Стр. 15 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Әлмақан ұшатын құсша оңтайланып отырып, сөзiн сабақтады:
— О бiр қызық әңгiме. Онда отыз төртiншi жыл едi. Қаладан ауыл-ауылға шығып,
шәй-шекер сатам. Бiр жолы Майдакөл, Қарақ жағына бардым. Күздiгүнi едi. Астымда
жарау атан‚ үстiмде ақ тон. Жетегiмде шәй-шекер артқан iнген. Өзiм мiнген атанның
екi жағында екi бөшкi iспiрт бар. Жастық дегендi қойсайшы, мынадай ұзын шiләнгiнiң
бiр басын бөшкiнiң аузынан iшiне салып қойып, бiр басын тақымымның астына қысып
алғанмын. Ара-тұра күзгi қара суық жел денемнен өте бастағанда, жаңағы шiләнгiнi
алып, аузыма салып, iспiрттен сорып iшiп қоям. Содан не керек, кешкiлiк Қарақтағы
бiр ауылға түстiм. Сонда осы Қарамұрт та бар екен. Мұның әдетi — түнде қонған
үйiнiң қыз-келiншегiне қол салады екен. Қарсы шыққанды атам деп қорқытады екен.
Соны бiлетiн мен қасақана сол үйге кеп қонайын. Отағасы жер ортасынан асып қалған
кiсi екен. Жаңғыз баласы жолаушы жүрiп кетiптi. Уыздай ақ келiншек қазан асып жүр.
Қарамұрт содан кете-кеткенше көзiн алмай қойды. Ет жегесiн‚ кешке төсек салды.
Кедейлеу үй екен, бәрiмiз қараүйде қатарласып жаттық. Анадай жерде масахана iшiнде
ақ келiншек жатыр. Соның ата-енесi ұйықтар, ұйықтамастан Қарамұрт үстiндегi
көрпесiн сыпырып тастап, солай қарай тоңқаңдай жөнелдi. Аздан кейiн масахананың
iшi апыр-топыр болды да қалды. Бiр кезде келiншек: “Бұл үйдiң еркегi қайда?
Арашаламайсыңдар ма?” — деп айқай салды. Мен шыдамай жетiп бардым да,
Қарамұртты аяғынан сүйреп, сыртқа алып шықтым. Ол: “Әй, мұнда сенiң не шаруаң
бар?” — дейдi. Мен: “Мұның ұят емес пе?” — десем, ол: “Сен көнтрсiң, кәзiр сенi атып
тастайын”, — деп iшке жүгiрiп кiрдi де, наганын алып шықты. Мен дереу оның оң
қолына жармастым. Наган тарс ете қалды. Оқ оң құлағымды жалап өттi. Онда қарулы
кезiм, қояйын ба, Қарамұртты бүгерлеп, астыма бастым да, наганын тартып алдым. Сол
түнi ол қонбастан, атына мiнiп ауданға тартты. Мен болсам, наганмен жолшыбай қоян
атып алып жүрiп, сауда жасадым. Екi күннен кейiн Майдақөлге жеткiзбей екi млитсә
менi қалаға айдап әкелдi. Болған жайды тегiс айттым. Куәға келiншектiң өзi келдi.
Ақыры Теңiзбайып ара түсiп, бiр бәледен аман қалдым. Айналайын Кеңес үкiметi кәзiр
ондай шаш ал десе бас алатын шолақ белсендiлерге тиым салды ғой.
Бағанадан берi әңгiменi қызыға тыңдаған Ержiгiт ойланып қалды. Қарап отырса,
ертеде ақ патша заманында ру-руға бөлiнiп, бiр-бiрiн сауырлап талаған халықтың оқыс
мiнезi мүлдем ерсi. Жаңалықтан үркiп, ат басын ала-ала қашады. Сонда бұл не?
Мiнезсiздiк пе, әлде надандық па? Ол аздай, қапысы келсе, бiр-бiрiн мұқатуға, қаралап
көрсетуге тырысып жатады. Апырмау, сонда осы қарға тамырлас елге не жетпейдi?
Әлдiсi әлсiзiн көзге түрткенде ақ патшадан не опа табам дейдi? Бишара халықтың көзi
тек төңкерiстен кейiн ғана ашылды. Ел берекелi тiрлiк бастады. Дегенмен де осы жолда
қиындықтар да болмай қалған жоқ. Бұрын өндiрiстi, колхозды атымен бiлмейтiн‚ мал
бағуды кәсiп еткен жұрт жаңалықтан үрке қашты. Жер ауды, арып-ашты, ел ұлтаны
сөгiлдi. Ақыры шындыққа көзi жетiп, колхоз боп қауымдасты. Бiр қатары темiр жол
бойына кеп жұмысқа тұрды. Сол бiр кезде Ержiгiттiң өз әкесi де бәйбiшесiн, бала-
шағасын ертiп, Бұқар, Тамды жағына кеттi. Бұл кiшi шешесiмен осында қалды.
Кейiннен өзiн Жосалыдағы интернатқа орналастырғасын, ол Жалаңаш жағындағы бiр
Сарғасқаға байға тиiп кеттi. Кәзiр әкесiнен де, шешесiнен де хабарсыз. Өзi Жосалыдағы
орта мектептi бiтiрiсiмен, Алматыдағы университетте оқып жүрген кезiнде, әкесiнiң
өткендегi қызметi бетiне шiркеу боп, окумен қош айтысқан. Бiр жылдай осы Байқожада
жақын ағайыны Қуаңның үйiнде жатып, темiр жолда iстедi. Биыл бастауыш мектепте
мұғалiм болған едi. Бұл бiрден қызбалыққа салып, жиырма кiсiнiң басы сыя қоймайтын
мектеп үйiн кеңейтейiк деген. Мұны Пұсырман бiрден қуаттады. Соңғы жылдары
аржайы мiнезiнен көре көзге айрылып, суық тартып бара жатқан Елеусiн ашықтан-
ашық қарсы болмай, не құлап түсiп те кетпей, әлiптiң артын бағатын сыңай аңлатқан-
ды. Ал iшiнде бiр бау жантағы бар Көптiлеу ешқандай iлтипат бiлдiрген жоқ. Керпiш,
қамыс, ақша жоқ, оны табам деп жүргенде қыс түседi, жарын қолға алалық, деп сылтау
айтты. Оған болмаған Ержiгiт, Жосалыға барып, аудандық оқу бөлiмiнiң бастығына