— Ойбай, iшегiм!
— Өй, саркөсiк, радиең құтты болсын!
— Айтсын! — дедi Мұздақбай ыржиып.
— Ал ендi мұны жу, — дедi Төребай.
— Ойбай, жуам. Құдыққа салып тұрып жуам.
Мұздақбай сөзiн аяқтай алмады. Тосын шыққан ересен дыбысқа жұрттың бәрi жалт-
жалт қарасты. Батыс жақтағы иiнде баяғы ескi әуенiне басып, сары даланы дабысымен
оятып жолаушылар пойызы келе жатқан едi. Жасыл паровоздың будақтаған түтiнi
арлаған екпiнге шыдамай, ауаға жайыла тартып барады. Ол тұс — темiр жолдың
астына тас аралас топырақ теселiп, биiктете салынған жерi. Бiр қырынан қарағанда,
жердегi кiсiге состав қатты екпiнiмен осы арағқа келгенде қанат бiткендей көтерiлiп,
аспандап ұшып бара жатқан сияктанады. Төмен тұрып, тас төбеңнен салдырлаған
вагондарды ендi-ендi құлайды-ау деп ойлайсың. Бiрақ ұзын состав иретiлген қалпымен
салдырлап өте шығады. Сол төңiректе тастай жерге тамырын қиялай салып, ащылығы
мол сорақ, жантақ өседi. Шiлденiң ыстығыпа пiсе бастағанда соны жеуге iрi қара өш.
Әсiресе, түйенiң ащы сораңға аузы бiр тисе болды, өмiрi кетпейдi. Пiрмақанның
бозiнгенi де осы манайға үйренiп алған-ды. Оны күнде Балмақанның қайырып әкеп
жүретiнiн жұрт бес саусағындай жақсы бiлетiн. Ел ендi жағаларын ұстап, шошына
қарап тұр. Кенет алға бел жасыл паровоз аяғына жем түскендей кiлт тоқтады. Соны
күткендей, буферлер сатырлап, арт жағынан бiр-бiрiн итермелеген жасыл вагондар зор
ентiгiн баса алмай, алдыңғыларының иықтарына асылғандай мiнгесе бастады. Құдды
күдiрейiп шығып кеткен алып омыртқадай. Вагондар үстi-үстiне сатырлап, сонау биiкке
ұша жөнелуге талап қылғандай аспандап көтерiлiп-көтерiлiп барды да, бiр сәтке тоқтай
қалды. Ең жоғарыдағы вагон ине ұшында отырғандай теңселiп тұр. Сәт сайын қай
жағына ауып түсерi белгiсiз, дiр-дiр етедi. Ақыры зор салмаққа шыдамаған төмендегi
вагондардың қабырғалары сатырлай сынып, көре көзге состав бiр жамбасына қарай
кисайып бара жатты. Әсiресе, еңкейген сайын вагондар жылдам қозғала түстi. Олар
жұбын жазбастан барып, барып ойпаңға сатырлай құлады. Сынған ағаш, бiр-бiрiне
соқтығысқан темiрлердiң дыбысы шықты. Лезде жалынның сарғыш тiлi жалақ ете
қалды. Ел шошып кеттi.
— Ойбай, пойыз құлады!
— Құдай-ай, өзiң сақтай гөр!
Жұрт тұра-тұра жүгiрдi. Кәрi-жасы етектерi далақтап жеткенде, жан шошырлық
ойранға тап болды. Қираған вагондардың арасынан мылжаланған кiсi делелерi, көлше
аққан қан көрiнедi. Анадай жерде бiр вагон шалқасынан жатыр. Ұзын бел жасыл
паровоздың быт-шыты шыққан. Оның астында Пiрмақанның бозінгенiнiң мылжаланған
денесi көзге шалынады. Жұрт жағдайды сонда ғана түсiне қойды. Темiр жолға
жантақты қуалай оттап жайылған боз iнгендi басып, паровоздың дөңгелегi рельстен
тайып кеткен. Қалған жағы белгiлi.
Төңiрек қып-қызыл. Оған өрт алауы қосылып, дала түгел жанып жатқандай сезiледi.
Ержiгiт, Төребай, Ерқара және де басқа кiсiлер вагондарды жүгiре аралап жүрiп, аздап
жарақаттанған бiр кiсiнi көрдi. Ауыр темiр сол аяғын баса түсiптi. Бұлар үшеулеп жүрiп
темiрдi көтерiп тастады да, ер кiсiнi орнынан тұрғызды. Сынған аяғы болмаса, басқа
жерi сау. Оны бiр жiгiт көтерiп әкеткесiн, ауыл адамдары тағы бiр арадан аулаққа ұшып
кетiп, есiнен танып қалған‚ кеудесiнде жаны бар орыс әйелдi кездестiрдi. Оны кейiн
қарай жөнелтiсiмен, кенет жылаған баланың даусын естiп, кiлт тоқтай қалды.
Шынында да бiр бала шыр-шыр етiп жылап жатыр. Олар дауыс шыққан жаққа құлақ
түре жүрiп отырып, бiр жанып жатқан вагонга тiрелдi. Бала даусы соның iшiнен
шығады.
Ержiгiт шыдамады, есiктi аша сала ішке қойып кеттi. Әуелгiде көк түтiннен дым
көрмедi. Тынысы тарылып, көзi удай ашыды. Бiр жағынан сытырлай жанған от та
шыдатпай барады. Ол көзiн қолымен көлегейлеп iлгерi жүрдi. Тездетiп вагонның арғы