Стр. 138 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Көңiлденген жiгiттер ажылдаған тракқторларымен сайын даланы құлағын
тұндырып, жалпақ қонырлықтың тәнiне алғашқы жараны салып та жiбердi. Қандай
дәндi де ыссы құшағына алып, жасыл сабағын желкiлдетiп бой көтертер ту өңiрдiң
тусыраған қыртысын болат соқа пышақтай жүзiмен қарс айырып тiлiп барады. Қазыдай
тiлiнiп, аударылып түскен жас топырақтан сәуiр исi шығады. Оған жамырай ескен жас
көктiң иісi қосылып, қос басын жаңадан қуат алып ойнақ сала бастаған өмiр шуағына
толтырды да жiбердi. Шаршаған бiр кiсi жоқ. Барлығы да жұмыстың пiрi көтергендей,
аңқылдал сөйлеп, ағеден қалпын қайта тапқан. Пұсырман таң қалды. Баяғыда
Қызкүмбездiң керпiшiн тасығанда мұндай кескiн, мұндай жүздi кере алмаған едi. Ендi,
мiне, өмiр нұры iшiне қонып, бойына желiк орнап, өзi де iске ықыластанып кiрiсiп
кеттi. Жас топырақты күрекпен тегiстей бердi. Плащын шешiп тастап, iске шындап
кiрiстi. Маңдайынан шұбырған тердi де елең қылмады. Әлдене деп сөйлеп жүрiп,
қарының салдырап қалғанын да сезбей, күректi ылжыраған жерге сып еткiзiп батырады
да, iлiнген топырақты шалқасынан жатқызып, майдалап жаяды. Артынша керектi жерге
қайтадан қадайды.
Жiгiттер қос басына қайтты. Пұсырман да қайтып келедi. Кеуiлi көтерiңкi. Шаралы
жүзiне тепкен қуаныш iзi әлi айыға қоймаған. Дем арасында бала боп кеткен өзiне
айран-асыр. Iшiнен апырмай дей бередi. Сол сәт қабағына кiрбiң шапты. Бұл неге
Алмашкүлдi енжар десе, өзi әйелiн дәл осылайша қуандыра бiлмеген екен қой.
Пұсырман маңдайын ұстады. “Ойпырмай, — дедi, — қаншама жыл отасқаннан берi
бұлардың тiршiлiгiнде жаңағыдай көл-көсiр шалқыған қуаныш, шаттық болмапты.
Жұмыс деп шапқылап жүрiп, адам рухын делбер жан қызығын, кеуiл-күйiн бетке
қағыпты. Соның салдарынан өзi мұп-мұздай темiр сияқты боп кетiптi. Мұздай темiр,
жылусыз жан кiмге дәрi? Мұндайда жылу мейiрiм аңсаған кiсiнiң басқа адамның
қабағынан от iздеп, суық жүрiске түсiп кетуi де мүмкiн-ау! Сонда Алмашкүл қайттi
екен? Жоқ, атай көрме! Пұсырманның маңдайына мұздай тер бұршақтап шыға келдi.
Құдай сақтай көр!
Күн екiндiге құлады. Жiгiттер тракторларын қаңтарып, қос басына кеткенде,
Пұсырман атына мiнiп, ауылға қайтты. Оған Қоңырбай қосылды. Екеуi үзеңгi
қағыстырып келе жатыр. Бiрде Конырбай күңк еттi:
— Басқарма кейiмес пе екен?
— Неге? — дедi Пұсырман таң қалып.
— Айтқанын екi еткесiн...
— Iждеме етпес.
Екеуi сөйлесе отырып, ауыл шетiне құлады. Аттарды қораға байлап, жылқышыға
тапсырғасын, екi айрылды. Пұсырман күндегi әдетiнше ешқайда айналмастан үйiне
қайтты. Жолшыбай өзiмен үрке амандасқан бiр-екi қаудыраған шалды көрiп, күлiмсiреп
қойды. Бiр бұрыштан өте бергенiнде, бiр шал қарсы ұшырасты. Аз ғана аман-саулықтан
соң ол:
— Қалай... бұздындар ма? — дедi.
— Жоқ.
— Өй, алдыраз болсын! Сендерден нан сұрап жатқан жоқ қой, тұра берсiн де, — дедi
шалдың жүзi кiрiп.
Пұсырман әлденеге ырза боп, жүре бердi. Өзiне үрке қараған қатын-қалаштарға әзiл
айтты. Өмiрi Пұсырманның мынандай мiнезiн көрмеген қатындар ерiндерiн сылп
еткiзiп, не дерiн бiлмей, ауыздарын аңқайта ашып қалған. Ол аяғын кере адымдап,
үйiне жақындағанда, алдынан Күлзи жүгiрiп шықты.
—Шүйiншi, қайнаға, шүйiнші! — дедi ол сонадайдан сампылдап.
— А-ақ! — деп бұл апалақтап қалды.
— Жеңгемiз арыстай ұл тапты! Кәне, шүйiншiмдi бер!