Стр. 161 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

соқылған бекiре балықтай тәкит жедiм? Әлде өнбейтiн дауды қуалап, бүгiнгi елдiң мұң-
мұқтажын ойламай, замана ағысынан шеттеп қалдым ба? Шамасы, сүйткен шығармын.
Не десең де, осы арада бiрдеме бар. Жазған-ау, басыңа бiр қонған атақ-даңқты мәңгi
ұшпастай көрiп, пендешiлiктiң кұрығында кетiп, iргеңдi қайдағы бiр пасық пиғылдан
неге аулақ сала алмадың? Тым құрмаса, осындайда ел арасында сенiң жасаған
жақсылығыңды еске алысып, ой, түгенше баяғыда бүйтiп едi, мол қайыр, шапағат
жасап едi деп, аузынан суы құрысып айта-айта жүрер едi. Бақса, бұрынғы ел
жақсыларының әр iсiн жұрттың аузынан тастамайтыны содан. Өз құлқынын ұмытып,
көпшiлiктiң қамын жегенiнен екен ғой. Сен соны байқасаң да, онша құлық қоймадың.
Соныңа ендi өкiнiп жүрсiң. Асылы өмiр сабағы деген осы, өкiнiш болар, бiрақ адам
үнемi өкiнiп өту үшiн емес, мына жарық дүниеге жақсылық жасау үшiн де келмей мен?
Сонда сенiң жасаған жақсылығың қайсы? Рас, ана жылдары ел басын бiрiктiрiп, колхоз
құрдың. Ол кезде ниетiң де, пиғылың да жақсы едi. Кейiннен, иә, бәрi кейiннен...
Көптiлеу жанын қинаған ойдан арылғысы кеп, еңсесiн көтерiп алып, алыстағы
қырларға көз тастады. Қылт еткен қарайған жоқ. Ол атын сар желдiре отырып, Көсенiң
қырағына шықты. Жан-жағына көзiн күннен көлегейлеп, ұзақ-ұзақ қарады. Анадай
жерде бiр топ киiк зытып барады. Қап, қас қылғанда мылтығын үйде ұмыт
қалдырыпты-ау! Ол қас қарайып қалғасын атының басын бұрып, Көсенiң Сарбұлақ
жағындағы Қуаң жағасына жете бере салынған Жабағының Тәспенінiң күмбезiне
беттедi. Бұл ен далада жүргенде қорымнан қорықпайтын. Қайда жүрсе де, қорымға
жетiп жығылып, сонда түнейтiн. Осы жолы да сонысына бақты. Жабағының Тәспені ел
арасында әулие деп аталып, басына барған кiсiлерге аян бередi екен деген сөз тарап
жүретiн. Көптiлеу күмбезге жақын кеп, атынан түсе бергенде арғы сайдан бiреу қылт
ете қалды. “Бұл кiм екен?” — дегенiнше болмады, iрi алпамсадай кiсiнi шырамытып,
түсi бұзылып сала бердi. Үзеңгiге аяғын сұға алмады. Атына мiне берем дегенше, Iзет
жетiп кеп, қатты ақырып, дойыр қамшымен тартып өттi. Келесi сәтте ес жиюға мұрша
келтiрместен ауыр соққы жауып кеттi. Көптiлеудiң басы айналып сала бердi. Аспан
құлап, табан астындағы жер қозғалып бара жатқандай сезiлдi. Одан арғысын емiс-емiс
бiледi. Бiр қараса, Iзет бас жақында түнере төніп тұр екен. Ол мұның есiн жиғанын
көрiп, берi бiр аттады:
— Ә, көззап! — дедi ол тiстенiп. — Жаныңды жаһаннамға жiберейiн бе, а?
Осыншама iзiмнен қалмастай менде не әкеңнiң құны бар едi?
Көптiлеу үндемедi.
— Жарайды, сенiң қаныңды жүктемей-ақ қояйын. Мен бiр жүрген даланың тағы
бөрiсi. Тағы боп туылдым, тағы боп өлем. Асықпа, әлi құдай сазайыңды тартқызар, —
дедi де, Iзет атына мiнiп, мұның атын жетегiне ап, түскей жаққа кете барды.
Көптiлеу басын шаққа дегенде көтерiп, бiрдеме деуге оқталды да, тiлiн қырқып
тiстеп ала қойды. Әлде жалынғысы келдi ме, әлде айдалада қара жаяу аштан өлем ғой
дегiсi келдi ме? Жоқ, оның бiрi де емес. Көптiлеу осы жолы арлаған бетi қайтып, кiсiге
имейтiн басын иiп, ана кетiп бара жатқан Iзеттен, өз ағасын мерт қылған Iзеттен
кешiрiм сұрағысы кеп кеттi, бiрақ оның қайрылмас түрiн көрiп, айқайлауға өз
даусының жетпесiн бiлiп, өкiнiш пен үрей қоса қабат торлаған жанары
шыңылтырланып, бiрте-бiрте ұзап бара жатқан салт аттыны ақырын ұзатып салды. Күн
сары жалқақтанып, батып қалыпты. Терiскейден соққан ызғырық ауа райының шұғыл
суытар ыңғайы барын танытқандай, кiсi денесiне түрпiдей тиедi. Көптiлеу сал-сал
бойын жиып, орнынан әзер дегенде түрегелдi де, қолындағы қамшысына қарады.
Жыны қозып, қамшыны аулаққа лақтырып жiбердi. Жаңа соққы тиген жерлерi қол
тигiзбей ауырады. Ол есiн жиып, аспанға, мына жарық дүниеге қарап тұрды да, кенет
осының барлығына да өкпелеуге болмайтынын, тiптен үйтуге хақысы да жоқтығын
сездi. Кеше өзі де талай кiсiнi ренжiткен жоқ па? Олар да осылай деп, өзінiң қажыған
тәнінен қайрат шақырып, сабыр айлаған шығар? Көптiлеу сұлық тұрды да, есiне
бiрдеме түскендей, Жабағының Тәспенінiң күмбезiне барды. Елсiз жүрт. Бұл арадан