Стр. 172 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Қайда?! — Нұрсұлу шошынып, баласының қолына жармасты.
— Қайда болсын. — Балмақан қолымен батысты көрсеттi.
— Жоқ, жiбермейім, құдайдың маған берген осы күйiгi де аз ба едi! Ендi сенен
айрылсам, мен қасқа маңдай не болам? Жоқ, жiбермейiм, — деп Нұрсұлу ұлын
құшақтай алды.
Қатты ширыққан Балмақан жүзі қурап, өзіне жармасқан шешесiн итерiп тастады да,
сыртқа шықты. Жан ұшырған Нұрсұлу тал қармағандай ақырғы рет ұмтылып барып,
ұлының қолынан қолы шығып кетiп, есiк алдына етпетiнен құлады. Жаулығы басынан
ұшып түсті. Ол дереу отыра қап, жаман дауыспен жоқтау айтып, бетiн осып-осып
тастады. Қара шал ұшып түрегелдi. Бетiнде бiр түйiр қан жоқ. Өне бойы жын соққандай
қалшылдап, әлуеттi қолы бiлегiне есемелей құйылған ересен ашудың қуатына шыдай
алмай дiр-дiр етiп баяғы үйреншiктi орнына қарай қозғала бердi. Созылып, созылып
барып, мұның ата-бабасынан мирас боп қалған, осы қара шақырақтың айбары мен
абыройын танытар төрт өрмелi тобылғы сапты қамшыны ақырын алды. Оны
қаһарланып, басынан асыра жоғары көтере бердi де, бiр сәт әлденеге ойланғандай ауада
дiр-дiр еткiзiп тұрып қалды. Шал басына шұғыл ой шапқандай қамшыға жалт қарады.
Екi көзi адырайып, тоза бастаған қарашығының сыртын ала қара нөсер жауар алдында
шатынап түскен найзағайдың iзiнше ирек-ирек қызыл жiптер торлап, сұсты түрге енiп
барады. Сол қызыл жiпке от алауы құбыла түсiп, тылсым теңiз өртенiп жатқандай
лапылдап кеттi. Шал селк ете қалды. Атақты, айбарлы қамшыға қимай жек көре қарап
тұрды да, әлгі алауды өшiргiсi келгендей көзiн тарс жұмып, шалт қимылдап, қамшыны
тiзесiне салып қап шарт еткiзiп бiр-ақ омырды. Белi кирелеңдеген жыланша екi
бүктетiлген оны көз салмастан жанып жатқан отқа бiр-ақ атты. Өзі де өкiрiп қоя бердi:
— О қу күдай! Маған ендi iстемеген нең қалды? Менiң не жазығым бар? Бар
жазығым, осы балдар үй болсын, ел қатарына қосылсын дегенiм бе?! Бүйткенше, қара
жерге кiргенiм жақсы емес пе?! — деп Пiрмақан еңкiлдеп жылап, өз маңдайын
жұдырығымен төбеледi. Зәресi ұша, екі көзi шарасынан шыға бақырайған Ранай аңдап
қараса, әкесiнiң шашы қудай боп кеткен екен. Бұрынғы айбарынан дым да қалмай,
қарсы алдында маңдайы әжiм-әжiм шүңкиген қара шал отыр. Сол сәт iшi қатты
ауырып, бiр нәрсе жарыққа шыққысы келгендей бұлқынып қалды. Ранай тынысы
тарылып, орнынан атып тұра сала сыртқа ата жөнелдi.
Пiрмақан маңдайын тағы да төбеледi. Оны көрiп, Күлбарам да өкiрiп қоя бердi.
Сәдiрмақан нар тұлғасы еңкiш тартып, мүлдем шөгiп кеткен. Үрзия оны құшақтап,
жылап жатыр. Нұрсұлудың тарғыл даусы құлақ қырнайды.
Тобылғы сапты қамшы маздап жанып, бiр рет шырт еткiзiп, қызыл шоқты атып
жiбердi. Аспан шатыр ете түсті.
24
Ранай ауыз үйге жете бере әлi құрып, жерге құлай кеттi. Тынысы тарылып, шыбын
жаны көзiне көрiнгендей болды. Бiр құдiрет iшiн қатты түйнеп, жарық дүниеге
шығатын уақытым жеттi дегендей аяусыз тепкiледi. Ондайда Ранайдың шығарға жаны
қалмайды, не iстерiн бiлмей, басымен қабырғаны қайта-қайта соққылады. Тiлi
жеткенше құдайға жалынып, жалбарына бастады. Жана ғана iшкi тамдағы ызы-қиқы
шу, айқай бiр сәтке есiнен тарс шығып, қатты басталған толғақ өз әбiгерiн ала келдi.
Шалқасынан жатқан күйi қимылдауға әлi жетпей, жанын қинаған азаптан тезiрек
құтылсам екен деп тiледi. Қолымен iшiн басты. Дәл соны күткендей нәресте тағы да
қатты-қатты кимылдады. Ранай шыңғырып жiбердi. Бұл кезде сыртқа шыққан
Күлбарам мұны көрiп, көзi пора-пора боп, жанына жақындап кеп, оңтайландырып
жатқызды. Лезде шешесi, Үрзиялар да жетiп келiстi. Басқа ер кiсiлердiң бұл бөлмеге
аяғын аттап бастырған жоқ. Толғақ сәт сайын күшейе түсті. Әйелдер құрған аспалы