Стр. 151 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

өмiрдiң кұны да, салмағы да ана бұлттай адамдардан өте алыс алдамшы қиялдан,
жалған намыстан‚ парықсыз айтылған сөздерден мүлдем артық, мүлдем есе толмас
асыл емес пе? Иә, артық, асыл! Сөз жоқ, асыл, асыл! Пұсырман кеудесiне кеш оралған
осы бiр өкiнiш табындай ыстық сөздердi мына оспадарсызға қалай айтудың ретiн
таппай қиналды. Не iстерiн бiлмей, қайтадан бiр шөкiм бұлтқа қарады. Ол опасыз
жалғанның қашаннан дағдылы мiнезiн танытқандай, сырт айнала берген екен.
Пұсырман сонда ғана өзiнiң алысқа алаңдал, аяқ астына бiр де бiр көз жiбермегенiн
айқын сездi. Ендi не де болса деп, аузынан ақ көбiгi аға айқайлай бастады. Қиын сәтте
бас имегендi хош көрдi. Ол ендi Iзет дарияға лақтырады-ау дегенде, кенет әлуеттi екi
қол сылқ түстi.
— Сенiн осы ит мiнезiң үшiн бәрiн де кешiрдiм, — дедi Iзет оның қол-аяғын шешiп
жатып. — Егер ана Көптiлеудей түлкi бұлтаңға салғаныңда, сөз жоқ, лақтыратын едiм.
— Ол сосын наганды қолына алып тұрып: — Сен өзiң мына қарудың қадiрiн бiлмейдi
екенсiң. Ал, ендеше, — деп, қалтасына салып алды.
Пұсырман арқан қиған қолын ауырсынып тұрып, алғаш рет наганнан айрылғанына
өкiнбедi. Тiрi қалғанына қуанып, зорлана күлiмсiрей қарап, қалтасынан жарғағын ап,
насыбай атты.
— Атасың ба? — деп, Iзеттiң күректей алақанына бiр шүкiм насыбай салды.
— Ал, ендi қараңды батыр мен айымай тұрғанда, — дедi Iзет ызалы қалпы
күлiмсiреп.
— Жақсы.
Iзет атына мiнiп, түскейдi бетке алғасын, Пұсырман басына бөтен ой шауып, кiлт
керi бұрылды. Жан адамға көрiнбей, станциядан салдырлап өтiп бара жатқан жүк
пойызының соңғы вагонына кеп жармасты. Суық тамбурда селтиiп тұрып, қалайда
Есеновке баруы керектiгiн, сосын қалғанын көре жататынын ойлады. Бiр есептен
осылайша ат iзiн алысқа салғанын мақұл көрдi. Осы бiр ой көптен берi ширыққан
жанына сылауша жағып, мына тiршiлiктiң қадiрi мен қасиетiн жаңа түсiнгендей,
қайтадан бөгде өмiр қалпын бастарына иландырып, Пұсырман тынымсыз салдырлаған
составпен өзi туып-өскен қоңыр даладан ұзап бара жатты.
18
Адам да қызық қой. Ойына алған қарақшысына қашан ат басын тірегенше, тыным
таппай, өзгеге де маза бермей, жанығып бiтедi. Астындағы арық мәстегiне үстi-үстiне
қамшы салып, борбай етiн барынша созып, титықтатып құртады. Өңi жетпегендей,
түсiнде де әлгi меженi көзiмен шолып, жатса, тұрса қиялдағаны сол боп алады. Ақыры
пенде шiркiн мақсатына да жетедi. Қарақшының басына ат шалдырады. Ондайда кiм
кiм де үлкен iстiң басын қайырып тастағандай, соңында жыланша шұбалаңдаған ұзақ
жолға көз салуға қаймығып, алда-жалда қарай қалса, осыншама ұзақ жолды қалай ғана
аман-есен басып өткенмiн, өзiмнiң де жаным сiрi екен-ау деп қорқасоқтап, терең ойға
қалар едi. Қаншама күн дамыл таппай еткен еңбегiнiң рақаты мен игiлiгiн сезiп, iштей
төлеп, рақаттанып сала берер едi. Неге екенi белгiсiз, Көптiлеу үйте алмады. Сырттай
әлi де айбары мен айбаты барын танытқысы келген дөңайбатын алдырмаса да, iштей
осы iсiне ырза бола қоймады.
Кеше ойда жоқта Алмашкүлмен жолығысып қалды. Күйеуiнен ажырасқаннан берi
келiншектiң сағы сынып, ел көзiне түрткi боп жүрген жайы бар. Бұл мұны ойға
қалдырған. Бұрынғы әдетiне бағып, уыз тәннен татқан ләззатынан айрылғысы
келмегенiмен, ел сөзiнен қаймықты, күндердiң күнiнде осы от өршiп, өртке ұласса,
жан-жағындағы бар дүниенi қарап қылуы ықтимал. Оның үстiне жұрттың пыш-пышы
жетсе керек, өмiрi жұмған аузын ашпайтын Қалампыр да соңғы кездерi бұртаңдап жүр.
Егер ол дау бастаса... Жо-о-оқ, айта көрме. Оның бетi әрман! Көптiлеу қашанғы