— Кет әрi! — дедi Қуаң жекiрiп.— Жамандық шақырғаны несi мынаның?!
— Биыл осы иттер көп ұлитын боп кеттi. Ақырын қайдам, — дедi Ерқара.
— Кәйтемiз, басқа түскендi көремiз де.
— Қатындар да кiлең ұл тауып жатыр. Соғыс болмаса кәйтсiн?
Ержiгiт берi аударылып, шалқасынан жатты. Аспанға бей-жай қарады. Әне, анау
Жетi қарақшы. Оның бер жағында жетi қат көктiң шәлi орамалы тәрiздi созылған Құс
жолы. Жан-жағы жыпырлаған жұлдыз. Кәзiр бұл көрген осы әлемдi басқа елдер де
көрiп тұр-ау! Ал анау аспан, Ай, Күн, жұлдыз жер бетiндегi барлық уақиғаны
алақанындағыша бiледi-ау! Қызық! Ол сүйдегенше болмады, Темiрқазықтың жанында
жылтыраған бiр жұддыз кенет орнынан тайып кеткендей артына жарқыраған ақшыл
нұрлы сызық қалдыра зымырап аға жөнелдi де, тылсым қара көк кеңiстiкке барып
сүңгiп жоқ болды.
— Бiссiмiллә! — Сәуинәнiң даусы.
Ержiгiт адамдардың жоқтан өзгенi ырым етіп, қай-қайдағы аңызға өмiрдiң тап өзiнде
болғандай сенетiнiне таң қалды. Осы сенiм санасына берiк ұялаған кiсi басқа адамдар
пәруайына ештеңе енбестен жасай салар қиянатқа өлiп бара жатса да ат iзiн салмайды.
Қайта оны есiне алса, қараптан-қарап иманы қара таяқтай боп, өз ойынан өзi шошып,
ат-тонын ала қашады. Сонда бұл не? Адам рухының мәңгi-бақи өшпей, мына жұмыр
жердiң бетiне лек-легiмен келiп-кетiп отыратын бүкiл адамзат баласының iс-әрекетiн
қадағалап, жөн-жоба сiлтегенi ме? Әлде екi аяқты пенде кеудесiн кемiрген ессiз
өшпендiлiктiң уысында құл болып, көре көзге жат бiреуге қиянат жасайын дегенде қос
қолына жармасар әлуетті күш пе? Ол өз алдына. Осы кiсiнi көзсiз батылдыққа
итермелейтiн не? Ол қандай сезiм! Бағана мұны лапылдаған жалын iшiне оң-терiсiн
сарапқа салдырмастан қойдырып жiберген қай құдiрет? Батылдық па, махаббат па, әлде
аяныш па? Қайсысы? Әлде үшеуi де ме? Қай-қайсысы болса да, әйтеуiр, мұны тосын
қимылға жiгерiн жанып-жанып жiберiп итермелеп салды. Әшейiндегi именшектiгiн
ұмытып, бұл тiптен әлемет қырғыннан да қорықпады. Қайта адам өмiрiнде болатын
заңды iстiң бiрiндей көрдi. Осы батылдық, осы жiгерлiлiк баяғыда уысына түскенде
Ранайдан айрылып қалар ма едi, қалмас па еді? Апырмай, ә! Ержiгiт күрсiнiп қойды,
қайтадан жұлдыздар жымыңдаған алқара көк аспанға қарады. Ештеңе ойлағысы келмей
бей-жай жатты. Тұла бойы жайылып, маужырай бастады. Оң миығына iлiккен
болмашы күлкi көпке дейiн жоғалмай тұрып алды. Сәлден соң қалқып кеттi. Мүше-
мүшесi босап, зор iске дайындалғандай сiлесi қата ұйықтап жатып, сол түнi бүкiл
әлемнiң төбесiнен үй көтергендей боп төнiп тұрған алқара көк аспанның көз жасынша
бетiн айғыздап, ертеңгі алапаттың алау өртiн ишара еткендей жанған жұлдыздардың
әдеттегiден өте жиi-жиi аққанын бiлген жоқ.
9
Мұздақбай радиосын бiр тептi:
— Өй, iшiңдi... сатып алмай жатып, жамандық хабарды қақсағаны несi!
Соғыстың басталғаны жайлы суық хабар Сыр өлкесiне тез тарады. Әр үйде сол
туралы әңгiме гүр-гүр. Ересек кiсiлер совет әскерлерi немiстердi өз жерiнде талқан
қылады десе, кейбiреулерi оған күмән келтiрдi. Әсiресе, жастар жағы жуық арада
фашистердiң ордасының талқан болатынын айтып, түн баласында көз шырымын
алмады. Бiрақ совет әскерлерi шегiніп келе жатты. Сол арада ауыл жастарына әскери
қомиссариаттан шақыру қағазы да жеттi. Ержiгiт бiр топ жiгiтпен Жосалыға барып
қайтты. Неге екенi белгiсiз, бұл майданға әзiрше алынбайтын болды. Мақамаш шақыру
қағазын қолына ұстап тұрып, Ержiгiтке: