Стр. 165 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ұлуын қоймайды. Әй, санасыз, қызылкөз қасқыр! Талап жемектерiң мына мен бе? Ал
жей қойыңдар, менi талаңдар, сүйегiмдi паршалаңдар, әкелерiңнiң ақысы бiтетiн болса,
ал жеңдер, иттей қып талаңдар! Қызыл көздер, көрбақа беттер, талаңдар, жең-е-де-е-ер!
Көптiлеу қарқылдап күлдi. Әй, мына қызылкөздер, қасқырлар меңi жеймiн дейдi, менi
құртамын дейдi! Ойбай-ау, менi құртқанда, дүние өзгере ме? Мен қай бiр аспанды тiреп
тұрған кiсiмiн? Көздерiңе бәледей көрiнсем, ал талаңдар, жеңдер! Жо-о-оқ, әлi менiң
қолымда отым, шоғым бар. Соны тауыспай, сендерге берiле қоймаспын. Әй, анау түлкi
тамам қасқырдың ортасында нағып жүр? Сорлы, залымдармен пейiлiм жарасқан деп,
қумын деп, ақымақтығын бiлмей жүрген сорлы! Сойған түлкi! Менi құртқасын, саған
да кезек келер. Қасқыр, адамды аямаған қасқыр, сенi, олармен жарасқан опасыз сұм
түлкiнi аясын ба? Әлi-ақ олар сүйектерiңдi кемiрiп, құйрығыңды жерге тiкесiнен
шаншып кетер. Қасқыр да қанiшер, қанішер, қан-ішер, ішер-қан, қасқыр ішер қан,
қанішер, ішер-қан..., іш, іш, құрбақадай суық жануар, ішер қан қанiшер, iш, iш...
Көптiлеу есiрiк санасына еге бола алмай, тарқылдап күлдi. Бiр түн оны өмiр тезiнен
қайтадан өткiзiп, баяғы алаңсыз жастық шағын ұңғыл-шұңғылын қалдырмай
тексерткiзiп, кенет аяқ астындағы топырақтан жұлып әкетiп, сонау зеңгiр аспанға ертiп
әкеткендей. Онысына өзі де қайыл, бiрақ бұл ақ қанатты перiштедей қанатын
лыпылдатып қаға алмайды. Бiр қараса, қос қанатына, бiр жағынан Ранай, Ержiгiт, бiр
жағынан Пұсырман, Алмашкүл, ар жағындағы кiсiлерде есеп жоқ, бәрi жабысып алып,
бұл қанатын сермеген сайын ұзын арқан тәрiздi бұлғаң-бұлғаң етедi. Әйтеуiр, неге
денем ауырлап кеттi десе, қос қанатына жабысқан бiреулер бар екен ғой. Оларға
қалыңдар дейiн десе, жүзі өртенiп, төменшiктей бередi. Олар болса, мұны кәусар суы
сылдыраған бейiш бағына жiбергiсi келмегендей, бiрiнiң үстiне бiрi дүмелiп,
қанатының қауырсындарын бiр-бiрлеп бытырлата сындырып, жабысып жатыр,
жабысып жатыр... Әй, қойсаңдаршы, адамгершiлiктерiң қайда кеткен, а?
Адамгершiлiк?! Көптiлеу ұзақ ұйқыдан оянғандай селк етiп, бiр сәт аңтарыла қарады.
Жаңа бiреуге сөйлеген сиякты едi, көз салса, жанында ешкiм де жоқ. Әлгі сөзді сонда
кiмге айтқан, әлде өзіне өзі ме? Баяғыдан сүйтсе, бұл осы кәрiп халге түсер ме едi? Өй,
пендемiз ғой, сол ұлы сөзді бiр сәт неге осылайша өзімiзге өзімiз, оңашада, мына жарық
дүниеден жасырынып жатып, сабырмен айтпаймыз? Сонда жүрген жолың, iстеген
шаруаң, ақ-қарасы ашылып, алақаныңда сайрап жатар едi. Бірақ бiз үйтпеймiз. Неге, а?
Көптiлеу алдына созылған қолына таңдана қарады. Менiм мұным не, менi бiрдеме
қаққан ба? Қой, қой. Ол мең-зең болған басын әзер дегенде көтерiп, ағарып атып келе
жатқан таңның алғашқы қызыл шапағын көрiп, қасқырлардың қызыл көздерi бозарып,
қаша жөнелгенiн, қашқанда мына жарық дүниеден, жарықтан қашқанын көрiп, күмбез
iшiне қисая кеттi. Апырау, жаңа қызыл көздер, қасқырлар мына жарықтан неге қашты?
Шамасы, олардың жарыққа тура қарай алмайтын бiрдемесi болғаны ғой. Иә, сүйткен
шығар. Ал мен осы жарықтың бетiне тура қарай алам ба, үйтуге хақым бар ма? Жоқ,
бар, жоқ, бар...
Ол түске таман ұйқысынан оянды. Басы зiлдей, қорғасын құйғандай көтертпейдi. Бiр
түн iшiнде шашын қырау шалып, құп-қу боп кеткен. Баяғы қылшылдаған жастық
шағын еске түсiрер Көптiлеудiң орнына бiр түн iшiнде басқа жақтан мына әуеден әлде
анау зеңгiр аспаннан қауқарсыз шал түсе қалғандай. Онын асқа тәбетi шаппады. Қазір
өзінiң мына жарық дүниеде бар, жоғы бiрдей, фәниден кеулi әбден аддуан тақуаның
қалпын танытады. Ол қалт-қалт етiп, қолындағы кешегi сойылын дәрмен қылар, тiрек
етер таяқ қып, әзер дегенде қара дөңнiң басына шықты. Онда да бiреу-мiреу көрiнер, ат
басын бұрар деген дәме емес, керiсiнше, өзі қадiрiн бiлмей келген мына жарық
жалғанның бүкіл бiтiмiн осы бiр жазылып жатқан құба даланың кейпiнен ақырғы рет
анықтап көрсем деген талап, тiлек тұр-тұрлап шығарған едi. Көптiлеу ата-бабасы, әке-
шешесi, өзі, өзінiң тұстастары өмiр кешкен, ертең келер ұрпақ тiршiлiк етер сайын
далаға, оның әр қырына, ана суы тартылған Қуаңдарияға, анау зеңгiр аспанға, бәр-
бәрiне жаңа көргендей елжiрей қарады. Зәтi қатты жiгiт, тұңғыш рет көзiне жас алды.