Стр. 128 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жайды айтты. Сүйтсе, бұлар Ашайдан берi көшкен екен. Жолшыбай екi ағасы көз
жұмыпты. Бұлар әке-шешесi үшеуi осы араға әзер дегенде жетiптi. Қызының да тiрi
жүруiне санаулы күн қалғанын сезiп әке-шешесi, шамасы, бұл ес-түсiнен айрылғаннан
кейiн төртқұлақтың iшiне тастап кетсе керек. Мұны естiп, әжесi жаулығының ұшымен
көзiн сүрте отырып, көп жылады. Екi айдан кейiн қыз оңалғасын: “Қарағым, менiң де
өлер шағым жеттi. Сенi маған мана ата-бабам Қылышбай-Тұлпардың өзi әкеп берген
шығар. Әрi анаң, әрi енең болайын, екеуiңнiң бастарыңды қосайын”, — деген-дi.
Сөйтiп екеуi түтiн түтеткен едi. Көп ұзамай әжесi қайтты. Одан арада көп жылдан кейін
Пұсырман “Майдакөл” колхозына партия ұясының хатшысы боп кеттi. Арада бiраз
жыл өттi. Келiншегiнiң етегi қанамай қойды...
— Иә, баяғыда, — деді Пұсырман күрсiнiп.
— О не?
— Сенi моладан тауып алғаным есiме түсiп жатыр.
— Қойшы. — Алмашкүл iштей қуыстана жаны жылып күйеуiне жабыса түстi.
Пұсырман әрi қарай аударылып жатты. Ойына осында келгенi, Көптiлеудiң көбiне
белден басып келе беретiнi, тiптен шаруа басына жолатқысы жоқтығы түстi. Басқарма
мүшелерi оның қасы мен қабағына қарап, ыңғайына қарай жығыла бередi. Бетiнен алар
бiр кiсi жоқ. Соған шыдамаған мұны ретiн тауып, топшысынан қағып тастайды. Сонда
оның көздеген мақсаты не екен? Әлде... Оған қоса қайдағы қиюы қашқан шаруаға мұны
басшы қыла қояды. Биыл да сүйттi. Мұның бағына қарай жүгерi бiтiк шыққанымен,
ауып келген қисапсыз қорсылдаған аш шошқа оның жарым-жартысын қарап қылды.
Бұлт оңынан туғанда қара нөсер құйып салса, қалған жүгерi шiрiп кетедi. Сосын тiске
басар бiр түйiр дән де таба алмайсың. Ертең бюрода соны сөз ететiн шығар. Әрине,
кiнәлi бұл. Алдын ала бар жағдайды тексерiп қайтқан Жақыпов та оң шырай бермей
қойды.
Ертеңiне аудандық партия қомитетiнiң бюро мәжiлiсi уақытында басталды. Әуелi
“Майдакөл” колхозына байланысты мәселе қаралды. “Майдакөл” колхозының
басқармасы, сопақша қысық беттi, көк мылжың Шүрен жақында ғана бiр қарт
колхозшыны өлiмшi қылып сабапты. Соны тексерiп қайтқан уәкiл майда тiлмен
орағыта ұзақ сөйледi. Ол Шүрендi қатты айыптай келiп, басшының айтқанын
тыңдамаған қарт колхозшыға да бiраз кiнә тақты. Ол сөзiнiң соңын өзiне оқтай
қадалған екi көзге қарап, сиырқұйымшақтандырып бiтiрдi.
— Сонымен, өз пiкiрiңiз қалай? — дедi Сегiзов.
— Өзiмнiң, ықы... Өзiмнiң... — Уәкiл iркiлді.
— Иә, өзiңiздiң?
— Сөгiс берiлсе...
— Сонда қалай, қоммунист басымен колхозшыны сабайды. Ел көзiнше масқарасын
шығарып, абыройын төгедi. Сiз мұның қандай саяси астары бар екенiн ойладыңыз ба?
— Оны... ойладым.
— Ендеше нақтылы ұсынысыңызды айтыңыз.
Қысылып қалған уәкiл терлемесе де, жан қалтасынан бет орамалын алып, маңдайын
сүрттi. Аз-кем тiл қатысқан жұрттың сөз iләмiне қарап айтар кесiмiн де тез арада ойлап
үлгердi.
— Оны қатаң жазалау керек.
— Анықтап айтқанда?
— Партиядан шығару керек.
Сегiзов Шүренге бұрылды:
— Кәне, сөйленiз.
Қысық бетi қара сұр тартып қисая түскендей Шүрен орнынан үш ұмтылып барып,
шаққа дегенде түрегелдi. Кәпелiмде аузына сөз түспей, божырап, жарытып ештеме айта
алмады. Бар болғаны:
— Кешiрiңiздер, менен бiр бiлместiк өттi,— дедi де қойды.