Стр. 139 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Шүйiншiсiн алғасын, Күлзи жөнiне кеттi. “О, су сiдiк! Өзi таптырғандай
ыржалақтайды ғой! Атаңның басына күлесiң бе? О, көрсоқыр!» — деп, сыртынан
табалап күлдi.
Бұл тамға кiрдi. Қуаныштың сылтауымен ауылдың бар қатын-қалашы жиналып
қалыпты. Шәй iшiлiп жатыр. Қазанда былқып пiскен ет. Бiр кемпiр екi бетi албыраған
Алмашкүлдi жылы киiндiрiп, бөксе жағын көрпемен орап қойыпты. Олар да мұны
көрiп, жағадан алғандай қылды:
— Кәне, көрiмдiк бер!
— Болмаса балаңды көрсетпеймiз!
Әйелдер Пұсырман көрiмдiк бергесiн барып жаялықтан басы ғана көрiнiп тұрған
шарананы әкелдi. Ақ сары нәресте ернiмен қаймаңдап, емшек iздейдi. Көзi екi iлгектей
жылтырап тұр.
— Көрдiң бе, өзiңнiң аузыңнан түсе қалғандай, — дедi сәбидi көтерiп тұрған кексе
қатын.
— Иә, айнымаған өзiң.
— Сарылығы шешесiне тартқан.
Пұсырман күлiп, үндемедi. Тек iштей кiп алып қалды. Баланың маңдай жағы кеңдеу
тәрiздi. Өзi бiр жерде көрген маңдай. Ол соны есiне түсiре алмай, маңдайын сүртiп,
отыра бердi.
Әйелдер түн ортасына таман тарқады. Бәрi аяқ-табақты жуып, орын-орынына қойып
кеттi. Пұсырман төсек салып, әйелiн жатқызғасын сыртқа шығып, темекi шектi. Түн
желкем құбыладан аңқылдап соққан жылы жел қара бұлттардын тағын жыртып, сонау
терiскей жаққа қарай додаландыра қуып барады. Пұсырман қойны-қонышына сумаңдап
кiрген жәдiгөй желдiң дененi сәл-пәл түршiктiре қытықтағанын сезiп тұра бердi.
Бағанағы көл-көсiр қуанышы қарасын батырған. Жас нәрестенi көрiп, ол ескi қыстаудай
бос қаңырап қалған жат иiс сезгендей, әлден-ақ тұла бойы түршiгiп барады. Өзiнiң бiр
жапырақ етiнен жаралмағандай кұндақтағы жазықсыз перiштеге тыжырынып қарайды.
Бiр бүйiрiнде тұншығып жатқан ұры күдiк бас көтере бастаған ба, қалай?
Ол iшке кiрдi. Алмашкүл ұрлық жасаған баладай бұған үрке қарап қояды. Пұсырман
сыр берген жоқ. Төсегiне енжар қисая кеттi. Ертеңiне күн шығар-шықпастан кеңсеге
барды. Қорымды неге жыртпадың деп ұрысады-ау деген едi, Көптiлеу жымиып,
орнынан тұрып, қолын қысты:
— Тума құтты болсын! Өзiн арыстай ұл дейдi. Шамасы, дұрыстап... Хе-хе-хе-хе! Ал,
жұмыс қалай?
— Жаман емес.
— Қалғанын бүгiн жыртасыңдар ғой.
— Иә, — дей бердi де, кенет Пұсырманның көзi оның маңдайына түсiп, тiксiнiп
қалды. Көзiн жыпылықтатып жiберiп, қайта қарады. Аумаған сол сияқты. Әлде бұған
солай көрiндi ме? Ол дем арасында маңдайынан шып-шып шыққан тердi алақанымен
сүрттi де, орнынан түрегелдi. Мас адамша аяғын әнтек-тәнтек басып, көзiнiң алды
қарауытып, сыртқа шықты. Қара киiзбен қалың етiп қапталынған iштегi дыбыс, сөз
атаулыны сыртына мүлдем шығармайтын ауыр қара есiктi қалай ашып-жапқанын
бiлген жоқ.
Пұсырман үйiне келгесiн, қолына әлдеқалай iлiккен шыбықты шарт еткiзiп
сындырды...
15
Ержiгiт салына бастаған мектеп үйi аяқталмай қалғасын, бұрынғы тар кластарда
балаларды оқытып жүр. Кеше әскери комиссариаттың шақыруымен қалаға барып
қайтып едi, әлi майданға алатын түрi көрiнбейдi. Ерқарадан аңда-санда хат келiп