Стр. 160 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ниет етуiңнiң өзі сөкет емес пе? Тiптен былайғы жүртқа әбес көрiнедi ғой. Жә, оны
қойшы. Не десең о де, бұл өз бақыты үшiн күрестi. Ау, сонда әлеуметтiң жағдайын
ойлағаның қайда? Әлде ол да жел сөз бе? Неге? Көптiлеу аңтарылып қалды. Неге?
Сонау қауымдасу кезiнде ел-жүрт деп жарғақ құлағы жастыққа тимей шапқылаған жоқ
па? Сонда мұнан не кiнә бар? Бар, жоқ. Бар, жоқ. Жә, қазiр оның ақ, қарасын ашып
жататын уақыт па? Онан да ана Пұсырман, Ранайларға осы тiзесi батыңқырап кеткен
жоқ па? Олар сенiң басындағы баққа таласқан жоқ қой. Сонда бұл неге үйттiң? Ә, iнiсiн
бақытты қылмақ болған екен қой. Өй, осы жақын-жуық, руластар-ай! Кейде азаматты
пенде қылып жiбересiң. Неше түрлi ұсақтыққа апарасың. Егер Ертiлеуге Ранайды алып
бермегенде... Бұл оны қайбiр жетiскенiнен iстедi дейсiң. Тек... Жә, жә. Не десең де,
қызға обал болған жоқ па?
Сол арада терiскейден қарсы соққан ызғырықтың лебiн айқын сездi. Ой басқан
еңсесiн көтерiп қараса, аспан жүзінде жабағы жүндей бұлттар бермен қарай жөңкiле,
аударыла төңкерiлiп көшіп келе жатыр екен. Сонау төбе басына тiрелiп тұрған көкжиек
бұлдырап сала берiптi. “Шамасы, дауыл соғады-ау. Әлде қара нөсер ме?” — деп ойлап,
Көптiлеу алдындағы төбе басына шауып шықты. Төңiректi шолып қараса, құты қашқан
түйелер әлден бастарын көтерiп, бет-бетiне бытырап қашар рай танытып, тайрақтап
желе бастаған екен. Әсiресе, Жабағының Тәспенінiң түс малы саналатын атақты қара
бура қарасынан үркiп, сонау бұлт астындағы қара дөңге қарай бет қойып та үлгерiптi.
Түйе ығып кетсе, ұрғашысын iздеп табудың өзі қиын.
Көптiлеу осы кезде бар кәрiн бойына жиып, қара бұлттардың алқам-салқам
бауырына жабысып сатырлай жеткен желi, жаңбыры аралас алапат дауылды кеудесiн
тосып тоқтатқысы келгендей, астындағы атын қамшымен бiр тартып кеп, бет-бетiне
безiп тайрақтай жөнелген қалың түйелерге қарай қара жердi дүрсiлдетiп шаба жөнелдi.
21
Ертенiне ит-сiлiкпесi шығып оянды. Шәй iшiп, әлденiп алғасын қасына кiсi-қара
ертпестен ығып кеткен түйелердi iздестiруге шықты. Күз дендеп енген Сыр өлкесi жаңа
сарғая бастағанында қайтадан ылғал тиiп, шөптер жас көгiн шығарып, соны реңге ене
бастаған. Күн жылы. Көптiлеу атын жәймен қамшылап, желе жортып келедi.
Ықылассыз. Онша құлық қоймай, Жаманшығанақтың бойын бiр сүзіп шықты. Онан соң
Сарбұлақтын кезiн шарлады. Бiр болса, осы жақта шығар деп ащылық сорақы қақаған
қыста да желкiлдеп тұратын Моншақтың бергi сор жағына барды. Еш жерде жайылып
жүрген түйелердi көрген жоқ. Оның ендiгi бар үмiтi — Көсе. Әуелгiде ат басын жеп-
жеңiл солай қарай бұрарын бұрса да, кешегi жылдары осы елдi дауыл соққандай
дүрлiктiрiп кеткен ересен уақиға, қауымдасу кезi, Ақмырза көтерiлiсi, мерт болға өз
ағасы есiне түсiп, сәл тiксiнiп қалды. Қанша дiнiне берiк болғанымен, өмiрiне үлкен
өзгерiс енгiзген Көсе бойын кейiнгі уақытта көргiсi келмей жүрген. Ендi амал жоқ,
солай қарай ықылас қоймай жүрiп келедi. Ауылдан ұзап шығысымен терiскейден
соққан ызғырық желге ат маңдайын төсеп, тартты да отырды. Дала кеуiлсiз. Аспанда
жел жыртқан алба-жұлба бұлттар әлдеқайда асыға жөңкілiп жүзiп барады. Қызуы қаша
бастаған күннiң әлсiз сәулесi кәрi кiсiнiң алақанындай қуатсыз. Көптiлеу ер үстiнде
дұрысталып отырды. Апырмай, деп ойлады iшiнен, кешегi жылдары осылай түйе
соңында салпақтап жүремiн бе деп пе ем? Басқарма боп, атағы осы төңiрекке тарап
тұрған құдіреттi кезiнде бұлай түйе iздемек түгел, түйе союға да қол ұшын бермейтiн
едi-ау! Асылы пенденiң қолымда бәрi бар деп тасымағанына не жетсiн. Тасыған соң,
өзіңнiң қараған қара басыңның қамынан өзгенi ұмытасың. Жұрттың сый-құрметiн
кейде данышпандығыңа телiп, айналаға көз де салмайсың. Көкiрек iскесiн‚ көз бен
көңілдi де бұлт басып, датынан арылмаған темiрдей сарғайып, көнере бастайтын
көрiнедi ғой. Мен де сүйттiм бе, әлде осыным дұрыс па? Дұрыс болса, неге басы тасқа