Стр. 141 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

қасындағы орындыққа отырды. Ранай да не кетерiн, не берi жақындарын бiлмей,
сiлейiп тұр.
Iшке Күлбарам кiрдi.
—Шәй қояйын.
Ранай оған тiке қарай алмай, кенет босай бастады. Екi иығы азырақ селк ете түсiп,
анда-санда әдемi бiткен танауының қос желбезегi дiр ете қалады. Ержiгiт не iстерiн
бiлмей, келiншектiң қуқыл жүзiне, iсе бастаған көзiнiң астына, оң жақ бетiндегi
шұқыршағына қарады. Күлбарам берген махорканы алып жатып:
— Рақмет, — дедi.
Сосын ол Ранайға қайта қарады. Басына бiр ой шауып, баяғыдан берi өзiне дүдамал
қалпы қалып келген сол уақиғаның мән-жайын сұрады.
— Ол ма, — дедi Ранай. — Оның айтар несi қалды. — Iзiнше келiншек болған
жайды айтып бердi.
— Мынау... ойпырмай, қиын екен. Сен неге сонда Ертiлеуге өз еркiммен бардым
дедiң?
— Үйден бiр кеткесiн, басқа не дейiн.
— Менiңше, мұны бұлай қалдыруға болмайды.
— Сонда не iстеу керек? — дедi Ранай бұған таңырқай қарап.
— Сен сөзiңнен таймасаң, мен ертең тура Сегiзовтiң өзiне барам. Анада қайтып кел
дегенiнде бармап едiм. Осы жолы неден болса да тайынбаймын.
Ранай жүзi кiрiп, сәл абыржи күлiмсiрей қарады.
Ержiгiт келiншекпен қоштасып, сыртқа шықты. Тура мектепке қарай беттедi.
Жолшыбай қиялы сан-саққа жүгiрiп, әрi-сәрiсi шықты. Байқап қараса, баяғыда-ақ
тағдыр-талайы өзгеше жаңа орта тауып, басқа жаққа қарай аға жөнелген Ранайды әлге
дейiн жат кiсiмен бас қосты деп ойлау түгел, оған мүлдем сенбей, әзиз жанның басқан
iзiн де бөгде көзден қызғанады екен. Сол қызғаныш жыл бойы жан түкпiрiнде бас
бұғып жатып, бүгiн ойламаған жерде келiп тиген түрткiден өрекпи өрши қаулап, бүкiл
өне бойын лапылдаған жалынға толтырып жiбердi. Алпыс екi тамырына тiлi
сумаңдаған ерекше от жүгiргендей болды. Басы ысып, көзi қарауытты. Апырау, сонда
мұның жан егiле жақсы көре тұрып сондай әзиз жан киын-қысталаң кезге душар
болғанда қол созбағаны қалай? Сен неге күйбектей бересiң? Қазiр қандай ниетiңе де
қарсы тұратын кiм бар? Осы да адамгершiлiк пе? Адамгершiлiк. Шынында, бүкiл
адамзат қауымын Адам Ата, Хауа Ана заманынан бермен оң аяғына жем түсiрiп, ауыз
батып айтуға бармайтын ересен қиын халге апартып соқтыратын осы адамгершiлiктiң
жетiспеуi. Сол қасиеттi ұмытсақ, қандай өсiп-өрбiген өнегелi жұрт болсын. Өзегiне улы
құрт түскен шабдалыдай ешқандай құдiреттi қолдың айтқанына мойын сұнбай
былбыраған қалпы iрiп-шiри бередi. Бiр iрiген дүниенi қалпына келтiру қиын. Сол
мақсатпен жұмыр жердiң бетiнде әр дәуiрде, әр заманда өмiр кешкен сан алуан
елдердiң озып туған нәсiлi асыл кемеңгер ұлдары талай-талай қисын мен өрелi ойлар
қазынасын ойлап тапты. Тiптен бүткiл адам нәсiлiн жаңадан жаңғыртамыз дегендер де
төбе көрсеттi. Бiрақ заманынан озып туған кемеңгерлердiң көкiрегiн қарс айырып
шыққан зерделi сөздерге мән берместен адамзат қауымы әлгi адамгершiлiктiң
жетiспеуiнен қисапсыз азап-ақырет тартып келедi. Қаншама тәжiрибе түйсе де, осы
пақырлардың бiр сәт алақанына маңдайын төсеп, арғы-бергiге байыппен көз тастап, өз
iс-әрекетiнiң мәнi мен мағынасы хақында терең ойланбайтыны несi? Олар үйтсiн, ал
өзiң не істеп жүрсiң? Адамгершiлiгiң болса, Ранайға неге қол ұшын созбайсың? Ол
тiтiркенiп кеттi. Iшiнен Көптiлеуге ауыр-ауыр сөздер айтты. Соған ерегiскенде бұл
үлкен адамгершiлiк жасап, Ранайды дәл бүгiн үйiне кiргiзедi. Қалғанын көре жатады.
Соған табан тiреген Ержiгiт жалт бұрылғанда, Қуантаймен бетпе-бет соқтығысып
қалды. Ол мұртын жыбыр еткiздi.
— Ләппай!
Ержiгiт ерiксiз күлiп жiбердi.