Стр. 167 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

балқытылған қорғасын құйғандай азарланады. Өзін-өзі мүжидi. Өткен өмiр жолының әр
бұралаңы парықсыздықтың кейпiндей боп көрiнiп, iштен тынады. Мұндайда көңiлiн
сергiтер кiсi жоқ. Төребайға қосылып арақ iшсе, жыны онан бетер қозады. Ертесiне
басы мен-зең боп тұрып, ештеңеге зауқы соқпайды. Қайтадан арақ iшкiсi келедi. Бірақ
өзін-өзі қатал тиып, тiзгiнiн қолына алады. Бәрiбiр көңілсiз, үйде болса да, мектепке
барса да, жан түкпiрiн сыздата жарып шыққан сыздауықтай орны толмас өкiнiш iзiнен
бiр елі қалмайды. Содан кұтылайын деп бiрде Ранайды от басына кiргiзсем бе деп те
ойлады. Жеме-жемге келгенде жат ожар қол умаждап тастаған қызғалдақты қайтадан
алақанға сап аялаудың киын екенiн андап, әрi-сәрi болды. Шешiм таппай сенделдi.
Ранайды мүлдем көргiсi келмей кеттi. Көре алмай және тұра алмады. Көрсе ескi дертi
қозатын, көрмесе тақаты қалмайтын беймәлiм дерт сары аурудай созылып, әбден
әбiгерге салды. Ақыры ол бұдан құтылудың бiр жолы осы станциядан басы ауған жаққа
мәңгi-бақи кету керек екенiн пәмледi. Оның үстiне кiлең қатын-қалаш, бала-шағаға
қарап қалған ауылда қыз-келiншек аңдитын салақ серiдей салақтап жүргенi оғаш
көрiндi де тұрды. Кеше бiрге жүрген қатарлары қан майданда шайқасып жатқанда бас
баққандай болғаны жанына баты. Ақыры нар тәуекелге көз жұмды. Сонысын
құптағандай, аудандық әскери қомиссариаттан шақыру қағазы келдi. Ержiгiт куана-
қуана Қазалыға тартты. Майданға аттанар күнiн бiлгесiн, жұмысынан шығайын деп оку
бөлiмiне беттедi. Жолшыбай базарға соқты. Соғыс салмағы қай жерден де анық
көрiнедi. Базарда бұрынғыдай құжынаған жан жоқ. Нан, айран сатқан бiрнеше әйел қаз-
қатар отыр. Ол базардағы жаймаға жақындағанда пештен жаңа ғана алған ыстық
күлшенiң иiсi мұрынды қытықтап, аңқып қоя бердi. Бiр кесек денелi қара әйел қабынан
ыссы күлшелердi алып, өренiң үстiне қойып жатыр. Былқылдаған күлшелер қызарып
пiскен. Сол мезетте алба-жұлба киiмдi бiр бозбала күлшенi ала қашты. Ел шу ете түсті.
Әбiгерi шыққан жұрт орындарынан өре түрегелiп әлгі бозбаланы куып барады. Ол
базардың қақпасына жете бергенде бiр-екi кiсi қарсы шықты. Одан арғысын Ержiгiт
көре алмады. Айқай, у-шу, балағат сөз шаңқ-шаңқ естiледi. Ержiгiт аяғын тездете
басып, жетiп барса, барлық ел әлдененi жабыла тепкiлеп жатыр. Анықтап қараса, әлгі
бозбала! Бет-аузы қан-қан. Оның тәніне тиiп жатқан ауыр соққылармен жұмысы жоқ,
күлшенi қан-қан аузына бұралап тығады. Сол сәт бiреудiң зiлдей етiгi бетiне кеп тидi.
Қан сау ете түсті. Ержiгiт ыршып кеттi. Жолдағы кiсiлердi итере отырып, ортаға
шықты.
— Әй, қойыңдар, өлтiресiңдер ме?!
Оны тыңдайтын жұрт жоқ. Бозбаланы тепкiлеп жатыр. Ержiгiт елдi шаққа дегенде
тыныштандырды. Саудагер әйелге күлшенiң пұлын төлеп, бозбаланы аулақ алып
шықты да, кенет өз көзiне өзі сенбей қалшиды да қалды. Бозбалаға анықтап қайта
қарады. Жоқ, соның нақ өзі.
— Қанат! — деген сөздің қалай шыққанын аңдамай да қалды.
Қанат оған тiктеп қарай алмай, көзiн төмендете бердi. Ержiгiт оның әкесi Iзеттiң
жайын жақсы бiлетiн. Ол бозбаланы аяп, аздап ақша бердi де, базардан шықты. Аяңдап
отырып ауаткомға келдi. Кезек күткен кiсiлер көп емес екен, кiдiрмей оқу бөлiмiнiң
бастығына кiрдi. Ол iркiлдеген денесiн ерiне қозғап, бұған анда-санда жұмыңқы көзiнiң
астымен самарқау қарап қойып, әлдеқандай бiр документтердi тексерiп жатты. Бiр
қасын керенау қағып, бұған тiзе бүк дегендей ишара жасады. Ержiгiт отырды.
Меңгерушi әр әрiптiң астына сыр жатқандай шұқшия қадалады. Быртиған саусағымен
соңғы парақты жапқанда қара телефон шаян шаққандай шарылдап қоя бердi. Ол
трубқаны алды:
— Әлө, әлө, өзінiзсiз бе? Иә, кешегi жiгiт пе, аты-жөнi қалай? Қуантайық. А, солай
де, жарайды, жарайды, жаңа маған кiрiп шыққан. Әрине, әрине, сiздiң сөзіңiздi жерге
тастау деген... жо-о-жоқ, атамаңыз, менiң кеуiлiм әр кезде түзу қой. Сөзсiз аламыз. —
Ол трубканы орнына қойды да, бұған бұрылды. — Ал, жолдас Тәжиев, келiп қалдың
ба? О-от, ма-ла-дес! Биыл жақсы жұмыс iстедiң, мектеп үйiн салуға ат салыстың.