Стр. 112 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жетпейтiндей түн жамылып, басы бос келiншектердiң терезесiн қаққанды серiлiк көре
мен екен? Олардың ақ некелi өз әйелдерi де осы қылуасын алдына келтiрiп, өткен-
кеткен көлденең көк аттының түстенiп өтер зынаханасына айналса, iштерi жақсы көрер
ме екен? Қайдағы. Еркектер ондайда ақ таяғын ала ұмтылады. Өздерiнiң күнәсi, арам
пиғылы естерiне де кiрместен байғұс әйелдi қамшымен жүнше түтiп, тулақша
дырылдатып сүйреп жүрiп ит сiлiкпесiн шығарып, сары қарын тартам дегенше
қартайтып та тастайды. Сонда бетiн әжім айғыздаған әйелiн менсiнбей, жаман
мәстегiне алшасынан қоқып, көршi ауылдарға сәқақтап барып, жас иiс iздей бастайды.
Әйел сорлы ғой ерiнiң iзiн ұмытпайтын. Бұл да кеше өзi иттiң етiнен жек көретiн
Ертiлеудiң соңын күтiп отыр. Әлібек соның жолдасы боп жүрдi-ау! Арам пиғылдың ақ
дастарханына қол созып, дәм татып жүргенiн бұл қалай байқамаған? Ранай тыжырына
қалды. Көзi бақырайып, басына неше түрлi толассыз ой келiп, жөндеп ұйықтай алмады.
Азанда басы мен-зең боп, көзi құм түскендей қызарып, жұмысына жөнелдi. Келе таңғы
салқынмен барын сала қимылдап, бiраз жердiң отағын сұлатып та тастады. Бiрде белiн
жазайын деп, еңсесiн тiктеп, жан-жағына қарап едi, анадай жерде Алмашкүл мен Күлзи
бұқшаңдап жатыр екен. Алмашкүлге қарағанда Күлзидiң жұмыс iстегенi қызық. Қолым
жүрмейдi деп арам шөптi әр жерден бiр жұлады да, атыздың ана басына барғасын берi
қарай салады. Бiр сағатта алжапқышын шаққа дегенде толтырып, шетке шыға бередi.
Сол кеткеннен ол мол кетедi. Басқа жақтағы әйелдерге әңгiменi гөйiтiп, түске таман
бiр-ақ оралады. Келе Алмашкүлдiң миын қатырады. Кейде оған кеулi толмаса, iшi
толып бара жатқандай, мұның жанына кеп, қайдағы-жайдағыны көңiрсiтiп кетедi. Сол
есiне түскенде, Ранай күлiп жiбердi. Қайтадан езу тарта бергенiнде бойына бiткен
құрсақ өскел нәрсенi сезе қалғандай, қол-аяғы бiр уыс боп жиырылып, түйiле қалды да,
iзiнше тыныш отыр дегендей жыбыр ете түстi. Өз тәнiнен бимәлiм тiршiлiк күн санап
қуат алып, үсiп-жетiлiп келе жатқанын ойлап, Ранай шошынып, көзi бақырайып, бiр сәт
қатты да қалды. Қолымен көйлегiн сыртынан басып қарап едi, болымсыз нәрсе бұл
жолы анығырақ қыбырлады. Құдды алақанын бақайымен қыдықтағандай. Ранай одан
қанша қорықса да, қанша өрiксе де, қанша iшiнен жек көрсе де, кенет аналық мейірiм өз
бойына бiртiндеп құйылып келе жатқанын аңдап, әлi мына жарық дүниеге шықпаған
болымсыз тiршiлiкке ет-бауыры елжiреп сала бердi. Сүйтiп тұрғанында оның қасына
Алмашкүл келдi. Алжапқышын иығына аса салыпты. Ақсары жүзiнде шұбырып аққан
тердiң iзi айғызданып төр.
— Құрғырдың күнi жанып кеттi ғой.
— Айтпа.
— Сен немене... — Алмашкүл оған мән-жайды түсiнгендей, күле қарады. — Тұмса
келiншек деген сондай болады.
Ранай осы келіншектiң алдында әлденеге кінәлiдей өзінің қымсынып қызарып бара
жатқанын байқады. Көнiлi ұйтқып барып басылды. Мұным не деп ойлап, басын ала
қашқан абыржы сезiмдi тiзгiнiнен тартып, Алмашкүлдiн күн санап ажары айқындалып,
бар мүсінi балғын тартқаны байқалатын әдемi жүзіне көзiн тастады. Келiншектiң ылғи
жылқы майын жаққандай жылтырап тұратын екi бетiне қарады. Мөлдiреген көзiнiң
аласы мол тереңiне назарын бiр сүңгiтiп өттi. Әлi әжiм майда торын салып үлгермеген
жазықтау маңдайына сүйсiндi. Бiр сәтте әлдеқандай өмiр шаттығы келiншектiң
кеудесiнен шiрей тасып, қаймыжықтай ерiндерiн кере түсiп, кiршiксiз, әсем қалыппен
қаланған маржан тiстерінiң арасынан мына ауаға бостандық алып лек-легiмен жамырай
шыққанда, толық қып-қызыл екi бетi жайыла түсiп, екі көзi жасаурай күлімсiреп, жұқа
қабағы соларға қосылардай боп әнтек төмен қарай ұмсынып барады да, көлденең көк
атты бір көргеннен қызығатын тосын бір әлемдi жасайды. Оның үстiне Алмашкүлдiң
ашықтығы қандай жiгiттi де шуда жiппен шырмап тастайды. Бiр тiлдескен пенде
жанынан шықпайды. Сұлу келiншектiң оң қабағынан дәметкендер, шамасы, бұл не
iстесе де соны ойланбай iстей салатын болар. Әйтеуiр, Ранайға солай көрiнедi. Тек
өткенде мына әппақ әйелдiң басқарма қайнағасымен көл астына жасырған қоламтадай