Сендей кәдiрден айырылу бiзге қиын, бiрақ майданның аты майдан. Ол жаққа да жақсы
соғысатын жiгiттер керек. Қашан жүресiң?
— Арғы күнi, — дедi Ержiгiт әлденеге көнiлденiп.
— Ал, ендi не деймiз? Аман барып, сау қайт. Құдай сақтанғанды сақтаймын деген.
Сақ болған да артық емес. Ал, жақсы, қарағым.
Ержiгiт толқып кеттi. Қаншама рет келiп-кетiп жүрсе де, осы бетi шарық табақтай
қара кiсiнiң жылы сөйлегенiн көрген емес. Үнемi iшкi сезiмiн бет-өңiне тептiрмей,
ажары қалқанша бiртұтас боп, қалғып-мүлгiп отыра беретiн. Сығырая қараған кiшкене
көздерiнде ылғи қуақы жылт ойнап жататын. Қазiр жүзі жылып, жан ашырлықпен тiл
қатқанына ырза боп кетiп, Ержiгiт ыржалақтап күліп, оның қолын алып қоштасты.
Қайта-қайта қош-қошын айтып, бiр түрлi қимай, қоридорға шықты. Сыртқа беттей
бергенiнде бiр топ жiгiттiң ортасында сұнқылдап тұрған айыр сақал Көсiкбайға көзi
түсiп, азырақ аялдады.
— Сонда не дейдi? — дедi бiр жiгiт.
— Арыз керек дейдi, орысша жаз дейдi. Соны сүйкей салатын кiсi таппай
тұрғанымыз...
— Оны... қайдам, — деп жiгiттер төменшiктеп, ығысып кете барды.
Екеуден екеу қалғасын, шалдың кұсы қотанаяқ, қиықшалап мұрт қойған солбыраған
Қуантайға түсті:
— Әй, есектiң миын жегең мәгәс! Бес ауыз орысша жаза алмайсың, сонда атаңның
басын оқыдың ба?! Ал, жұмысқа тұра ғой!
Ержiгiт оның қасына барды:
— Ақсақал, әкелiнiз, арызыңызды жазып берейiн. Көсiкбай куанып кеттi. Қойнынан
қағазын суырып жатып, сампылдап сөйлей бердi:
— Өй, көсегең көгергiр, жақсы болды ғой. Мына балам Алматыда тым жақсы оқу
оқып жүр едi. Ақыры қатын алып, оқуын тастады. Ол ол ма, арақ iшiп, көше кезiп кеттi.
Сосын ашуланып, жетiп барайын. Барсам, балам қияли болуға шақ қалған. Содан
желкелеп отырып, қатыннан айырып, ауылға әкеп қалқозға кiргiздiм. Онда да
көгертпедi. Күнi-түнi iшкенi арақ, шеккенi темекi. Аузы бiр кеппейдi. Сосын адам
санатына кiрсiн деп әрi-берi шапқыладым. Өзімiз Төртқараның Сексенiмiз. Сүйтiп,
тамыр-тұмыр қуалап мына бастыққа келiп, баламды жұмысқа ал дедiм. Ол айналайын
айтқанымды екi етпей, бiр орын таба қойды.
— Кәне, не деп жазамыз?
— Не дерi нес? Мына окудың бастығына, иә... иә, соған Көсiкбайып Қуантайдан
арыз де.
— Ал, жаздым. Сосын?
— Сосын мына Байқожадағы үшкiлге үшетiл қылып ал де, бар болғаны осы, — дедi
шал жайраңдап.
Ержiгiт шалға аңтарыла қарады. Өз орнына баратын Қуантайға көзi түскенде
кластағы отырар орындығын, журналды, тақтаны — бәр-бәрiн қимайтынын аңғарды.
Әсiресе, қаулап шыққан жас көктей балалардың мына маскүнемнен ешқандай да бiлiм
алып береке таппайтынын ойлағанда, қағазды қақ-қақ айырғысы келдi. Жаңағы қара
кiсiге барып, басқа қолайлы бiреудi табыңдар деп айтқысы келдi. Бірақ өзіне тесiрейе
қараған шалдың көздерiнен жалыныш нышанын оқып, гүйiп қылып тұрған Қуантайға
қарамастан арызды сүйкей салды. Қолы дiрiлдеп, қағазды шалға бердi де, сыртқа
шықты. Бiр жерден бiр-екi көрiшке сыра iштi. Жаңағы iш толқыны бiрте-бiрте
басылғасын, есiне жақында майданға аттанатыны түсті. Қауiп-қатерлi жаққа кетер
алдында Ранайды көрiп, адам құсап бақылдасқысы келдi. Сол қамшы боп, аяғын
тездете басып, вокзалға жеттi. Жаңа қозғалып бара жатқан жүк пойызының соңғы
жағына жармасты. Состав шайқалақтай отырып, Қазалыдан ұзап шыға бердi. Ар жағы
жеркiндiк тапал тамдарға ұласқан, қарамай құйылған үлкен қазан шұңқырдан өткесiн,
паровоз жұлға тартып, жылдамдығын үдете түсті. Алдан аңқылдап жел соқты.