Стр. 157 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

балпақ ауласайын. Бәрiмiз қос болып, мына Қылышбайдың иек артпасында жатырмыз.
Көктем шыққан кез. Күнде азанда iнге қақпан құрып кетемiз де, ертеңiне қарап
шығамыз. Бұрын аң аулап қалған мен қояйын ба, балпақты қырып салдым. Үй iшi де
қарық боп қалды. Күн аралатып азық-түлiгiмдi ауылға апарып тастаймын, қойшы,
содан не керек, бiр күнi таңертең қақпанымды көруге шықтым. Бiр-екi тышқан түскен
екен, оны ұрып алдым. Ең соңғы қақпанымды көрейiн деп келе жатқанымда, кенет
жылаған жас баланың даусы шықты. Бұ кiм деп жан-жағыма қарасам, ешкiм
көрiнбейдi. Дауыс тағы да шықты. Ол жылдары елдiң мыпа iшкi жаққа ауып жатқан
кезi, балдарын тастап кетiп жатқандар да жоқ емес. Сондай бiр сәби шығар деп, бұта
бұтаның арасын ал кеп тiнтейiн. Iжкiм жоқ. Сол дауыс тағы да естiлдi. Бұ не, жын ба,
шайтан ба деп, жан-жағыма алақтап қарап келатсам, анадай жерде iннiң аузында бiр
балпақ шоқиып отыр. Былай алдынғы аяғын алдына көтерiп алыпты. Пiреке, саған
өтiрiк, маған шын, тышқан да құдды балаша жылайды екен. Әлде менiң құлағыма солай
естiлдi ме, бiлмейiм, соны көрiп, төбе шашым тiк тұрды. Балпақ маған қарайды да, iнiне
бұғып, кәдiмгiдей жылайды. Құрсын, мынаның обалына қалармын деп, содан
тышқанды босатып жiберiп, барлық қақпанымды жинап ап, егесiне тапсырдым да, үйге
қайттым. Әжеме айтып ем, көптi көрген кiсi ғой, оның дұрыс болған екен, он сегiз мың
ғаламдағы мақұлықтың да тiршiлiк еткiсi келедi ғой дедi. Содан бастап аңға
шықпайтын болдым, — дедi Әлмақан.
— Апырмай, ?! — деп, Пiрмақан да таң қалды.
— Құрсын, айтары жоқ, қатты аядым. Аузын-аулақ дәм-тұздан қағылсам да, қайтып
ояққа аяқ басқан жоқпын. Асылы кiсiде қанағат жоқ қой. Қанағат қылсақ, азды көптей
көрiп, үйтiп-бүйтiп тiршiлiк етуге болады. Қай заманда да адамды құртқан құлқыны
емес пе?
— Оған не сөз бар.
Ранай әлденеден қысылып, төмен қарады. Әлмақан тура өзiне арнап әңгiме айтып
отырғандай, есiне бағанағы эшелон, тұз, әкесi түсiп, өмiрi iстемеген кәсiбiн iстегенiне
ұялып, бетiнен оты шықты. Қарша жауған оқ астына бара жатқан өрiмдей жастың
аузынан жейтiн дәмiн жырып алып, тұз сатып қүнелткенiне қатты ұялды. Кешегi
Қызкүмбездi басына салған Жамал болса ғой... Айтпақшы, Қызкүмбез демекшi, сол ғой
қатал әкенiң айтқанына көнбей, өз махаббатының құрбаны боп, темiр құрсаудан
жырылып шыға бiлдi. Ал бұл... Әке сөзiн қайт етпей, жанбай жатып сөндi. Өз мақсаты
жолында күресе де алмады. Ержiгiт iзiнен iздеу салғанда Көптiлеудiң айтқанына сенiп,
өз қолымен еркiммен келдiм деп түсiнiк хат жазып бердi. Сүйткен жан ақыры не
көрсеттi? Осы өзi де ынжық емес пе? Ержiгiт болса, әлiге дейiн былқ-сылқ етiп жүр.
Ендi оның мұнымен тағдырын қоспасы айдан анық. Сонда бұл қайтпек? Әлде құда
түскен бiр шалдың етегiнен ұстап кете бере ме? Үйткен өмiрдiң не қызығы бар? Оған,
әрине, Жамал көнбес едi. Оны қойшы. Ендi мына тұз сатқанына тыйым салғаны жөн.
Келiншек сол арада өз денесiнен қуат алып, күн санап жетiлiп келе жатқан нәрестенiң
бiр аударылып түскенiн сездi. Өзi тентек. Мына жарыққа кашан шығарасың дегендей
түн баласында маза бермейдi. Соңғы кездерi тұла бойы ал-сал тартып, жүрiп тұруы
қиындап барады. Бiрдемеден секем алса-ақ, нәресте мұның жанын көзiне көрсетiп,
кұрсағында бүлк-бүлк ете жөнеледi. Ондайда Ранай әке көзiне түспеуге тырысады.
Шешесi мұның халiн сезетiн болса керек, кейде аянышпен қарап қояды. Қайтсiн, қызы
әке-шешесiнiң от басында босанса, тiрi масқара емес пе? Шешесi соны айтпаса да,
қатты азарланып жүр. Әкесi түсiн бермей, сазарады да отырады. Соны көргенде
Ранайға ендiгi өмiрдiң ең қызығы қалмайды. Бәрiнен түңiлiп бiтедi. Жас кезiнде
алдынан жылтылдап жанған шырақ лап етiп сөнiп, төңiрегiн қап-қара тұман басқандай
көрiнедi. Ондайда ендiгi өмiрдiң не берекетi бар деген сауал көкiрегiнен кетпей қояды.
Кейде өзiн-өзi ақылға шақырып, сабыр етiп, бұрынғы қалпын қайта тапса да, қоңырқай
тiршiлiк әбден жерiтiп бiттi. Ол осы көргенiн құрсағындағы ұл ма, қыз ба, әлi белгiсiз