Стр. 103 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Көптiлеу тоқтап, отақ отап жатқан әйелдерге маңқия қарады. Қоңырбаймен салқын
амандасты:
— Жұмыс қалай?
— Өнетiн емес. Қатындардың аузы өсектен босамайды.
— Кiм ол өсек айтатын? — дедi Көптiлеу адырайып, бiр сәтте нығыз қалпынан
айнып шыға кеп.
— Күлзи.
— Өй, әкеңнiң аузын... — Көптiлеу қамшысын сығымдай ұстап iлгерi жүрдi. Қалың
жүгерiнi қақ-қақ айыра отырып, үш-төрт ақжаулықтың басы қосылған жерге барды.
Күлзи сампылдап, әлдененi соғып тұр. Ол сол арада мұны көрiп қап, аузын қолымен
баса қойды. Кiшкене көздерiне үрей лып етiп ойнап шыға келдi. Кәрiне мiнген
басқарма әй-шәйға қараған жоқ. Келе Күлзидi май құйрықтан қамшымен тартып өттi.
Күлзи шыңғырып жiбердi. Қамшы екiншi рет тiлiп түстi. Күлзи тұра қашты. Көптiлеу
ұмтылып кеп, әйелдiң өңiрiнен ұстап алып, шыпқырта бердi:
— Мә, саған өсек айтқан! Мә, саған!
— Ойбай, өлдiм!
— Өлсең, өрем қап!
— Жiбер, мен сенiң қатының емеспiн!
— Мен саған қарсы сөйлегендi көрсетем! Мә, саған қатыным емеспiн! Қатыным
болмасаң, жеңгемсiң. Осыдан еңбеккүн жаздырсам ба? Көрермiн-ау!
Күлзидiң зәресi ұшып кеттi. Сұп-сұр боп, тиген қамшыны да елер емес:
— Басқарма қайным, шиеттей бала-шағам бар. Өзiң бiлесiң...
— Аузыңа қақпақ қоясың ба?
— Қоям, ойбай, қоям! Ендi аузыма құм! — деп Күлзи ант-су iштi.
— Iсмәтри, ендi өсек айтқаныңды көрсем, ындық өткiзiп жiберем.
Күлзи шыбындаған ешкiдей шыбыжыңдал тұра айдады. Көптiлеу ентiгiн басып, сұп-
сұр боп аз тұрды. Әйелдiң қамшы тiлген май құйрығын ауырсына бұлтаңдатып бара
жатқанын көрiп, кенет қарқылдап күлiп жiбердi. Оған Қоңырбай да қосыла күлдi:
— Кәке, қатырдың.
— Бұларды қой, үйтпесең, түсiнбейдi. Аюға намаз үйреткен таяқ деген. Ұрайын деп
ұрмайсың-ау, күйiп кетесiң ғой. Менiң әкемнiң жұмысын iстеп жатқандай кердендейдi
өздерi. Бәрi қызыл қарын баланың қамы емес пе?
— Оған не сөз бар. Мен де бiраз айттым.
— Е, солай де. — Көптiлеу оған көз қиығын тастады. — Осы сенiң баяғыда
айттырылған жесiрiң қайда, а?
— Оны мен қайдан бiлейiн? — Қоңырбайдың қара бұжыр жүзiне қан тептi.
— Бiлмесең естi, ол мына Байқожада көрiнедi.
— Оны маған неге айтып тұрсың? — дедi Қоңырбай түкке де түсiнбей.
— Сол қалыңдығыңды ана Ерқара тартып әкеткен жоқ па едi? Ендi ол дым да
болмағандай, елге келiп атыр. Ал ана iнiсi, Ержiгiт болса... — Көптiлеу жан-жағына
қарап, анадай жерде отақ отап жатқан Ранайды көрiп, тоқтай қалды. Артынша көзiн
одан тайдырып әкетiп, Қоңырбайдың сұрланып сала берген жүзiне, күйген тарыша
бадырая бастаған бұжырына, дiр-дiр еткен иегiне қарады. Сосын атқан оғының
көздеген жерiне дәл тигенiн аңдап, атына мiнiп жатып, бiлдiрмей күлiмсiреп қойды.
4
Ержiгiттiң атын құлағы шалып қалған Ранай iштей секем алды. Өрекпiген көңiлiн
зорлап басып, дымын сездiрместен алжапқышына жұлған арам шөптi сала бердi. Ол
Ерқара мен Қоңырбайдың арасындағы кикiлжiңге қанық-ты. Өзiн жақында темiр жолға
жұмысқа тұрыпты деп естiген. Мына кiсiлер соны сөз етiп жатқан шығар? Әлде... Оның