Стр. 14 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жатыр. Сол қамшы болды ма, көк бақа жiгiт әңгүрт қимылдап, менi олай да, бұлай да
сiлкiлей бастады. Сүйтiп жүргенде бiр қапысын таптым. Ол кезде бақайдан тартатын
бiр әдiсiм бар едi. Соған тура келiп қалды. Дереу бақайдан оң аяғын iлiп ап, өзiме қарай
қатты тартып қалып едiм, ананың жерге жалп ете түскенi. Ел шу ете қалды. Шөмендер
меңi алақанына салып көтерiп әкеттi. Сонда менi қаңбақ құрлы көрмей көтерiп кеткен
Iзет едi. “Iзеке, менi қинағанша өзiң-ақ шықпадың ба?” — десем. “Өй, антұрған‚ менiң
Есiм екенiмдi бiлмейсiң бе?” — деп кеңк-кеңк күлдi. Өзi бiзге ағайын боп келетiн.
Содан, не керек, маған бәйгiге тiккен екi атты алып келдi. Оның бiреуiн Кәрiбайдың
Нағашыбайына бердiм де, бiреуiн мiнiп қайттым. Үйге келгесiн бiр жетi нәр татпай
жаттым. Онда әжемнiң тiрi кезi. Ешкiнiң iш майын жағып өзi, әйтеуiр, жазып алды, —
деп Әлмақан мұртынан күлдi.
— Апырмай, ә? Құдай бiр сақтаған екен!
— Сақтауын сақтады. Оны жығам деген ойымда да жоқ едi...
— Айтпақшы, естiдiң бе, Iзет босанып келiптi.
—Шынымен бе?
— Шынымен. Жаңа оның ана Төребайдың үйiнен шығып бара атқанын бiздiң
қатын көрiптi.
Әлмақан үнсiз қалды.
— Өзi соншалық не iстеп едi? — дедi бұ жайдан емiс-емiс хабары бар Ержiгiт.
— Не iстедi дерiң бар ма? Бұ да ана жылғы Асандардың көтерiлiсi сияқты бiрдеме.
Ол кездерi дайраның әр жағын жайлайтын Асандар көп ру. Ұлтаны сөгiлмеген ел.
Жиырма сегiзiншi жылы соның надан байлары кәмпескелене бастады емес пе? Соған
шыдамаған бай-құлақтар қолдарына қару алды. Уәкiлдердi сабап, ауданға қайтарып
жiбердi. Ең қызығы, кiлең жарау ат мiнген, әңгi жiгiттер сәбеттердiң мәшинесiн
қуыпты. Сартылдатып сойылмен сабапты. Мәшиненiң артындағы қызарған шамын
көрiп: «Әне көтi қызарды. Ендi болдырады», — деп қуалай берiптi, — дедi де, Әлмақан
мырс-мырс күлдi.
— Сосын не болды?
— Сосын не болсын. Надан елге уәкiлдер шығып үкiт-насихат жүргiздi. Олардың
желiгiн басқаннан кейiн қалқоз болмаймыз деп кейбiреулер ғой қызылға қарай қашқан.
Тақыр кедей Iзет те солардың iшiнде болды. Өзi кұралайды көзге атқан мерген.
Бесатармен көздегенiн құр жiбермейдi. Соның ақыры осы ғой. — Әлмақан әңгiменi
созғысы келмей, кiлт үздi.
Осы кезде тас қазарма жақтан дауыс салып жылаған әйелдiң тарғыл даусы естiлдi.
Iшiндегi шерiн сыртына шығарып барқыраған сайын‚ кiсiнiң төбе құйқасы
шымырлайды. Кешкi тымық ауада айырқан әйел даусы саңқ-саңқ етедi. Әлмақанның
аза бойы қаза болды:
— Бұ кiм? Қыжым ба?
— Сол ғой. Ерәлi кеше пойызды құлатып ала жаздады.
— Ойпырмай, ә?
— Соны жаңа... ана Қарамұрт кеп...
— Қойшы? Рас па?
— Рас, рас. Сосын ғой...
Осы арада Ержiгiт сөздiң бетiн басқа жаққа аударғысы кеп:
— Әлеке, осы сiз Қарамұртты бiлесiз бе? — деп сұрады.
— Қарамұртты ма? Е, неге бiлмей, — дедi де, Әлмақан көпке дейiн үндемей қалды.
Қалың қасы көзiн жауып, төмен түсiп кеткен. Құдды жарадар бүркiттiң сынық
қанатындай. Әлмақан соны ақырын көтерiп, қозғалақтап қойып, берi бұрылды. — Бiр
уақиғаның есiме түсiп отырғаны. Баяғыда мен онымен бiр рет белдесiп те қалғанмын.
— Қойшы!?
— Не дейдi?
— Ол қашан болып едi? — деп кiсiлер елеңдесiп, Әлмақанға еңсерiле қарасты.