Ранай келiн боп түсiсiмен колхоздың жұмысына араласып кеттi. Отақ отасты, егiн
суарды. Бүгiн де ол ел қатарлы сәрiден тұрып алып, қалың жүгерiлiкке тартты. Қасында
Алмашкүл мен Күлзи. Ол осыдан кашан тас қараңғы болғанша тiзе бүкпейдi. Арам
шөптi құшағы толғанша отайды да, алжапқышына салып, орталық түсқа ырсылдап
тасиды. Ондайда қан-сорпасы шығады. Әсiресе, арам шөптiң ию-қию исi, соның iшiнде
кекiренiң қолғаңды кәбар өткiр ащы иісi көзiнен жас парлатып, қайта-қайта түшкiртiп,
мазаңды қашырады. Соған қарамастан, Ранай еңбек етуге құлықты-ақ. Бүгiн неге екенi
белгiсiз, түнiмен бiреу сүйек-сүйегiн езiп тастағандай, тұла бойы ауыр тартып, бойын
шаққа алды. Басы айналып, бiр түрлi құсқысы келдi. Аздап көзi қарауытқандай болды.
“Бұ не? Шынымен-ақ, шаршап қалғаным ба?” Ранай оған мән бермей, отақ отады. Бiрде
алдындағы бiр топ жантақты қолымен қыса ұстап, қатты жұлқып, жұлып ала
бергенiнде, оң жақ бүйiрi жыбыр ете қалды. Келiншек шошып кеттi. Болымсыз нәрсе
тағы да өз денесiне күн сайын ерекше қуат енiп келе жатқанын танытқандай жыбыр ете
түстi. “Мәссаған! Ал керек болса!? Ол қолын салбырап терген жантақты жерге тастай
сап, отыра кеттi. Ойы сан-саққа жүгiрдi. Осы күнi Ертiлеу ұсталғаннан берi бұл өз
күйiгiне өзi ертенiп, оңашаланып жатып алатынды шығарды. Қанша өзiн-өзi
жұбатқанымен, соңғы кездерi екi көзi төрт боп күтуден қажып жүр. Оның үстiне ел-
жұрттың: “Түспей жатып байын жұтты, қара бақ екен”, — деген алып-қашты сөзi де
жанын жегiдей жеп барады. Кейде күйiп кеткенде басы ауған жаққа қашып кеткiсi
келедi, бiрақ артын ойлап iркiледi. Ел-жұрттың табасына қалармын дейдi. Расында,
қазақ арасында әйелдiң ерден кетуi, ажырасуы деген әлге дейiн болып көрмеген уакиға.
Бұрынғыдан келе жатқан әдет-ғұрып бойынша, келiншек бiр түскен жерiнде мәңгi-бақи
қалады. Күйеуi өлсе, жақын қайнысына тиедi. Оның үстiне қазақ арам өлiп баратса да,
ар санап, әйел қоя бермейдi. Әйелiн менсiнбесе, тоқал алады. Оған да көңiлi толмаса,
қайтадан төсек жаңғыртады. Мiне, осы ресiмнiң әлi мұрты шағылған жоқ. Ранай соны
белшесiнен бiр-ақ басып, өз жөнiмдi табам десе, бүкiл ел бетiне түкiредi ғой, әрi қайтып
келген келiншекке шал-шауғаннан басқалар сөз сала қоймайды. Осыны әрi-берi
ойластырып, iшiнен тынып жүр. Ал Ертiлеу болса... Ол келiп кашан терезенi қағады
деп түн баласында елегiзiп шығады. Ақыры күте-күте шаршады. Кеше қажығаны
соншалық, басы көпшiкке тиiсiмен қатты талып ұйықтап кеткен екен, бiреудiң әйнектi
қаққанынан шошып оянды. Жалма-жан көпшiктен басын көтерiп алып, құлақ салса,
шынында да бiреу терезенi тықылдатып қағып тұр. Қуанғанынан орнынан сүрiне-
қабына тұрған Ранай өкпесi қабынғандай алқына дем алып, терезеге келiп, жапқышты
көтерiп қараса... Әлібек! Қараңғыда дембелше денесi сағым көтергендей зорайып, бiр
түн iшiнде ертектегiдей үсiп кеткен жанша алпамсадай боп көрiнедi. Өзi ыржалақтай
күлiп, қолымен әйнектi ақырын қағып, бiрдеме деп сөйлеп қояды. Не деп жатқаны
түсiнiксiз. Сонда да оның ниетiн аңғарып, Ранай өрекпiген көңiлiн көпке дейiн баса
алмай, терең жардан қарғитын кiсiше сыртқа үрке қарап, жалаң аяқ қалпы бiраз тұрды.
Әлібек айналшық жегендей кетпей қойды. Ақыры келiншек шыдамады:
— Өй, саған не керек?
— Ранай, есiгiңдi аш...
— Неге?
— Өй, өзiң де бiр қызық екенсiң. Сен немене етегiне намаз оқитын ақ қанатты
перiштемiсiң? Әр жағы айтпай-ақ түсiнектi емес пе?
Ранайдың аза бойы қаза болды.
— Соны не бетiңмен айтып тұрсың? Кешегiнiң жан жолдасы емес пе едiң?
— Жан жолдасы?! — Әлібек қарқылдап күлдi. — Ранай, сөздi қой да, есiгiңдi аш.
Жас дәуренiңдi босқа өткiзiп неғыласың? Ол ендi су түбiне кеткен кiсi. Одан ендi саған
қайыр жоқ.
Ранай қорқынышты түс көргендей жапқышты ысыра салды. Қайтып кеп төсегiне
жатты. Содан таң сазарып атқанша шошып ояна бердi. Бiр жағынан әлгi жiгiттiң
келеңсiздiгi жынын келтiрдi. Осы еркекте ант жоқ қой деп ойлады. Өз әйелi