Стр. 126 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жақсылыққа жорыды. Алмағайып сәтте сөзге iлiгем бе деп жүргенiнде Пiрмақанның
шайтан түртiп, осы сөздi өзi бастағанына ырза болды. Iздегенге сұраған көп, несiн
айтасың!
Көптiлеу сұп-сұр қалпын бұзбады. Әңгiмелерi де жараспай қойды. Iшiне ел
қондырып алғасын тыпыршып, жер тарпып тұрған атына мiнiп, ауыл қайдасың деп
тартып бердi. Соңғы кездерi өлшеммен от жеп, су iшiп мейiздей жараған жануар аяғын
қунақ алып келедi. Анда-санда iңiр қараңғылығында сұстана қарауытқан әлдеқандай
бұталарға үрке елегзи қарап қойып, аршындап жорта жөнеледi. Мүлдем қамшы
салдырар емес. Қос танауы пырылдап, бiр сарынмен ағыза тартты да отырды. Сәлден
кейiн мойны бусанып, тұла бойы тершiп, етi қыза бастады. Ендi ат басын ара-арасында
шұлғып қойып, сыдыртып кеттi. Ол Бұзаутамнан асып түсiп, алдындағы қоңыр
бұйратқа екпiндеп шыға берген кезiнде сол жағынан қараңдаган бiрдеңенi көрiп, өне
бойы дiр-дiр етiп, егесiн әлдеқандай қауiптен сақтандырғандай кiсiнеп жiбердi. Алдан
екi шоқ жылт еттi. “Қамамаса жарар едi?” — дедi де, Көптiлеу оқтаулы қосауызын оң
қолына оңтайлай ұстап, арлап тарта бердi. Қасқырлар көпке дейiн бiрден тиiсуге
батпай, қапталдасып ерiп жүрдi. Бiресе оң жағына, бiресе сол жағына шығып,
тiмiскiлене жақындамақ ыңғай танытты. Тiпте болмағасын бiр қасқыр қарсы алдына
шығып алып, қос аяғымен боратып құм шаша бастады. Ат селк етiп тұра қалды.
Көптiлеудiң күткенi де осы едi. Ол тiзгiндi сол бiлегiне тез орап жiберiп, қашанғы қол
мергендiк машығымен оң қолын көтере бере қасқырды атып жiбердi. Мылтық даусы
шаңқ ете түстi. Оқ тиген қасқыр қыңсылап тұра қашты. Қан иісiн сезген қалғандары лаң
тигендей дүркiрей тұс-тұстан жүгiрiп, оны қуа жөнелдi. Олар қазiр жарадар қасқырды
бiр төбенiң астында қуып жетiп, жабыла қан талапай қып талап жеп, жерге құйрығын
тiкейте шаншып көмiп кетедi. Қасқырдың заңы сондай. Егер адамдар ше... Құдай
сақтасың! Дiр ете қалған Көптiлеу атын тебiнiп, жан-жағыпа елеңдей көз тастап, сар
желе отырып, жалпақ адырдан өткесiн‚ Қылышбайдың өкпе тұсындағы қоңырлыққа
кеп құлады. Одан жер тозаңын ұшыра ағызып өте шығып, жоғары өрлей бердi. Соңғы
сар төбеден асқасын қасқыр қайтып кездескен жоқ. Ол ендi атын ауанымен жүргiзiп
отырып, түн ортасына таман үйiне жеттi. Аттан түсiп, етi қызып келген жануарды
қораға кiргiзiп, жылы жабулап таң асырды да, мылтығын бiр бұрышқа сүйей салып,
қамшысын қолына екi бүктеп ұстаған күйi сыртқа шықты. Дапа тастай қараңғы. Қол
созым жер күйе жаққандай қап-қара. Ол қараңғыға көзi үйренгенше есiктiң қыр көзiнде
бiраз тұрды. Әудем жердегi қаулап өскен қалың шидiң жiңiшке сұлбасы ағараңдап
көрiне бастағанда ғана аяғын салмақпен басып үйреншiктi жерiне бет алды. Жолшыбай
Пiрмақанның сөзiн таразыға салып байқады. Кездемесi қолынан шығып кеткесiн шал
сүйдемей кәйтедi? Егер көптен берi бүйiрiнде жатқан арам ойына бағып, Ранайды жеке
отау қып қойса, кәйтедi! Келiншек күйеуiнiң артын күткен боп, жас тәннiң зәру
нәрсесiнен құр ауыз қалмай отыра бередi. Өй, оған бүгiнгiнiң адамы көнер дейсiң бе?
Қой, басым бәлеге қалар. Онан да мынаны айт. Ол кеше тексере келген бюро мүшесiне
шошқалар қарап қылған жүгерiлiктi тегiс көрсетiп шықты. Ал өмiрi етегi қанамаған
әйел шермиiп отыр. Ана жолы көрiп едi, Пұсырман, шамасы, елдiң күңгiр-күңгiр
әңгiмесiнiң шет жағасы жеткен болса керек, мүлдем қартайып кетiптi. Ә, бәлем,
ұстасатын адам ғой. Ау, осыным қиянат емес пе? Тым ұсақтап, өзiмшiл боп кеткен
жоқпын ба? Жә, оның несi айып? Қай заманда кiсi өз қамын ойламаған? Бұрынғы
дәуiрлердегi топ бастаған кiсiлерiң де өз мүддесiн көздеген емес пе? Жарайды, ақырын
көре жатармыз.
Ол Күлтабанға барды. Шоқ-шоқ өскен қалың шидiң ішіне кiре бере тоқтай қап, тың
тыңдады. Ешқандай сыбыс естілмегесiн, дарияға құлайтын терең сайға түстi. Табан
астында бiрнеше малта тас сылдырлады. Ол аяғын абайлап басып, топ жыңғылға
жеткесiн‚ оңға бұрылды. Сол арада ажырығы қаулап өскен қасқырдың ұясындай
кiшкене шұқыр бар. Екеуiнiң үнемi кездесетiн жерi осы. Бүгiн таңертең сол арада
жолығыспақ боп уәде байласқан-ды. Сонда келiншектiң аздап торлана бастаған жүзiне