— Кәне, өлгiлерiң келмесе, тайындар бұ жерден! — дедi Қәдiрмақан әңкiлдеп.
Сол екен, шалдар есiкке лап қойды. Қолдарына iлiккен галошты ұстай-ұстай,
мәсiшең, сыртқа атып-атып шықты. Бiр баспақтың кұнын берiп әке-көкелеп жүрiп,
қаладағы шеберге жаңадан тiктiрген ұзын қонышты етiгiн бiреу киiп кетiп, жаланаяқ
қалған Көсікбай елдiң алдында зытып барады. Кәдiрмақан босағаның қасында
мылтығын кезеп тұр.
— Болыңдар, тез, тез!
Қуантай Үрзияның панасымен жылыстай берiп едi, Кәдiрмақан көрiп қалып шап
бердi. Желкесiнен бүре ұстап, өзiне жақындатты:
— Сен бе күйеу бала?
— И-и-иә, мип буләм.
— Мә, ендеше! — Қәдiрмақан оны май құйрықтан бiр теуiп, етпетiнен түсiрдi.
Қуантай орнынан асығыс тұра сала мойнын бұрып, оң қолын кеудесiне қойды:
— Ләппайыңмен қоса құры! — деп Кәдiрмақан ақырып жiбердi. Тездеп қотаняқтана
жорғалай жөнелген Қуантайдың соңынан далаға жындана ытқып шықты. Мұны көрiп,
тыста топырласа гуiлдесiп тұрған ел бет-бетiне тырым-тырақай қашып бердi. Мәтек
Қуаңның есек қорасына кiрiп кеттi. Көсікбай сым iлiп, шалбарының дар етiп
жыртылғанына қарамастан, Төребайдың тал қорасынан аттай бере тоңқалақ аса құлады.
Үрзия Қыжымның тауықтарын шулата азан-қазан қылып кетекке тығылды. Кәдiрмақан
жан-жағына алақ-құлақ ете қарап тұрып, мылтығына бiр патрон салды. Сол сәт Төребай
сарайдың бұрышынан басып қылтитып қарады:
— Әй, Қәдiрмақан, қойсайшы!
— Ә, хайуан!— Кәдiрмақан атып жiбердi. Төребай басын тартып ала қойды. Оқ
барып қам қабырғаны ұшырып түсiрдi. Кәдiрмақан мылтығын тағы да кезей бергенде,
Үрзия кетектен шыға сала қашты.
— Ә, залым! — Кәдiрмақан оны көрiп қап, мылтықты келiнiнiң төбесiнен асыра
атып жiбердi. Көйлегiнiң етегiне сүрiнiп кеткен Үрзия етпеттей құлады.
Кәдiрмақан мылтығына қайтадан патрон салмақ боп оқталып, тағы да кiм бар
дегендей жан-жағына алара қарады. Кенет оның сырт жағынан Балмақан шыға келдi.
Таса-тасада тығылып тұрған жұрт айқайлап жатыр.
— Әй, қайт кейiн!
— Ажалыңнан бұрын өлейiн деп жүрсiң бе?
— Қасқа-ай, сорлады-ау!
Балмақан аспай-саспай жақындап, ағасының қолтығынан ұстады. Кәдiрмақан жалт
қарады. Қып-қызыл көзi, сұп-сұр жүзi жан шошырлық екен.
— А, сенсiң бе?
— Мен ғой. Аға, жүр, үйге қайтайық.
— Кәзiр, айналайын. — Ол мылтықымен там жақты көрсеттi. — Мына шал бар ғой,
айтпады деме, ақыры сенiң де түбiңе жетедi. Ал, кеттiк, — дедi де, Кәдiрмақан өзi
бастап iшке кiрдi. Төрде Пiрмақан бытыра тиiп, қызыл-қоңыр сырты айғызданған
қамшысын алып аударыстырып қарап отыр екен. Қасында бетiнде қан-сөл жоқ
Нұрсұлу. Екеуi мұны көрiп, үрпиiсiп, бiр-бiрiне тығылды. Ызалы Кәдiрмақан әлi де
ашуын баса алмай, мылтықтың аузын әкесiнiң кеудесiне тiреп тұрып, тiстене сөйледi:
— Сен, шал, анада Көптiлеуге өз қолыңмен байлап берiп, баланы қор қылдың. Ендi
Алматының алаяғына сатпақшымысың? Осыныңды қоясың ба, жоқ па, а?
Пiрмақан қитығы қалды.
— Қоймағанда не iстейсiң?
— Кәзiр табанда атып өлтiрем!
—
Ө, әкеңдi өлтiрсең, жетiсерсiң?
—
Ойбай, шал, үндей көме, — деп олардың арасына Нұрсұлу құлады.
Сол сәтте төргi бөлмеден жүгiре шыққан Ранай келе мылтыққа жармасты.
— Аға, бiр жолға бәрiн де қой. Осы шалды өлтiргенде кiмнiң тауын қиратасың?