Стр. 124 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Кiсi-қара көрiнбегесiн барып iшке кiрдi. Iзет тамақты аузын толтыра асап жатып,
кешегi жағдайды айтты. Күлдiр қорқып кеттi:
— Еш жерiңе зақым келген жоқ па?
— Жоқ.
— Кеше олар ана Көптiлеудiң кеңсесiне кiрiп жүрген едi.
— Е, неғып? — Iзеттiң көзi шақырайып сала бердi.
— Неғылсың, сен тығылатын тұсты сiлте дейтiн шығар.
— Ә, солай ма? Онда көрiп алдым сен басқарманы, — Iзет ызаланып, сұп-сұр қалпы
түйiлiп ұзақ отырып қалды. Күлдiр күйеуiне батпай, ақырын тiл қатты:
— Қанатжанның әкесi-ау, кеше Пұсырман үйге келдi. Сен жайлы бiраз сөз айтты.
Өзi заң орнына берiлсе, жеңiлдiк болады дейдi.
— Ол ақылын басына майлап жақсын.
— Қайдам, — деп Күлдiр күрсiндi де қойды.
Iзет кетерiнде әйелiне мойнын бұрып:
— Әзiрге осы жақта болатын шығармын. Үйге сұрап келсе, бiлмеймiн де. Iздеушiлер
кеткесiн‚ күздiң қара нөсерi басталмай тұрып, шамасы, ішкі жаққа қарай таярмын, —
дедi де, сыртқа шықты.
Iзет қалың шидiн арасымен жүрiп отырып, ауылдан ұзап шыққасын, қалған жолға
қам жемедi. Өзiн тiрi пенденiң көрмегенi анық. Ол тағы да Сәдiрмақанды есiне алды.
Қасқа, әке сөзiнен шыға алмайтын сорлы едi, ақыры сүйегi жат жерде қалған екен.
Үйткенше осы өзiм туып өскен топырақты жастанғаным жақсы емес пе, деп бiр ой
түйдi. Ол шаң шалған шеге топырақты қышырлатып басып келе жатып, күндердiң
күнiнде осы өлкеден тыныштық таппайтын болса, iшкi жаққа ауғаннан дұрысы жоқ-ау
деген шешiмге келдi. Сол ниетiне мықтап бекiнген кесек жан кенет нар тұлғасы
кiшiрейiп, қорымның iшiне кiре бердi.
11
Күз болысымен Көптiлеу мұрнынан шаншылып жүр. Майданға астық керек, киiм
керек. Бәрiн ел арасынан жинап бiр әуре. Оның үстiне бiтiк шыққан егiндi орып алуға
кiсi қолы жетпей жатыр. Ол бүгiн кешке жақын атқа қонды да, Майлыбасқа тартты,
Тышқанбаевпен ақылдасып, ораққа көмек беретiн әйелдердiң басын қосып, ұзақ сөз
сөйледi. Қазiр майдан жағдайының қиындығын, осы кезде астыққа бүкiл Совет
өкiметiнiң аса зәру боп отырғанып айтып өттi. Егер кәзiр бидайды тездетiп орып
алмаса, ертең қара нөсер жауғасын, қар астында қалып қоятынын ұзақ түсiндiрдi.
Әйелдер балық үлестiрiп жатқандай у-шу:
— Соншама көп егiп, әкеңнiң ақысы бар ма?
— Ойбай-ау, жоспар ғой!
— Жоспар болса, орында!
— Көрпеңе қарап аяғыңды көсiл деген.
— Жолдастар, тиышталыңдар, — дедi Елеусiн айқайлап. — Сендер немене
үйлерiңде отырғандай улап-шулап? Майдан жайы кәзiр қиын. Соғыс салмағы бүкiл
елге түсiп тұр. Осы кезде жұмыс iстеп жатқан жаңғыз сендер емес, бүкiл халық еңбек
етiп жатыр. Кәне, баласы жоқ қолы бостарың, тiзiмге жазылыңдар. Бригадир өзiм
болам.
Сол екен, бағанадан берi келiмге келмей, басын ала қашқан аттай әр жаққа тартып,
берекенi қашырып отырған әйелдер бiртiндеп тiзiмге жазыла бастады. Бiрiншi боп
кезек Қыжымға келдi.
— Кәне, пәмилеңдi айт, — дедi Көптiлеу.
— Ендi...
— Бол, атаңның атын айт.