Стр. 109 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Әй, жезде, естiп тұрсын ба? Мiне, сақалың сапты аяқтай болғанда мола бұзып,
мектеп салып жатсың. Сонда ертең қыл көпiрден қалай өтем дейсiн? О сорлы, ең
болмаса дұрыстап ойнас та жасай алмай қалдың-ау!
Сол арада керпiш қалап жатқан Пiрмақан басын тез көтерiп ап, Төребайдың жүзiне
жалт бұрылды. Сосын бүгiндiкке алғаш рет түрiк ернiн кере езу тартып, Төребайды
бақайдан бiр-ақ қақты:
— Менiң басқаның басыбайлы қатынына барған, бармағаным бiр құдайға ғана аян.
Ал, ана апаңды құдайдың құтты күнi түн баласында ит сiлiкпесiн шығарып жатқаным
рас қой.
— Қап, мына шалды-ай! — Төребай қып-қызыл боп кеттi. Содан қайтып жұмған
аузын ашпады.
Күн екiндiге құлағанда айнала мыс қайнағандай аңылжып кеттi. Ауадан аптап, беттi
шарпиды. Ержiгiт аңқасы кеуiп, қара суды қотарып iше бердi. Ештеңеге ықылассыз.
Әсiресе, өзi иттiң етiнен жек көретiн Пiрмақанмен бiрге жұмыс iстегенiне шекесi
тырысып, қолды бiр сiлтеп үйiне кетiп қалайын дедi де, онысын әбессiнiп өзiн-өзi зорға
дегенде iрiктi. Ортақ жұмыстан өзiм бас боп қашсам, ұят емес пе дедi. Күн өрттей
қызарып, сонау үйреншiктi көкжиегiне құлады. Өрiстен қайтқан мал ауыл үстiн азан-
қазан қып жiбердi. Олар кұрал-саймандарын жинап, үйлерiне тарай бастағанда, Жосалы
жақтан жүк пойызы келдi. Ұзын состав постының жанынан өтiсiмен, екiншi жолға
түсiп ап, екпiнiмен жердегi құм, топырақты суырып, шайқалақтай салдырлап тарта
бердi.
—Шiркiннiң арлауын-ай! — дедi Төребай тамсанып.
— Осыдан түсiп қалар ма едiң?
— Қой, үйтiп мертiгетiн жағдайым жоқ. Баяғыда сен келiстiрiп түсiп едiң ғой, — дей
бердi де, Төребай жалт қарады.
Сол арада стопкран басылып, вагондардың арасы пысылдап, шайқалақтаған
вагондар жүрiсiн бiрте-бiрте баяулата бастады. Буферлар бiр-бiрiне салдырлай
соқтығысты. Ауыр болат дөңгелектер жалқау тартқандай бiрте-бiрте жәйiмен айналып,
iлбiп барып тоқтады.
— Бұ кiм екен, а? — дедi Төребай сасқалақтап.
— Әйтеуiр, бiреу шығар.
— Әлде...— Төребайдың көзi атыздай болды.
Қарамұрт бастаған екi кiсi пойыздан түстi де, бұларға қарамастан, “Бiрлiк”
колхозына қарай жүрiп кеттi. Оны көрген кiсiлер неше түрлi жорамал айтысты:
— Бұл... қай қасқа болды екен?
— Итiм бiлiп пе?
— Кiм де болса, ит жеккенге кететiн болды.
— Қой, бәлесiнен аулақ, кетейiк.
— Аш құлақтан тиыш құлақ жақсы деген...
Жұрт үйдi-үйiне тараса бастады.
Қарамұрттың бұ жүрiсiнен секем алған Ержiгiт үйге келгесiн, көрген-бiлгенiн
Ерқараға айтып едi, онысына ағасы таңғала қоймады. Ол дәнеме де болмағандай, түсiн
берместен, шоң мұрынның астын ала қиялай жайғасқан қою мұртын қолымен сипап
отырып:
— Кеше бiреу Ертiлеудiң қызды зорлап алғанын айтып арыз жазыпты деп едi.
Мүмкiн... сол шығар. Жұрттың бәрiн былжырап жүрген сен дейсiң бе? — дедi.
— Ау, сонда...
Осы кезде iшке Қуаң кеп кiрдi. Оны көре сап, Ержiгiт сөзден тиылып, ағасымен
дауласпады. Iшiнен ағасына қарсы айтар дәлелi көп. Бiрақ оның бәрiн сыртына
шығармай, әлденеге түйлiгiп, көмейiне келген сөздi iркiп қалды.
6