ Жәнiбек
оны құшақтай бердi...
Ертеңiне Жәнiбек әкесiмен ақылдасып‚ құдаға берер киiт жағын ойластырды. Он шақты жiгiттi
тездетiп Бұхараға жiберiп‚ мата алып қайтыңдар дедi. Сосын берер малдың ретiн ақылдасты. Сол күнi
Қожақты Малдыбай ауылына жұмсап‚ келетiн уақытын айтсын дедi.
Құда шақыру бiр айға созылды. Киiттерi дайын боп үлгергенде‚ Қызылдың бiр сабатында отырған
Малдыбайлар да бiр қора кiсiмен ағылып-төгiлiп келiп қалды. Мамырай құдасының қолтығынан алып‚
атынан түсiрiп‚ үлкен ақ боз үйге кiргiздi. Бәйбiше бастаған әйелдер жағы басқа үйге түстi. Сол күнi
қонақасы берiлгеннен кейiн‚ Малдыбай‚ Сағынай‚ Мамырай және басқа үлкен кiсiлер отырған үйге
Нияз кеп‚ Шарқының бiр қиссасын жырлады. Назым сөздiң мағынасын бiлетiн үлкен кiсiлер таңға
дейiн көз шырымын алмастан‚ қиссаны тыңлап‚ кей жерлерiнде көздерiне жас алып‚ әбден ырза
болысты.
Ертеңiне қайтадан мал сойылып‚ жақын жердегi ауылдардың ақсақалдарының басын қосып‚
қонақасы бердi. Одан кейiн бас құда Сағынай құдаларды өз ауылына шақырды.
Малдыбай бастаған топ Сағынайдың ауылына барып‚ қонақасы жедi. Сүйтiп жүргенде жиырма
күндей уақыт өтiп те кеттi. Малдыбай елге қайтар ыңғай бiлдiрiп‚ бәйбiшесiн қызының қасында бiр-екi
ай жата тұр деп қалдырып‚ жолға жинала бастады. Олар ертең қайтады деген күнi Мамырай толы
жұрттың кезiнше Бұхарадан алып келген асыл киiттердi теңнен алып‚ ортаға тастады. Бас құдаға деп
мауыты шапан‚ қасқыр iшiк‚ құндыз бөрiк тартылды. Құдағайға да қымбат паршалардан көп киiм
берiлдi. Малдыбайдың қасына ерiп келген ағайын-жүрәттарының бас-басына жағалы киiм атап‚
тайпалған жорға берiп‚ әбден ырза қылды. Көп сыйлықтан жеңгелер мен құдашалар да‚ балдыздар мен
бозбалалар да құр қалмады.
Ертеңiне қайтадан мал сойып‚ қонақасы берiп‚ кетер уақытта Мамырай Малдыбайдан бата тiледi.
Өзi‚ Жәнiбек барлығы есiк алдында түрегелiп тұрып‚ әлi ажарын бере қоймаған ақсақалдан ақ бата
алды. Содан кейiн шәй iшiлiп‚ мимандар жолға шығатын болды. Кәдiрлi қонақтарды бүткiл ауыл боп
аттарына мiнгiзiп‚ бiр көш жерге дейiн шығарып салысты.
Сол түнi Ақкербез мұның төсегiне алғаш рет батыл енiп‚ келе мойнынан құшақтай алды да‚ бетiн
мұның төсiне басып‚ ыссы демi тұла бойын шарпып:
— Саған... өле-өлгенше ырзамын‚ — дедi...
Арада бiраз күн өткеннен кейiн‚ Сыр бойына кеткен Қалдыбайлар қайтып келдi. Оның айтуына
қарағанда‚ Петерборға қазақ арасынан бiр топ әтеберлi кiсiнiң баратыны рас. Олар ақ патшамен
жүздесiп‚ өз қолдарынан сенiмхат тапсыруға тиiстi екен. Жақын арада Захваткин Қазалыға Әлiм‚
Шөменнiң бар жақсысын жинап‚ ақ патшаның ниетiн түсiндiрiп‚ жазылған хатқа билер мен
байлардың‚ батырлар мен ақсақалдардың бармақтарын бастырмақшы көрiнедi. Бұл iстiң бәрiне
Елмырза басшы боп‚ шауып жүр дейдi.
Жәнiбек Қалдыбайдың сөзiн iштей сараптап отырып‚ ойы сан-саққа ауа бердi. Бүйтiп жатқанына
қарағанда‚ ақ патшаның осы елдiң игi жақсыларының аузын алып‚ жұртты бибiт билегiсi бар. Ақылы
толық кiсi қай кезде де ел арасында ажары‚ абырайы бар азаматтардың аузын алып‚ барша қауымды
қулықпен билеп‚ үйiрiп-төңкерiп әкетедi. Бұл жерде ақ патшаның да көздеп отырғаны сол. Кешелерi
осыны ескермеген Хиуа мен Қоқан бектерi қазақтарды өкпелетiп алды. Оның ақыры мынадай боп
бiттi. Ендiгi жерде Хиуаның Сыр бойына аяқ сала қоюы қиын. Қанша тырысса да‚ олардың орыс