Стр. 135 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Қызыл iңiрде бұл үйге көптен берi басын сұғып көрмеген Күлбарам келдi. Ол
Ранайдың бөлмесiне барып, ұзақ әңгiмелестi. Ранай жақсы жеңгесiн көрiп босаңсыды.
Күлбарам да аздап жылап алды.
— Ағаңа да бiрдеме көрiне бастады. Анада түнде сыртқа шыға сала үйге асып-сасып
жүгiрiп кiрдi. “Не болды?” — десем, “Есiк алдында бiреу тұр”, — дейдi. “Қойшы? —
деп барсам, iжкiм де жоқ. Тамды екi айналдым, жан адам жоқ. “Саған жәй көрiнген
шығар”, — дедiм де қойдым. Сонысын ол ертеңiне де қайталады. Бiлмеймiн, қорқам.
Түнге қалса, жұмыстан өзiм барып алып қайтам. Оңашада сұрасам, көз алдымнан әлгi
бiреу кептейдi дейдi. Кеше қалаға барып мылтық сатып әкелдi. Кәзiр соны бас жағына
қойып жатады. Қайдам, бiлмейiм.
Ранай оған шоши қарады:
— Дәрiгерге көрсетпедiңдер ме?
— Одан пайда болар емес. Жазылып кетер деп жүрмiз. Сен қорықпай-ақ қой, ол
үнемi емес, анда-санда ғана қорқады, — деп күрсiндi Күлбарам. — Қайдам, ақыры не
боларын. Сенiң анауың да жүр. Не ойы бар екенiн кiм бiлсiн, әзiрге келiншек алам
деген ниетi жоқ-ау дейiм...
— Ол ендi менi кәйтсiн, — Ранай күрсiндi.
— Жәй айтып жатқаным ғой. Баяғыда ың-шыңсыз қосылғандарыңда қандай болатын
едi. Тегi, кiсiнiң ойындағысы орындала бермейдi екен ғой, — деп Күлбарам көзiнiң
жасын сықты.
Өзiн-езi зорға ұстап отырған Ранай да шыдамай еңiз-теңiзi шыға жылады.
Арада екi-үш ай өттi. Көктем шыға Ранай өзiнiң аяғы ауыр екенiн сезiп, әрi қорқып,
әрi қуана, абыржыған қалпы сең соққан балықтай болды.
14
1942-iншi жылдың ұлы көктемi биыл жылдағыға қарағанда ерте туды. Наурыздың
ортасына таман құбыладан жылы жел қыс бойы күбесi сөгiлмей сiресе қатып жатқан
көкше мұз қарс-қарс айрылып, сең бұзылды. Қар күрт ерiп, сай-сала суға толып кеттi.
Сәуiр болысымен ылбыраған жердiң қабатын жарып шыққан алғашқы өскiндер
қылтиып көрiне бастады. Олар қызуы молая түскен күн нұрынан қуат алып, жамырай
өсiп, бой бермей бара жатты. Айдың ортасына таман Сыр өлкесi көк желек жамылды.
Ойпандарда қаулап қызғалдақ өстi. Дәл осы кезде Пұсырман бастаған бригада iске
кiрiскен едi. Бұл жолы да Көптiлеу оны жаңа бiр шаруаға айдап салған болатын. Соғыс
созылған сайын майданға керек-жарақ көбейдi. Жаудың бетi Мәскеуден қайтса да, әлi
де теке тiресер қауқары барлығын танытып, әр сүйем жер үшiн табан тiрей соғысып
жатыр. Күнде бюро сайын егiс көлемiн көбейту жайы сөз болады. Сондай бiр мәжiлiсте
Көптiлеу баспалдақтап отырып, “Бiрлiктiң” екпе тұсындағы көп қорымды жыртып
жiберу жайын айтқан-ды. Көп ұзамай ол жөнiнде шешiмдi алып кеп, колхоз жиналысын
ашып, бар шаруаны Пұсырманның мойнына арта салды. Пұсырман бiрден бригаданы
жасақтауға кiрiстi. Тракторды оңдатты, соқа-саймандарды дайындатты. Бiрнеше рет
қорымды өзi көрiп қайтты. Майдандағы жағдай қиындаған сайын жанығып, жердi
тезiрек жыртып жiберуге тырысты. Бүгiн тағы да шаруаны бас-көз боп ұзақ тексердi.
Азанда егiске кетейiн деп жатқанында айы-күнi толып, шермиiп отырған Алмашкүл
бұған жасқаншақтай көз тастады.
— Қорымды шынымен жыртпақсыңдар ма?
— Сен қалай деп едiң? — дедi Пұсырман енжар.
— Менiң бiр аяғым жерде, бiр аяғым көрде екенiн ойламайсың ба?
— Өй, қойшы, — Пұсырман сыртқа шығуға оқталды.