да бұл дүниеден баз кешкеннiң өзі артық емес пе? Құдай-ай, мен неге соны дер кезiнде
ойламағанмын? Соны ойлап көрдiм бе? Мыналар ойлай ма?
Нұрсұлу, Күлбарам, Үрзия төргi тамға өте бердi. Есiк ашылғанда әкесiнiң:
— Құдай-ай, көрсетпегенiң көп екен! — деп күрсiнгенi естiлдi.
Ранайдың тұла бойы мұздай су құйғандай қалтырап кеттi. Лезде бар қайратын
шақырып, көзiнiң алды қарауытқанына қарамай, еңбектеп отырып, бөлменiң
түкпiрiндегi сарайға кiрдi. Артындағы есiктi ақырын жапты. Бойын зорға дегенде
тiктеп, есiктiң жақтауынан ұстап, қалт-құлт етiп түрегелдi. Өзінiң қатал шешiмге
келгенiн сезiп, сәл-пәл үрке қарап тұрды да, бiр сәт кiшкене терезеден сыртқа көз
тастады. Қара нөсер сатырлап құйып тұр екен. Төңiрек қап-қара боп, түнерiп кетiптi.
Әшейiнде айдай жарқырап жататын кең аспанның шет-пұшпағында да саңылаудай
жарық түс қалмастан‚ барша әлемдi көзге көрсеткiсi келмейтiндей қара бұлт бiр бiрiмен
ұстаса, қабысып тұр. Қанат бiтiп, жетi қат көктi шарлап ұшып кетсең, осы нөсерден
қашып құтылардай саңылау тесiк жоқтай. Ранай көзiнен аққан ыстық жасына еге бола
алмай, қабырғаны қолымен сипалап жүрiп, сарайдың ортасына жақындады. Әкесiнiң
кеше боз iнгендi тұсап жүрген қыл арқаны қолына iлiгiп, онын ұшын там төбесiндегi
жуан бөренеге байлады. Бiр ұшын тұзақ қылды. Демде қатал iске бел буып, тұзақты
мойнына салды да, табанының қара жерде тұрғанын бiлiп, дереу еңкейiп, астына
шешесiнiң боз iнгендi сауатын шелегiн төңкерiп қойып, үстiне мiндi. Шешушi сәтке
жеткенде жарық дүниенi қимай, қатты-қатты өксiдi. Сол сәт бәрiн ұмытып, мына
өмiрде өзі молынан тартқан азап пен қайғыны есiне алмастан‚ қайтадан жаңа тiрлiк
бастағысы кеп кеттi. Бiрақ өз тағдырына деген мол өкпе, нала тағы да кеудесiн қысып,
ащы запырандай лоблытып, тiршiлiктiң қызығын, рақатын тәрк еткiздi де, келiншектiң
жас жуған жанарын басқа ертектей қызығы күңгiрт өмiрге жетеледi. Ол шынымен мына
өмiрдiң шат-шәлекетiнен қаңқу сөзінен, бытпылдақ жолынан мүлдем қажыған едi.
Оның шындап дем алқысы, бойына қайтадан әл-қуат жиғысы келдi. Мына дүниенiң
жүзінде ол арманының iске аса қоймасын сезiп, өзге әлемнiң құшағына сiңiп кетуге
талпынды. Ранайды ақ қанат перiштелер еркiн қалықтап самғап ұшып жүрген,
пенделердiң бақас қулық, сұмдығы жоқ, пендешiлiктен мүлдем ада, саф ауасы мұрын
жарар жетi қат көктiң қақ төрiндегi бейiш, бейiш болғанда, мұңлы ғашықтардың отауы,
әлдеқандай араб әуенi сыңғырап, адам жанының түкпiр-түкпiрiн қытықтаған сиқырлы
өлке көздi арбап, шақырды. Бiр қараса, Қызкүмбез салып, кiсiлер артынан оның рухына
бағыштап, құран оқып жүрген Жамал сұлу сол ақ отаудың iшiнде отыр екен дейдi.
Ойпырмай, кiсi мерт болса да, оның рухының мәңгi өшпейтiн болғаны ма қалай?
Ендеше ойланатын не бар? Мұның аңсағаны да сол емес пе, көксегенi тән қызығы емес,
жан қызығы. Қой, ендеше бұл неғып сексиiп тұр, неге анау көрiнген сиқырлы отауға
тезiрек қанат қағып, жетпейдi? Егер тағы да әкесi мұны көрiп қап, жаңа ғана кереметтей
куатпен бiткен қос қанатын қырқып, ана нәпсiқұмар Қуантай төрiздi жексұрынның
шылауына байлап жiберсе, не етпек? Онда ана ақ отау, сиқырлы саз қош бол де! Жо-о-
қ, бұл оған көнбейдi. Қалайда мына қара нөсер селдетiп тұрған аймақтан құтылып
шығып, мәңгi-бақи бас бостандығын, еркiн алуы керек. Әне, алдынан қара көктiң тағын
қақ-қақ айырып, ақ қанатты перiштелер қаптап ұшып шыға келдi. Бiр қараса, бәрi де
ертекте айтылатын перiште емес, өзіндей жер бетiнен бақыты мен ырыздығын таба
алмаған қыздар екен. Мына жаңбыр олардың көздерiнен қара жердiң бетiне тамған көз
жасы екен. Астапыралла, мұндай да болады екен-ау! Сонда нәр суы дегенiң
қарыптардың мұңы ерiген, қайғы-наласы сiңген жаңбыр болды ғой! Мәссаған! Ендеше
неге бұл да әке-шешесi түсiнбеген, түсiнгiсi келмеген арманын, аңсаған бақытын
жоқтап, қара жердiң бетiне көз жасын төгіп атпайды? Үйтпегенде әке-шешесiнiң мұның
жанын ұққаны қайсы? Әне, перiштелер мұның көңілiн де, көзiн де қызықтырып,
қанатымен ауаны тiлгiлей сызған қарлығаштарша зуылдап ұшып жүр. Бiрi кенет көкке
қарай қолын, қолын емес-ау, қос қанатын қомдаған мұны көрiп, ағын iлетiн бүркiтше
зуылдап келдi де, соңына iлестiре жөнелдi. Бұл да қара жерден табанымен қатты