Стр. 121 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Мен сонда неге соғысуға тиiспiн? Ағам анау, жазықсыз iстi боп кеттi, — дедi. Ол
соңғы кездерi көрер көзге бұрынғы албырттығынан айрылып, жан-жағына күмәндана
қарайтын боп бара жатқан едi.
— Халық басына ауыр iс түскенде бас баққан дұрыс па? — дедi Ержiгiт оған
таңырқай қарап.
— Ол дұрыс қой. — Мақамаш iркiлдi. — Кеше мен жауды өз жерiнде талқандаймыз
дегенге құдайдай сенушi ем. Бiзге кiм батып тиiсе қоюшы едi деп ойлайтынмын. Ендi,
мiне, соғыс басталғалы бiраз күн болды, әлi шегiнiп келемiз. Сонда бұл қалай, а?
— Бұйқыт соққасын киын ғой.
— Сонда да... Әлде бiздiң...
Ержiгiт үндемедi.
Бiр апта өткесiн ол Ерқараны майданға шығарып салды. Ер-азаматтарымен
қоштасып қалуға жиналған халық Қазалының алақандай перронында күж-күж етедi.
Әсiресе, колхоз жастарын шығарып салуға келген кiсiлерден жер қайысады.
Шеттерiнен әуе айналып жерге түскендей ыссыға қарамастан, қазақы бөрiк, саптама
етiк киген. Әйелдер де қора-қора. Олардың жаулықтары әр жерден бейне алаңға ақ
кептер қонғандай ағараңдайды. Балалар да жетерлiк. У-шу. Айнала мың-сан радионы
қатар қойып сөйлеткендей ештеменi ажыратып болғысыз. Ара-тұра жылаған дауыс та
шығып қалады. Ондайда әлдекiмнiң жекiргенi, басу айтып қаттырақ сөйлегенi естiледi.
Байқожаның жiгiттерi оқшау тұр. Ерқара үнсiз. Сәдiрмақанның ұнжырғасы түсiп
кеткен. Қасында ботадай боздап жүрген Үрзияға назар да аудармайды. Ағасының
көңiлiн делбеп бiрдеме айтайып десе, Ержiгiттiң аузына сөз түспейдi. Қанша ағасын
қимаса да, iштей қатты бiр байламға бекiнген. Майданға бара жатқан жанды
жабырқатпай көңiлдендiрiп шығарып салуға бел буған.
Жеңгесi де iштей ширығып, қатты бекiнiп алған түр көрсетедi. Күйеуiнiң үстiне әлi
бастығып қона қоймаған әскери киiмiне елжiрей көз тастайды. Талайдан жаны, тәнi
бiрiгiп кеткен ерiн аумалы-төкпелi алмағайыбы көп майданга жөнелтуге кимай, одан
алып қалудың және есебiн таппай, ақ тiлекке кеуiлiн ұйытып тұрғаны анық сезiлдi.
Ара-арасында елдiң көзiн ала берiп, Ерқараның күн қаққан жүзiне ұзағырақ тесiлiп
қарап қояды. Артынша онысын әбессiнiп, қара торы жүзi күреңiтiп кетедi. Бiр сәт
бетiнен қаны қашып, жылтыраған жанарында үрей оты мен үмiт сәулесi араласып,
итжығыс түсе берген екiұдай кереғар сезiм шайқасы лып-лып етiп өте шығады. Iзiнше
қос үрей арпалыс қайта басталады.
Жұрт ың-жың. Елдiң қабағы түсiп кеткен. Соғыс шарпуы майданға бара жатқан елi
он екiде бiр гүлi ашылмаған бозбалаларды демде есейтiп сала бергендей. Балғын
күндердің жас шамасына онша қона бермес кекселiк, ересек тартқандық байқалады.
Бұларды кеше ғана ауыл-үйдiң арасын торып, қыз-келiншектi аңдып, жiгiттiк кұрып
жүрген жас деп айту киын. Ел басына төнген апат бәрiн жастық қызығынан бiр күн
iшiнде айырып, ерте ес ендiрiп, кекселiк өмiрдiң салқын қойнауына тез кiргiзiп
жiберген. Ертең барлығының төрт көзi түгел боп қайтып келмейтiнi әмбеге аян. Оны
өздерi де сезедi. Тек онсыз да бор боп езiлген шешелерiн қамықтыра бермейiн деп,
әскери киiмi қолп-қолп еткен өрiмдей бозбалалар зорлана езу тартып күлген болады.
Кенет перрондағы қалың жұрт жерден жiк шыққандай қақ жарыла бердi. Ержiгiт
жалт қараса, вокзалдың сүйегi ауыр емен есiгiн айқара ашып, әскери киiнген еңгезердей
бiр кiсi эшелонға қарай келе жатыр. Өзiнде үн жоқ. Қара мұртының шалғысы оқ тиген
құстың қанатынша төмен салбырап кеткен. Аяғын басқан сайын буыны кiлт-кiлт етедi.
Ерқара берi бұрылды.
— Ана Iзеттi қашып кеткен дей ме?
— Қойшы?!
— Рас, рас. Соғысқа бармаймын дептi.
— Бекер еткен екен, — дедi Ержiгiт.