Стр. 107 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

басына бөтен бiр ой шапты. Жаңа ғана шалабы барда, бөтелке бұған керек едi. Кәзiр
шалабын iшкесiн ол керексiз. Егер мұны да... Ол тiксiнiп қалды. Сонда мұның
бүйткенiне айыпты кiм? Бөтелке ме, өзi ме, өзiн әлгi бөтелке сияқты көрместен түн
жамыла отырып алып қашқан кiсiлер де айыпты ма? Әрине, айыпты. Түптеп келсе,
айыпты сол, сол бiр-ақ кiсi. Ол тағы да бiр қолайсыз шаруа жасауға бел буып
жатқандай. Оның арты қайыр болса жарар едi. Арты демекшi... Ертең өзiн де бiр
қылуасы жақпай қалса, мынау елден шығындырып жiбермесiне кiм кепiл? Ол да
мүмкiн-ау. Сонда басқарма қайнағасының шылауына жармасып, мына ел-жұрттың
көзiнше масқаралама деп жалынып-жалбарына ма? Онысына құлақ аса қойса жақсы,
аспаса, абыройдан жұрдай боп айырылмай ма? Бiрақ үйтетiндей мұның еш күнәсi, еш
жазығы жоқ қой. Жәй, басына бiр ой түскесiн тереңiне көз жүгiртiп жатқаны да. Қалай
десең де, бұл мейiрiмi, шапағаты аз, iшкi қытымыр қыртысы қалың отбасының
босағасынан аттады. Үйтпеске амалы да қалған жоқ. Жеме-жемге келгенде шаршы
топқа бiлек сыбанып түсiп, қайрат қылады деген жiгiттiң сиқы жаңағы. Ұшырасқан
сәтте ойындағы селдей тасыған сөзiн де жөндеп айта алмады. Атын атап, не аяғаны, не
өкiнгенi беймәлiм халде қала бердi. Оның мұнысын қалай деп түсiнуте болады?
Ақылдылық па, әлде... Шынымен осы жiгiтiң тек қана аузын баққан намыссыз
ынжықтың өзi боп шықпасын? Ынжық болмаса, жаңағы жерде кеуiлiндегi дұрыс сөзiн
мұның жанын делбеп, бер жағымен болса да ақтарылып айтпас па едi? Жоқ, ол бiреу
тас төбесiнем ұрғандай сiлейдi де қалды. Сонда бұл не? Әлде көл болмасаң бұл бол
деген кiсiнiң сыңайы ма? Онда Ержiгiттiң бұдан iргесiн аулақ сала бастағаны анық қой.
Ал, көшi-қон кезiнде отауын өзге жайлаудың маңайына тiккiсi келген кiсiге басқа
атырапты көземелдеп, жөн сiлтеген дұрыс бола қояр ма екен? Әрине, дұрыс емес.
Ендеше сенiң одан жөнiң бөлек. Иә, бөлек. Ранай сол арада бiр бөлек кiсiнiң басқан
аяғының дыбысын естiп, бойын тез жинап ала қойды.
5
Ертеңiне Ержiгiт әрi-сәрi болды. Кеше Ранаймен тiлдесе де алмағанына қиналды.
Тым кұрымаса, өзiнiң дау қуып, Жосалыға барғанын айтуы керек едi. Сол үстiне
жыланкөз жiгiт келiп, Ерқараны шақыртып ап, ұзақ сәйлестi. Әбден дегбiрi қашқан бұл
кеңсе маңында әрi-берi сенделiп жүрдi де қойды.
Ерқара көптен кейiн барып шықты. Оның түрi қап-қара боп кеткен екен. Соны көре
сап, Ержiгiт тiксiнiп қап, жөн-жосығын сұрады.
— Жәй. — Ерқара қолын сiлтедi. — Ақмырза көтерiлiсiне қатынастыңдар ма,
көмекке мал бердiңдер ме дейдi. Тағы бiрдеңелердi сұрап, басымды қатырды. — Ерқара
қатар жүрiп келе жатып, бұған көзiн сығырайта қарады. — Бiздiң ол лаңға
араласпағанымызды жұрт бiледi. Сонда бүйдеп жүрген кiм екен, а?
— Оны... қайдам.
— Кiм екенiн iшiм сезедi. Әлде ерулiге қарулы деп... — Ерқара сөзiнiң аяғын жұтып,
қолып сiлтей салды.
Ержiгiт жұмысына кеттi. Бiр апта бойы мектептiң жанынан бiр елi шықпады. Бүгiн
де таң алакеуiмнен тұрып, азанғы салқынмен жұмысты өндiрiп тастамақ болған
Пiрмақанға қолғабыс еттi. Кәукиiп көтерiле бастаған төрт қабырға кiсi бойынан асып
қалған‚ қара шал басына ақ шыт орамалды сәлдеше тартып ап, керпiштердi
жыпылдатып қалап жатыр. Түрi сұп-сұр. Өткенде оны Пұсырман екеуi осы жұмысқа
бас-көз болуға шаққа дегенде көндiрген едi. Әуелгiде қыңыр шал ат-тонын ала қашқан:
— Қой, қарағым, ендi кәртейгенде Қызкүмбездiң керпiшiн қолыма ұстар жайым жоқ.
Менен басқа кiсi құрып қалды ма? Ана, қолының мiсекерi бар Төребайды алыңдар.
— Өй, оны қой, жырқылдап жүргенiнде көз боп қалады.