Стр. 119 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

шетiне шықты. Жоқ! Қайтып келсе, кенет дауыс проводниктiң қасындағы бөлмеден
естiлдi. Тұтқадан ұстап тартса, есiк жабық. Ержiгiт керi шегiне бере есiктi аяғымен бiр
тептi. Есiк опырыла құлап түстi. Жалма-жан кiрiп барса, бiр орыс әйелi етпетiнен
қимылсыз жатыр. Құндақтаулы сәби шыр-шыр етедi. Ол әйелдi иығынан жұлқып көрiп
едi, денесi былқ-сылқ. Бейне төбеленген ет ұстап тұрғандай жансыз. Ержiгiттiң зәресi
ұшып кеттi. Тынысын тарылтып, көзiн удай ашытып бара жатқан қою түтiндi шашала
жұтып, сыртқа қарай ата жөнелдi. Үстi-басы бiреу шоқ басқандай ып-ыстық. Жалаңаш
етiне тиген жалын аяусыз қарып, дызылдата күйдiрiп барады. Ол алас-қапаста осы күл-
талқаны шыққан вагон iшiне неге кiргенiн де ұмытып кеттi, бетi түнере қарауытып,
көзiн қолымен қалқалап, мына от тiлi жалаңдал лапылдап жатқан ортадан сытылып
шығар саңылау iздедi. Дәл есiкке жақындай бергенiнде, жылан шаққандай шар-шар
еткен нәресте даусы басқа ұрғандай, ерiксiз кiлт тоқтатты. Ержiгiттiң өзi қашып
құтылуға зар болған алапат iшiнде жаңғыз қалғанына назаланғандай құлақ қырнар ащы
дауыс кiсiнiң төбе құйқасын шымырлатып, әлдекiмнен мейiрiм, аяныш тiлегендей,
қамқор көмек сұрағандай ышқына шығады. Өзiнiң табан астында осалдық танытып
алғанына Ержiгiт сонда ұялды. Бөгде көз көрiп қалмады ма екен деп, жан-жағына
жалтақтай қарап алды да, өрекпiген көңiлiнiң тiзгiнiн жинап, қайтадан iшке қойып
кеттi. Сытырлап жанған ағаштардың арасымен жүрiп отырып, купеге тездеп жеттi.
Есiкке қолын соза бере тағы да батпай, сәл iркiлiп қалды. Артынша өзiн-өзi зорлап
басып, қупенiң төр жағына көзiн салмастан нәрестенi қос қолымен көтерiп ап, сыртқа
қарай ата жөнелдi. Ол сәбидi оттан қолымен қорғаштап, қайта-қайта тығыла берген
түтiннен көзiн аша алмай қаймалап жүрiп, әзер дегенде есiктен шықты. Анталаған жұрт
тап бердi.
— Тiрi ме?
— Тiрі, тiрi.
— Өй, өзiң жанып баратсың ғой, — деп Төребай мұны жерге атып ұрып, құмға әрi-
берi ауната бастады. Бықси жанған көйлек денесiн күйдiрiп, әр жерiн күлдiрете
қызартып тастады. Қасы, кiрпiгi үйiтiлiп қалған.
— Қасқа-ай, өлдiң ғой, — деп қайдан жеткенi белгiсiз Қыжым екi шелек су әкеп
мұның үстiңе ақтара-ақтара салды.
Жұрт көпке дейiн тарқамады, әркiм әр түрлi жорамал айтады:
— Мына релiсi түскiр жiңiшке, мұз қатса да, дөңгелек тайып кетедi.
— Кеңеюi де оп-оңай.
— Осы Пiрмақан да оңбайды. Iнгенiн қырға қарай айдамады ма екен?
— Қой, ол шалды! Ақыр ол бiрдемеге ұшырайды, пиғылы жаман.
— Иә, сүйтпей тынбас.
Көп кiдiрмей Жосалыдан қомиссия келiп қалды. Милиционерлер ешкiмдi сол
маңайға жолатпады. Жұрт ауылға қайтты. Бұл кезде ымырт үйiрiлiп, қас қарая бастаған
едi. Апат болған жерден лапылдаған алаудың қызғылт сәулесi тапал тамдардың
қабырғаларына дiрiлдей түсiп тұр. Кiсiлер ауылға кiре бергенде тiксiнiп қалды.
Жидебай бастаған бiр топ бала ақ, қызыл боп, “соғысып” жатыр. Соны көрiп жаны
күйген Қыжым:
— Өй, ойындарың осылғырлар! Басқа ойын кұрып қалды ма? Соғыс болса,
жетiсерсiңдер. Кәне, қашыңдар! Жеткенiмдi дамбалыма салып ала қояйын! — деп
балаларды қуа жөнелдi. Зәресi үшқан қара сирақтар тым-тырақай бет-бетiне безiп бердi.
Ержiгiт үйiне беттедi. Пiрмақанның тамының жанынан өтiп бара жатып, қара
шалдың: “Кұласа кәйтейiн?! Ойбай-ау, малымды айтсайшы!” — дегенiн естiп, аза бойы
қаза болды. Сол тұстан тезiрек өтiп кеттi. Үйге келiп, киiмiн ауыстырып киіп, жақсылап
жуынды да, күйген жерлерге удай ашытып тұз септi. Тамақ iшiп болғасын сәкiге төсек
салдырып, жатып қалды. Көпке дейiн ұйқысы қашып, әрi-берi аунақшыды. Көз
алдынан әлгi өлген әйел кетпей қойды. Каншама ұмытайын десе де оның бейнесi
көлбеңдей бередi. Сол сәт бiр ит iшiн тарта ұза-а-қ ұлыды.