Стр. 164 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

есек, иә, есек? Жұмыс iстеу үшiн ғана жаратылған. Сонда Көптiлеу жүртты не етпекшi
болған, а? Астапыралла! Буынсыз жерге қалайша пышақ ұрам деп, арамтер болған?
Мұны тiрi пенде ести көрмесiн.
Көптiлеу арқасы тоңазып, қозғалақтап қойды. Көзi ұйқы қысып, жұмылып бара
жатқанда, кенет селк етiп, қыр жақтан шыққан тосын дыбысқа құлағын түрдi. Бiр
қасқыр iшегiн соза ұза-а-қ ұлыды. Оған екiншi, үшiншi... есебi жоқ, бәрi қосылды. Сол
екен, Көптiлеу ұйқы қысқан көзiн кең ашып ап, мен-зең болған басын шұлғып қойып,
қолына сойылын қыса ұстады. Сексеуiлдiң шоғын жайнатып қойды. Аздан соң
күмбездiң қарсы алдынан пар шоқ көрiне бастады. Бәрi де аса жақындамай, от
маздатып отырған жалғыз кiсiден айбынғандай, ұлып, топырақ атады. Сол кезде
Көптiлеу көнi қалың қолының күйiп бара жатқанына қарамастан, бiр уыс шоқты
қасқырға қарай лақтырып жiбердi. Қасқырлар ар-р ете түсiп, қаша жәнелдi. Бiр сәт
айнала сап боп, баяғы бойкүйез тыныштығын қайта тапты. Көптiлеу күлдiреп қап, удай
ашыған қолыпа қарады. Апырмай, от жарықтық киелi ғой, деп ойлады. Отсыз тiршiлiк
жоқ. Оттан қасқырға шейiн қорқады. Ал адамзаттың бүкіл керуенi жолында
темiрқазықтай боп, жол көрсетiп, iзгiлiк отын маздатып жанған ғұламалардан осы бiз
неге қорықпаймыз, а? Қит етсе, олардың айтқанын байыбына бармастан‚ жоққа
шығарып жатамыз. Кеше Көптiлеу де сүйттi. Сонда осы дұрыс па? Қолымен от ұстау
онай ма? Жаңа ғана мұның бiр уыс шоқты күреп алам деп, алақаны күлдiреп шыға
келдi. Ал барша адамзатқа жол сiлтеген кемеңгерлер жанының, қиялының құдіретiмен
жанған оттан бiздiң бетiмiз неге күймейдi? Ең болмаса, ұжданымыз, ар-ұятымыз күйсе
еттi. Күйген кiсi ашынады, не басылып, ақылға келедi. Ақылдың соңы сабыр. Иә, осы
сабырсыз тiрлiк жоқ. Желөкпелердiң дақпыртына ерем деп, кейде сабырды ұмытып
кететiнiмiз жаман-ақ! Сабыр айласа, Көптiлеу жетi қараңғы түнде, жанында тiлдесетiн
бiр адам жоқ, осылайша жападан-жалғыз отырар ма едi? Жалғыз? Неге? Мұның
қасында мына Жабағынын Тәспенінiң рухы бар емес пе? Бiрақ кiсiнiң рухпен бетпе-бет
кеп, жалғыз қалуы қым-қуыт тiршiлiктiң ортасында жүргенiне айғақ бола қояр
деймiсiң? Асылы, осы арада мән басқада болар. Ең ақылды кiсi, Көптiлеу солай ойлады
да, қуанып кеттi, иә, ол қым-куыт қызығы, тартысы мол өмiр мең рухтың ортасына алға
бел көпiр салып, өткен мен бүгiндi тал бойында жымдастырып жiберiп, болашақ екелер
ұлан-ғайыр жаңалықтарды өз денесiндегi бүкіл адамзат баласы жинастырған
байлықпен өлшестiре қараған. Қоласынан күмiсiн арши бiлген кiсi. Мен сүйте алдым
ба? Жоқ, жо-о-оқ.
Касқыр тағы да ұлыды. Көптiлеу тағы да шоқ шашты. Тағылар жым-жылас
жоғалғасын, ол отқа сексеуiл салып, лаулатып жақты. Басына бөтен бiр ой түсті. Осы
қараңғы түнде жалғыз атты жолаушы әлгі қасқырларға тап болып, жол таба алмай келе
жатпаса нетсiн. Бәлкiм, ол жан алқымға таялғанда мұның айдалада, елсiз жапанда
жанған соңғы отын көрiп, өзіне таяныш-тiрек iздеп, ат басын берi қарай туралар?
Тiптен қасқырға жем болғанда да соңғы алданыш үмiттей, жарығы ен далаға жетпесе
де, бойындағы бар қызуын аямай берген оттың әлсiз сәулесiне ақырғы рет бiр қарап ап,
жан тәсiлiм қылар. Әй, маған не көрiндi осы? Жынданғанмын ба, а? Иә, жындысың,
жындысың! Ха-ха-ха-ха! Көптiлеу жарылып күлдi. Ауышсың! Ауыш болмаса, кiсi аузы
бармайтын шындықты айқайлап, жар салып айта ма? Сол айқайың, жан даусың күйкi
тiршiлiктiң ортасында жүрсең, сенiң басыңа қандай бұлтты үйiрер едi, әлде үйiрмес пе?
Қазір үйтпес, әйтеуiр, мұның анық бiлетiнi, ақ патша тұсында ондай азаматтардың
абақтыда шiрiгенi айдан анық. Сонда оларды соншама қасiретке, азапқа көнуге, мына
жалғанның кемдi күнгi қызығынан айрылуға бағыштаған күш не, даналық па, шалалық
па? Жә, қазiр оның ақ, қарасын тексерiп жататын уақыт емес. Үйтуге мына қасқырлар
мұршаңды да келтiрмейдi. Әне, бiр тағы көзi қызарып, мұны түтiп жердей боп келедi.
Әй, қызыл көз неме, қолыңа түссе, адамды да жемексiң-ау! Осы қызыл көздерге зауал
жоқ па? Жоқ болса, мен онда көрсетейiн, мә, ал сыбағаңды, деп Көптiлеу тағы бiр уыс
шоқты шашып жiбердi. Қызыл көздер тырағайлап қашып бердi. Қашып бара жатып,