Стр. 140 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

тұрады. Ол Мәскеу маңындағы соғысқа қатынасыпты. Мақамаш та Ерқараның
ротасында шайқасқан екен, бiрде барлауға кеткенiнен оралмапты. Содан берi еш хабар
жоқ.
Соғыстың салмағы ауыл кiсiлерiне де бата бастады. Азық-түлiк азайды. Қара нанды
мысқалдап, өлшеп бередi. Әсiресе, кiсiлердiң еңсесiн түсiрiп кеткен қара қағаздар
болды. Осы ауылда бiрге күлiп-ойнап жүрген өрiмдей жас жiгiттер алыс жақта шейiт
боп қалды. Мектептегi оқу жағдайы да мәз емес. Отын жоқ. Класс суық. Кеше
Ержiгiттiң өзi бас боп, ауыл сыртындағы қалың баялышты шауып әкеп едi, бiрнеше күн
бойы класс жылып, балалар тоңғандарын ұмытып, сабақтарына ден қоя бастады.
Ержiгiт оларға тарих сабағында Қызкүмбездiң жайын әңгiмелеп берем бе деп едi, көз
алдына быт-шыты шығып қираған күмбез, Ранай қоса қабат елестеп, аузын аша
алмады. Сөздi басқа жаққа бұрып әкеттi. Iштей жылы бөлменi толтырып жiберген
өзгеше шуаққа қуанды. Бiрақ ол көпке созылмады. Бүгiн отын таусылғасын, тағы да
абажадай бөлменiң iшi ызғыды да кеттi. Ержiгiт оқушыларды үйлерiне қайтарды да,
темекi алғысы кеп, дүкенге барды. Жолшыбай қолына ала шыққан газеттi қарады.
Майдан хабарымен танысты. Кейбiр мақалаларды көзiмен жүгiрте оқыды. Дүкенге
барса, кiсi қара көп екен. Олардың ортасында жаңғыз өзiнiң кезек күтiп сөмпиiп тұра
бергенiн ыңғайсыз көрiп, сыртқа шықты. Есiк алдында Күлбарам қарсы ұшырасты.
Қәдiрмақан сырқатқа шалдыққаннан берi келiншек поштаның жұмысын бiр өзi iстеп
жүр. Ержiгiт қипақтап сәл тұрды да, өзiнің осы жүрiсiн оның алдында ақтағысы
келгендей:
— Дүкеннен темекi алайын десем, жоқ екен. Сосын, — дедi.
— Үйде ағаңның темекiсi бар шығар. Керек пе?
— Ыңғайсыз болар.
Ержiгiт iркiлдi. Артынша: “Бармасам, ренжiр” — деп, бұрылып жүре берген
келiншектiң соңынан ердi. Екеуi тапал тамға келдi. Күлбарам есiктi сықырлата айқара
ашып:
— Ал, кiр, — дедi күлiп.
— Сен немене менi қамап тастағалы тұрғаннан саумысың?
— Ол да мүмкiн.
— Жарайды, сенiмен бiрге қамалсам, қор болмаспын. Ол ауызғы тамға ендi.
Күлбарам есiктi жауып жатып, көзiмен төргi тамды нұсқады.
— Анаяқда бара бер.
Ержiгiт төргi тамға еркiнси кiрiп келдi де, өз көзiне өзi сенбегендей, оқыс тоқтай
қалды. Қарсы алдында жерге төселген киiз үстiнде Ранай шұлық тоқып отыр. Ол да
мұны көрiп, лезде құп-қу боп кетiп, орнынан сүрiне-қабына түрегелдi де, берi қарай бiр
аттап, батпай iркiлдi. Қара көзi шарасынан шыға шоши қуана қарап, ақ бетiне болмашы
қызғылт нәр жүгiрдi. Артынша әрттей қызарып кеттi. Iзiнше жаңары мөлдiреген жасқа
толды.
— Ранай! — дедi Ержiгiт. Не таңданғаны, не аяғаны белгiсiз.
Мұның осыдан артық ештеңе айта алмасын бiлгендей, ендiгi сәтте босай бастаған
келiншек өз бойынан қуат тауып, шиедей ернiн қырқа тiстей алды. Жiгiтке көз қиығын
тастап, баяғы алаңсыз кезi есiне түсiп, сай-сүйегi сырқырап қоя бердi. Жанын жегiдей
жеген өкiнiшке әлдеқандай соқыр ыза қосылып, ыстық сезiмi аяқ астында қимастық пен
өшпендiлiкке айналып бара жатты.
Ержiгiт үнсiз. Ол тағы да:
— Өй, Ранай-ай! — дедi.
Ранай дiр ете түстi. Басқа сөз аузына түспей, оны мүсiркеп, қайталап айтқаны
жанына батып кеттi.
Ержiгiт оған аяй қарады. Сосын Ранайдың қасына жақын келдi. Келiншектiң үстiнен
баяғы етене таныс сүйкiмдi иiс шықты. Жалт ете қараған көзi қарамықша мөлдiреп тұр.
Мынау баяғы Ранай ғой. Көзiне дейiн өзгермеген. Ержiгiт онан әрiге бармай,