Ержiгіт оған таңдана қарады. “От жағып, қазан асқаннан басқаны бiлмейтiн бiреу ме
десем, езiнiң есi бар екен ғой”.
Сол түнi оның таң сазарып атқанша кiрпiгi iлiнбедi. Ертеңiне бiр шешiмге кеп,
ауданға тартты. Сегiзовке кiрiп, арызын қолма-қол тапсырды. Хатшы бұған тез арада
мән-жайды анықтайтынын айтты. Ержiгiт алғаш рет қабинеттен қобалжымай, аяғын
батыл басып шықты.
16
Сәдірмақанға қара қағаз келгеннен берi қара шалдың бойы еңкiш тартып, аздап шөге
бастаған едi. Ұрты суалып, жанарының оты тоза бастады. Жан адаммен бұрынғысынша
ашылып сөйлеспейдi. Үйiне беймезгiл бас сұққан кiсiнi көрсе, көмейiнде бұған айтқалы
әзiрлеп келе жатқан ауыр сөздерi бардай, қараптан-қарап қорқып, оның жүзiне үнсiз,
сұрақты кескiнмен үрейлене қарайды. Ол бүгiн де көңiлсiз отыр едi. Кенет есiк
ашылып, бiр топ кiсi iшке топырлап кiрiп келе жатты. Пiрмақан шошып кеттi. Жаманат
хабар естiрдей, тұла бойы дiрiлдеп қоя бердi. Орнынан екi ұмтылып барып, шаққа
дегенде бойын тiктеп, малдасын құрды.
Дауыстарын соза амандасқан шалдар төрге жағалай жайғасты. Асықпай аман-саулық
сұрасты. Пiрмақан оларға құлықсыз жауап бере отырып, кiсiлерге барлай көз салып
шықты. Көбi Мәтек тәрiздi осы ауылдың азаматтары. Орталарында бұл танымайтын бiр
кiсi бар. Ол айыр сақалын шошаңдатып, оң тiзесiн баса отырған Төребайға бiрдеме деп
қалды. Төребай ыржалақтап, балдызы Қуантайды түрттi. Мән-жайды сонда ғана
шамалаған Пiрмақан лезде бет-өңiн билеп ала қойды.
Бұл жолы бәле басы Үрзия болып едi. Оның Ранайдың өзiне жоламай, Күлбараммен
аузы жабысып сөйлескенiне, соның үй жағына барғыштап жүргенiне жыны қозды.
“Соны қайтадан үйiртпектемек-ау”, — деп жорамал жасап, қайын енесiнен сыр тартып
көрiп едi, ештеңе өндiре алмады. Соған ызаланып, бiр iске өзi белсене кiрiстi. Оны-
мұны сылтауратып, өткенде Төребайдың үйiне барған. Самаурын жанына жалпиып
отырған Қуантайдың астынан ала құрт жүгiргендей ылғи жыбырши беретiн қара
мұртына күле қараған. Одан-бұдан сөз қашыртып отырып, бiр әңгiменiң келер жағында
Төребайдың әйелiне:
— Iнiңдi аяқтандырмайсың ба? — деген.
Мына сөз құлағына жағып кеткен Қуантай басын төсектен жұлып алып,
маймаландай жорғалап қасына келген. Соғыстан жасын кiшiрейтiп ап қалса да, әлден-
ақ шын жасының қай шамага жеткенiн аңғартқандай бетi тарқылдана бастапты. Ол дұға
оқитындай аузын шүртите жиып ап, жымыраңдап күлдi:
— Мадам, утә әйбәт айттыңыз. Узим де сундай басы бос кәзиз жанлы излеп жур
идім. Бик якши булди. Әгәр сиз тапсаңыз, мин мiне, бәшпайыңызды аузыммен соруға
әзирмин. Ул ким узи?
— Ранай.
— Ә, сул миә ул бик матур кәзиз қатын. Игәр тисе, мин муни алам.
— Онда әкеңдi шақыр да, құда түс.
— Ләппай! — Куантай Үрзия келгенше соңынан қалмады. О жағына бiр шығып, бұ
жағына бiр шығып майпаздап бақты. Соның соңы осы.
Кiсiлердiн ұзақ отыратын шамасын байқағасын, Нұрсұлу мал сойдырмақ боп қора
жаққа кеттi. Пiрмақан ауыл кiсiлерiмен шаруа жайын бiраз сөйлестi де, бiрде
Көсікбайға қарады:
— Ақсақал, бұрынғылар жөн сұрасқан айып емес деген. Мен сiздi шырамытсам да,
анық танымай отырмын.
— Әлбетте танымайсың, — деді Көсікбай. — Бiз мына ар жақтағы Төртқараның
Сексенi боламыз. Ата қонысымыз төменгi жақ. Ертеде бiр атамыз кiсi өлтiрiп, құнықер
боп, Сыр бойына қашып келген екен. Содан осыяқта қоныстанып қалыпты.