солардың өзінiң өкiнiшке ұласқан тiршiлiгiмен бiр рет дәлелдеп өтушi болғаны ғой. Ау,
дәлел үшiн басқа кiсiлердiң ғұмыры аздық еткен бе? Көптен мойным озық деген бұл
сонда сол жамиғаттың арасынан шыға алмай қалған ба? Демек Көптiлеудiң де мына
жарық дүниеде iз-түзі қалмай жоғалады. Аз күнгi қуаныш, тартыс, жеңiс, тереңннен көз
жiберiп қараса, анау биiк зеңгiр аспанның төрiнен көз тастағанда, түкке тұрмайды екен-
ау! Өз илеуiнде ғана тырбаңдаған құмырсқаша басқа өмiр, бөтен сөз барлығын бұл
неғып аңдамаған, а? Ендi, мiне, кеше өзі қиянат жасап, қосағынан айырған Ержiгiттiң
ата-бабасының моласының басында отырып, iзгi ойларға шомып, қисайып жатыр.
Тағдырдың тәлкегi деген осы шығар, а? Ал, жаңа Iзеттiң iстеген қиянатына
ашуланбағанына өзі де таң. Соғысқа барудан қашып жүрген ұрының көпшiлiк
жұмылған iстен бас тартқанын айыптау орнына, не қоштамай, не қарсылық жасамай,
құба дүзде жападан жалғыз қала бергенi қызық. Қайтсiн, ол сорлы да күйгендiгiнен
iстеп жүрген шығар. Ол да мына жарық дүниеде iз-түзі қалмай, далаға сiңiп, жоғалып
кетедi. Сонда бұл әлемде кiм қалады? Ешкiм де. Жо-о-қ, неге, неге бiз әлiге дейiн
түгенше айтыпты деген iрi сөздердi атадан балаға жеткiзiп отырамыз? Бұрында өткен
кiсiлердiң өзі қалмаса да, сөзі, рухы сақталып қалады екен. Рухы. Бұл не сөз? Мен
соның мағынасын толық түсiнем бе, әлде мұнда кiсi миы жетпес тылсым сыр бар ма?
Не десең де, табиғатта құпия көп. Ол түгел, бiр адамның өзінде, тал бойында қаншама
жасырын сыр бар? Бiз соны бiлiп болдық па, бiлгiмiз келе ме, сүйтуге тырысамыз ба?
Әй, қайдам. Басқаларды бiлмейдi, әйтеуiр, бұл өзі бөгде түгел, қойнындағы әйелiнiң де
не ойлайтынын, ненi аңсайтынын сұрап та көрген емес. Бар болғаны тәніне сыймай
шiрiген шақта нәпсi уытын басар төмен етектi бiреу көрдi. Ыстық ықылас, жылы пейiл
танытып, әуре боп жатқан жоқ. Ау, сонда ол да құдайдың пендесi емес пе? Онда да
өзіндегiдей көңіл, өкпе, ренiш, куаныш бар емес пе? Ең аяғы, құрсақ көтерiп, бала тапса
да, кiшкене шаранаға бар аналық мейiрiмiн бөлiп берiп, айналып-толғанып жатпайтын
ба едi? Қазақ әйелiнiң от басын ыдыратпас, кешiрiмшiл, ашуы тар, сабыры кең осы бiр
жақсы қасиетiн бiз қадiрлей бiлдiк пе, соны кейiнгi өрiм жас қыздардың бойына жылы
нәрдей етiп құя алдық па? Өлшеп-тексерiп келгенде, адам парызы дегеннiң бiрi осы
емес пе? Сол қарапайым да ұлы мiндеттi атқармасақ, ертеңгi ұрпақ көрiңе от қойса, не
ренжитiн орның бар? Жоқ, ешқадай да өкпелей алмайсың. Апырмай! Көптiлеу басына
қиыннан киысып, керуендей ұбап-шұбалып келе берген ойлар селiне еге бола алмай,
таң қалып ұзақ отырды. Бәрiн бiр жерге жиып, жүйелейiн десе, өз шамасының жетпесiн
анық сездi. Жә, оны рет-ретiмен ақ қағазға түсiретiндей не керегi бар? Көптiлеу
шекпенiнiң шалғайын қымтанды. Тұла бойына суық шауып, бiр сәт арқасы тоңазып
кеттi. Кенет бұрыш-бұрышы от жарығымен қарауыта түнерiп, бiрде жарық боп, бiрде
томсырая қалған үйтамның iшiнде отырғаны есiне түсiп, кеше өзі қолымен бұздырған
Қызкүмбез, ана қорым көз алдында көлеңдедi. Бақса, бұл ата-бабаның көрiне емес, ең
алдымен рухына қол жұмсапты. Ал рухқа қамшы сiлтегендi еш адам баласы, мейлi сен
дiндәр бол, мейлi сен дiнсiз бол, мына жалғанның жүзінде ешкiм де кешiрмейдi. Ау,
неғып кешiрсiн. Қазiр өзіңе қарашы, сен Жабағының Тәспенінiң қабірінің басында
анталаған қасқырдан қорғанып қонып отырсың. Сонда Қызкүмбездi, қорымды
бұздырып, оларға қонатын кiсiнi баспанасынан айырған жоқсың ба? Құрығанда, кiсiнiң
көңiлiн делбер мына опасыз жалғаннан көңілi қалғанда өзі сияқты фәнидiң қат-
қабатына көз жiберiп, терең ойға батар жалғыз тiрегiнен айырдың. Мұныңды сонда
жұрт қалай кешсiн. Жұрт кешкенмен, аруақ кешер деймiсiң? Аруақ? Осы, немене, мен
дiншiл, ырымшыл боп баратқан жоқпын ба? Жалғыз қалған кiсiге ой қандай үйiр. Ау,
оны да адам баласының өмiрiнен алып тастасақ, сонда тiршiлiк не болмақшы? Ойды
алып тастасақ, онда сөзді де алып тастағаның. Ойсыз, сөзсiз кiсi бiр-бiрiмен мақау
кiсiше қалай тiлдеседi, өткен-кеткендi қалай әңгiме-хикая ғып шертедi? Ойбай-ау,
Көптiлеу кеше өзі жайлы жаман сөз айттырмаймын деп адамзаттың ең зәру, ең қажет
тiрегiнен де айыруға бел байлапты ғой. Масқара! Кiсiнiң аузына қақпақ қойғанды о
заманда бұ заман, кiм көрген? Аузына қақпақ қойылған кiсi де бiр, есек те бiр. Есек,