Стр. 114 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

әкесiне ас бере ме екен? Сонда бiзге тиiп жатқан пайдасы, қане, а? Ана Қашақбайдан
озам деп бөксемiздi қоныс таптырмайтын болды ғой. Түбі, бiр күнi арбаға жегiлген
аттай зорығып өлетін шығармыз, — деп демiн бiр-ақ алды. — Сайқалдар-ау, осы
сендердiң есiткен сұмдықтарың бар ма?
— О не?
— Жәйша ма?
— Жәй дейтiндей iждемесi жоқ. Кәзіргi еркектердi қой, шеттерiнен пиғылы бұзылып
болған. Бет-аузы жылтыраған қатын көрсе, көкесiн салып жiберiп, iзiнен қалмайды.
Сондағы ойы белгiлi. Кеше шеңгел шауып әкеле қояйын деп кетпенiмдi ала салып, ана
топ шеңгелге барайын. Барысымен әй-жәйға қарайтын мен бе, бiраз шеңгелдi қопарып
тастадым. Сосын бәрiн буып, тоғанақтап арқалайын десем, әлiм келмейдi. Көктiгiлгiр,
зiл қара тас екен, оны көтерiп кететiндей менiң қай бiр жұрттың қатынындай асып-
тасып баратқан күшiм бар? Сосын амалсыздан анадай жерде шеңгел шауып жүрген
Әлібекке барып, отынымды арқалатып жiбер дедiм. Сол екен, әлгі қумесердiң қызыл
көрген касқырша бас салғаны. “Қоя бер, соңыра ағаңа айтам”, — десем, ит неме қарулы
екен, тырп еткiзер емес. Сосын бақырайын келiп. Әбiрей болғанда жақын жерден
Дәуiттiң дауысы естiлдi. Сол екен әлгі имансыз менi қоя бердi де, дым көрмеген кiсiдей
темекi шеге қалды. Көрдiң бе өзін? Қой, қой оларды. Бұл еркек деген итте ант жоқ, қой,
— деп Күлзи түңiле қолын сермедi.
Алмашкүл күлдi.
— Өзіңнiң әбден еркекке кеуiлiң қалып болыпты қой.
— Ойбай-ау, үйтпей қайтейiн. Дәл кеше ғана ана өреше тоқитын ши табылар ма деп
ана шидiң iшiне барсам... — Ол көзi атыздай боп тоқтады.
— Иә, не көрдiң?
— Сосын?
— Құрсын, құрсын, бiр екеу... Ой, масқара-ай! Сосын сасқанымнан үйге қарай тұра
кеп қашайын. Екi өкпемдi қолыма алып жетсем, бiздiкi: “Шиге барып не iстеп қайттың?
Кәне, жаныңның барында шыныңды айт" деп дікiлдеп, көк ала торғайдай қып сабап
тастады.
Ранай мен Алмашкүл iшек-сiлесi қата күлдi.
— Өзіңе со керек!
—Шиге барып нең бар?
— Иә, олар кiм екен?
— Кiмi нес! Сығалап кеп қарасам, басқарма қайнаға мен, бетпақ-ау, сен екенсiң ғой,
— деп Күлзи Алмашкүлдiң санынан шымшыды.
Дем арасында Алмашкүлдiң жүзі қан қызылға боянды. Не күлерiн‚ не ашуланарын
бiлмей, күлкі мен ашу iзi ию-қию араласып сыртына тепкен бойы келiншектiң бетi
лезде күреңдене түстi. Ұят, ыза алма-кезек жеңiп, көбiне итжығыс түсе берiп,
келiншектiң басын қорғасын құйып тастағандай болып ерiксiз жерге қарай ие бастады.
Ранай Алмашкүлдi аяп кеттi. Бағанадан берi әдемi келiншектiң қия тартып, өз кеуiлi
түкпiрiнде жасырынған сырдың ұштығын шығарғысы кеп, сөз қашыртып отырғанын
аңдаған болатын. Ендi сол кәуесетті Күлзидiң таратпай, өрт шығармай тынбасына анық
сендi. Мұны Пұсырман бiлсе, қып-қызыл шатақ басталды дей бер. Сонда Алмашкүл
қайтпек? Күйеуiнен ажыраса ма? Қайткенде жағдай не болады? Оны Көптiлеу
босағасынан кiргiзер деймiсiң? Олай ететiндей ол... Апырмай, кiсi кiсiнiң ой-түсiнiгi
бiр-бiрiмен сәйкес келе бермейдi деген ып-рас. Болмаса бұл өзі ұнатпайтын
басқармамен мына сылқым келiншек жасырын кеуiл қоспас бұрын түбi әшкересi шыға
қалғанда азабы мен мазағына көнем, көтерем деп ойлады ғой. Бiрақ оныңды қадiрлей
бiлер Көптiлеу табылса... Үйтпеген жағдайда Алмашкүл неғылар екен? Не етпекшi
демекшi, өзің де әрi-сәрi халде жүр емессiң бе? Жә, оны қойшы... Онан да мына
пақырды айт. Ранай Алмашкүлге мүсіркей қарады. Күлзи сампылдап отыр.