Стр. 136 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Алмашкүл жүзiне ойнап шыға келген ызаны жасыра алмай сәл-пәл тұрды да, бiрте-
бiрте жiбiп, күйеуiнiң жасынан көрiп-бiлiп келе жатқан нойыс мiнезiн кешiрiп, кенет
елжiрей көз тастады да:
— Плащыңды кие кет. Қара нөсер жауа ма, қалай? — дедi.
— Өй, ол жауып ненi қиратар дейсiң. Көп болса...
Пұсырман сыртқа шығып, атына мiнiп алып, бригадаға қарай тартты. Күн жылы.
Оңтүстiктен соққан жел денеге мақтадай майда тиедi. Ол жортып келе жатып, бiр
жерде шалқасынан аударылып жатқан тасбақаны көрiп, ат тiзгiнiн тартты. “Бұ кезде
шықпаушы едi ғой. Әлi тасбақаның дауылына ерте емес пе?” — дедi де, атынан түсiп,
тасбақаны қамшысымен аударып, етпетiнен салды. Тасбақа әлi әлсiз, бұдыр-бұдыр
келтелеу аяқтары қыбыр-қыбыр етедi. “Қызық екен”, — дедi де, Пұсырман қайтадан
атыпа мiнiп, желе жортып бригадаға келдi. Жiгiттер тамақ iшiп болыпты. Он трактор
қаз-қатар тiзiлiп тұр. Ол атын тұсап жiбердi де, тракторшыларға барды. Жақын кеп
тоқтап, жан-жағына қарады.
— Тiрәктiрлерiң дайын ба?
— Дайын, — дедi Қоңырбай селқос.
— Ендеше қоттаңдар!
Жiгiттер iске кiрiстi. Дем арасында тракторлар оталып, түтiнiн будақтатып,
селкiлдей бастады.
— Пәке, — дедi Қоңырбай, — әуелi таптап алып жыртамыз ба?
— Иә.
Сол ортаға Дәуiт қыстырылды:
— Ал мен не iстейiн?
— Сен бе? Сен қолыңа күрек ал да, жердiң ой-шұңқырын тегiстеп отыр.
— Жарайды, бiрақ, Пәке, өзiң бiлесiң, шиеттей бала-шағам бар, мынаны бұзбас
бұрын ата-баба ресiмi бойынша...
— Иә, — дедi Пұсырман қабағын шытып.
— ...әруақтарға құран оқып алсам...
— Жоқ, ол болмайды. — Пұсырман сақадай-сай тұрған жiгiттерге бұрылды. —
Сенiң тiрәктірiң қайда? — дедi Нұрғабылға.
— Әне, — деп Әлібек қолын сiлтей салды, өзiнiң ұнжырғасы түсiп кетштi.
— Ал, сен неге... бұлаң...
— Пәке! — Нұрғабыл iркiлдi. — Өзiңiз бiлесiз, осында туған әкемнiң моласы бар.
Соны қалай бұзудың ретiн таппай...
— Оның не ретi бар, бар да бұз.
— Ол өзi...
— Сен немене өзiң, бүйтiп солқылдайтын болсаң...
— Пәке, қойдым.
— Қойсаң, өз әкеңнiң моласын өзiң бас боп бұзып, мына жұртқа үлгi көрсетесiң.
Нұрғабыл кекештенiп тұттығып, сөйлей алмай қалды. Түрi қап-қара боп кеттi.
— Кәне, әкеңнiң қабірі?
— Әне, анау керпiштен салынған сыпа.
— Дәуіт, қайланы әкел!
Дәуіт жүгiрiп барып қайла әкелдi.
— Кәне, мына қайламен моланы бұз!
Нұрғабыл екi оқты боп тұрды да, қайланы қолына батылсыздау алып, аяғын бiр-
бiрiне шалыныстыра басып, сыпаға жақын барды. Аман-саулығын тексергендей ояқ-
бұяғына шолып қарады. Қолымен бiр-екi керпiштi ұстап көрдi. Оның батпай тұрғанын
байқаған Пұсырман:
— Бол! Тез! — дедi әңгiрлеп.
Сол екен, өңi қарауыта көзiне жас толып кеткен Нұрғабыл қайланы басынан асыра
көтере берiп, әуеде дiр-дiр еткiзiп ұстап тұрып қалды. Күн сәулесiне шағылыса