Стр. 104 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ойы жамандыққа ауа бердi. Бiр мезгiл осы арада жұмыс iстеп жүрген Ержiгiтке барып
естiгенiн айтпаққа оқталды. Сол екен, лезде қоңырайып мұңайып қалды. Өзiнiң осы
халiн жақсы көретiн жiгiтiне көрсеткiсi келмедi. Оны iздеп барса, қай-қайдағы есiне
түсiп, өзгеше мұның сай-сүйегiн сырқыратып жiберерiн аңғарды. Бұл талайы тастай
өзiне ауыр соғып, онсыз да қам көңiлiн бордай босатып жiбердi. Оның үстiне жан
түкпiрiнде тұмшаланып жатқан әлдеқандай жеккөрiнiш, ыза қызғанышқа ұласып, бас
көтере бастаған. Дәл осы сәтте Ержiгiтпен ұшыраса қалса, ауыр-ауыр сөз айтып, кiнә
тағары айдан анық. Соны ойлағанда, Ранай iркiле бердi. Аздап босады. Ақыры өзек
жарған өкiнiшiн тыйып, iшiнен тынды. Бiр мезгiл қазiргi жағдайын ойлады.
Келiншегiнiң жанын қинаған не нәрсе екенiн бiлсем деген талап Ертiлеуде жоқ. Өзi
дөрекi, доғал.
Кешкісiн күндегi әдетiне басып, мұның үйiне Мақамаш пен Әлібек келдi. Оларды
көрiп, аузы арақтан кеппейтiн, тақымының астындағы бiр бөтелкенiң аузын ашарын
ашқанмен, жападан-жаңғыз отырып, қалай iшудiң ретiн таппай қиналып отырған
Ертiлеу қуанып қалды. Оны Әлібек те байқап, жүзi кiрiп, күлiмдеп қоя бердi. Кеспелтек
денесiн ширақ қозғап, бәтеңкесiн есiк жанына тастай сала, төрге кеп қылжиды. Сосын
әкесiнiң үйiнде жатқандай, шынтағының астына бiр көпшiктi умаждай басып, темекiнi
бұрқыратты. Оған Ертiлеу қосылды. Лезде үй iшi темекi сасып кеттi. Ранайдың оны
ұнатпай, биiк қабағын кiржите түйiп алғанымен, олардың iсi жоқ. Екеуi қауқылдасып
жатыр:
— Ойпырмай, аузыңның салуы бар екен, — дедi Ертiлеу күлiп.
— Менiң бе, сенiң бе? — деп Әлібек Ранай жаққа қадап, өткiр көзiн қысып, оның
құлағына бiрдеме деп сыбырлады.
Сол екен, екеуi мәз бола күлiсiп, бiр-бiрiнiң сандарын шымшыласып қалды. Жерден
жетi қоян тапқандай, бiр-бiрiн түртедi де, қымыз толы сабадай сылқылдай жөнеледi.
Мақамаш та күлдi. Басқаларға қарағанда Ранайдың осы қайнысының жiбi түзулеу;
басы артық сөзi жоқ, тек кейде қызбаланып, түймедейдi түйедей қып, сайрай
жөнелетiнi қызық. Осы жолы да ол аузына арақ тиiсiмен сұңқылдайтын ыңғай
байқатып едi, бiрақ ана екеуi оны тыңдамады. Өздерiнше жырқылдасып жатыр:
— Апырмай, осы қазекеңнiң жүгiрген алмайды, бұйырған алады дегенi рас.
Талайлар әукесiн созғанымен, сен бар ғой, әй, Ертiлеу, саған айтам, иә, сең әлi етегiн
жел ашпаған ақ қанатты перiштедей балдызыңды алып, қатырдың-ау!
Ертiлеу қоразданып қойды:
— Е, менi сен кiм деп жүрсiң?! Мен әлi талай қызық нәсте iстейiм.
— Иә, сен сүйтесiң. Мына жас жеңгемiздi ертең кәртейткесiн... тағы да бiр жас иiс
ап, соғасың-ау!
— Ау, үйтпей, қазақ емеспiз бе?
— Немене, қазақ болған кiсi әйел үстiне әйел ала берсiн деген бе? — дедi оны
Мақамаш жақтырмай.
— Е, алмағанда, бұ қазақ не iстейдi, патша болам дей ме? Кешегi Некәлайдың
заманын да көрдiк қой, патшалық қазақтың маңдайына жазылмаған. Ендi қатын алмай,
не iстеймiз, а? — дедi Ертiлеу қыржиып.
— Басқа шаруа аз ба? Жұмыс...
— Оны таңның атысы, күннiң батысы, iстеп атқан жоқпыз ба? Сонда кiм үшiн
маңдай терiмiздi төгiп жүрмiз?
— Кiм үшiн болсын, халық үшiн де.
— Қарағым, сен ондай әдемi сылдыраған сөзiңдi ана қалаңдағы қуларға айтарсың.
Бұл араның сөзi де, түсiнегi де бөлек. Мен арқа етiм арша, борбай етiм борша боп
жұмыс iстейiм, сонда бұл өмiрден не көрем? Ал қатын алмасам, бала сүймесем, ата
жолын қумасам, менiң сонда кiм болғаным?
— Ата жолын... Өй, бәрекелде, соны қуып, әйел алып...