Стр. 102 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

талай кiсiнi тiзеге сап омырды. Ақ патша кезiнде би, болыс, ауылнай болғандардың
сазайын тарттырды. Талап қуған Ержiгiттi дер кезiнде оқуынан аластатты. Әрине, ол
мұның бәрiн ежелден кеудесiнде қатқан кек әсерiнен iстеген болатын. Кейiннен
бұрыннан iш қыжылы бар кiсiлерге дөңайбатын жиi көрсетудi әдетiне айналдырып
алды. Маңайындағы қара-кұраның барлығын алқанында ұстасам дедi. Сол талабына
кеше көнбес ыңғай көрсеткен Ержiгiттi көңiл қосқан қызынан айырып, ақысына бiр
шықты. Сондағы бар көздегенi — ел арасында өз сөзiнiң салмағын арттыра түсу. Ол
мұнысының кейде қанадан асып кетiп, аздап қолдағы бардан айрылып қалмасам екен
деген ниетке ұштасып жатқанын сезедi. Бiрақ оны дер кезiнде тұншықтырып тастайды.
Қалайда өз iсiнiң дұрыстығына ақтау iздейдi. Оны табады да. Тiптен кешегi жылдары
кәмпескеленген байларға жасағанын да бiр сәтте ақтап шыға келедi. Қарап отырса, бұл
пенде кейiннен кедейленген әулеттердi де әлгi тiзiмге қосып жiберiптi. Онысын құдай
оңдап, қазақ арасының жай-жапсарынан бимағлұм аудан басшылары бiле қоймады. Тек
Сегiзов келгеннен берi бұл аяғын аңдап басатын болды. Жаңа хатшы жаңа орнына
отырар-отырмастан, Байқожа партия ұйымының бұрынғы қой аузынан шөп алмас жуас
хатшысының орнына осы Пұсырманды жiбердi. Бұл алды-артына үнемi көз жiберiп
отыратын мұны ойландырып тастады. Мұны тегiн емес деп түйдi. Сүйттi де оның жай-
жапсарын бiлiп алды. Өзi көптен берi қоммунист екен. Аралдың ар жағында болған ақ
пен қызылдың соғысына қатысыпты. Сол ұрыста қолға түсiп, Омбынын түрмесiнде үш
ай жатыпты. Одан қашып шыққасын, Майдакөл колхозында қызмет iстептi. Сонда
жүрiп, ел құрметiне бөленiп, атақ-абырой алып, iскер басшы ретiнде көзге түсiптi. Бұл
Көптiлеудi сескендiрiп тастады. Егер оның мойны өзiнен аса қалса, арты белгiлi ғой,
деп ойлады.
Сосын... Көптiлеу мырс еттi. Жан қалтасынан бет орамалын алып, самайынан
жылымши аққан ащы тердi сүртiп қойды.
Зауал ауа бастаған шақтың қапырығының жүгерiлiк iшiн тандырдай жандырып
жiбергенiне қарамастан, көкiрегiн кере дем алып, қунақ жүрiп келедi. Байғұс неме. Оны
қойшы. Осы жолы ол Қоңырбайдың қолтығына су бүркiп көрмек. Өзi көптен берi
Қоңырбайдан да сездiрмей бойын аулақ салып жүр. Онысының себебi бар. Көрiп
жүрмiз ғой, ақ патша тұсында руына тартпайтын кiсi бар ма едi? Өтiрiк бер жағымен
көлгiрсiп тұрып, өзiне ғана қарасты әулеттiң мұң-мұқтажын ойлайтындар да аз ба едi?
Ол өз алдына. Ертең Қоңырбайдың күндердiң күнiнде басқаша қырымен құбылып
көрiнбесiне кiм кепiл? Одан да оны баяғы машықты тәсiлiне басып, түпкi бойына
көземелдеп қойып, басты шаруасын орындатар бұранда ретiнде бұрай бергеннен
қызығы жоқ. Өткенде Көптiлеу Нұрғабылдың трактор жөндеп жатқанын көрген-дi.
Жiгiттiң ебедейсiз саусақтары қалай қарай қозғалса, бұрандасы түспегiр оның айтқанын
қайт қылмай әлгi қолдың ыңғайына жығыла бередi. Оны алады, қайтадан салады.
Кеуiлi қаламаса, жол жиегiне лақтырып тастай салады. Сонда бұл ойға қалған.
Шынында, Көптiлеуге керегi де осы бұрандалар. Олар ештене ойламайды, бетiннен ала
түспейдi. Тiптен қарсы тiл де қатпайды. Басқарма қарамағындағы кiсiлердi де сондай
етсем деп ниеттенген. Тек оған Пұсырман көнбей жүр. Ендi ондай шырақ бұзарды бұл
төбесiнде қалай тайраңдатып қояды? Жоқ, бiр лажын таппаса болмайды. Бұл оны тапты
да. Кәнiгi тәсiлi бойынша, ойламаған тұстан қызыл асықтан қағып қалғанды жөн көрдi.
Ол ниетiн Көптiлеу әрқашан да iздесең дерегiне жетудi киындатып, шуда жiптей
шұбалтып, бөгде кiсiлердiң қолы арқылы iстейдi. Ол байғұстар не қылып, не қойғанын
өздерi де бiлмейдi. Бiрi екiншiсiне сәлем жеткiзедi, сәлем алған кiсi үшiншiге өтiнiш
етедi, үшiншi төртiншiге тапсырма айтады. Бұл тiзiм осылайша жалғасып кете барады.
Ақырында олардың үш ұйықтаса түсiне де кiрмеген iс болып жатады. Көптiлеу осы
шырғалаңына Қоңырбайды көптен берi араластырып жүр. Кәзiр де түпкi ниетiн
сездiрместен, оған мысықтабандап жақындап, тамырын басып байқағанды жөн көрдi.
Сонда әлгi қызылкөз қызды-қыздымен арлап барып...