жағдаятты жеңiлдеткiсi келгендей, өнерiмен ел көңілiн делбегiсi бардай шеттерiнен
аржайы күліп, Қуаңның аядай тамын сауыққа толтырды да жiбердi.
Жастар тарағасын, Ержiгiт көпке дейiн ұйықтай алмады. Көрпенiң майда
түйiртпектерiне дейiн жамбасына батып, әрi-берi дөңбекшiдi. Кiрпігi iлiнер емес. Тақа
болмағасын темекi шектi. Ащы түтiндi құмарлана сорып, ұзақ жатты. Бүгiнгi кеш
қаншама көңілдi өтсе де, осы ортаға ажар-көрiк беретiн бiр кiсiнiң, бiр кiсi болғанда
Ранайдың жетпейтiнiн анық сездi. Баяғыда жұлдызы оңынан туып, бас қосқанда,
мынадай қиын-қыстауы көп майданға аттанар сәтте жалғыз қалмай, соңында тiлекшiң,
жан ашыр қимас адамың бар екенiн біліп, дәтке куат қылар едiң. Оның жанының ыстық
табын үнемi сезiп жүрер едiң. Қырғын шайқаста да сенiң жолыңды тiлеп, үй-ошағыңды
бұзбай сақтар әйелiң бар екенiн бiлiп, арқаңды тауға тiрегендей болар едiң. Тым
құрмаса, бүгiнгiдей түнде соқа басың сопайып жалғыз жатпас едiң. Дәл қасыңда етiңе
ет боп сiңiп кеткiсi келгендей жабысқан әйелдiң ыстық демiн сезiп, онын кеуiлiнiң
шуағына бөленiп, бiр рақат күй кешер едiң. Бiрақ сен қазiр жалғызсың. Сонда бұған
тосқауыл болар не? Неге қазір барып Ранаймен сөйлеспейдi? Неге өз ойын айтпайды?
Осы сөздің айтуға оңай болғанмен, бiлек сыбанар тұста қиын екенiн бiлiп жатыр. Жат
қол ұйпалап тастағандай, Ранайға жақындауға айбынады. Мүлдем ат құйрығын шорт
кесуге және қимайды. Оның үстiне дүниеге келген нәресте бұрын iштей онша сене
бермейтiн ойын растап, Ранайдың бөгде кiсiнiң құшағын көрiп, құрсақ көтергенiн
әйгілеп, мұны сыртқа теуiп тастағандай болды. Екi ортадағы терең сайша кесе-
көлденең жатып алды. Сол кедергiден өту — қиынның қиыны. Әсiресе, жат кiсiнiң
тәнінен жаралған бiр жапырақ шаранаға Ранайдың өлiп-өшіп, бойындағы бар мейiрiм,
ықыласын аямай төгер сәтi көз алдына елестегенде бұлардың бақытына бөгде қол
созылғандай боп кетедi. Оған Ранайды қимайды. Ақ келiншектi жеке дара иемденсем
дейдi. Бұл Ранайды өзге көздiң сұғынан қорғаған сайын соған телмiрушiлер көбейiп
бара жатқандай. Бәрi де содан өз бақытын тапсам дейдi. Бәрi де сол үшiн арпалысып
жүр. Басқа келiншек құрып қалғандай, барлығының ықылас-ниетi неге Ранайға қарай
ауа береді? Осы адам неге бiр-бiрiне қиянат, кедергi жасайды? Содан айдау жолша
созылған өмiр соқпағын неше түрлi бытпылдыққа салып, қолдан қиындатып алып
жүремiз. Егер қиянат, кедергi жоғалса, осы адам қаншама есе мол бақытқа кенелер едi.
Соны бiле тұра тұтынбайтынымыз нелiктен? Әлгі бақытты бiр-бiрiмiзге көпсiнiп жүрiп,
ақыр аяғында бiр-бiрiмiздi сергелдеңге саламыз да қоямыз. Неге бұлай, а? Әлде өмiр
заңы ма? Оның басы ауырғандай болды. Темекiсiн сөндiрiп, орнына қайта жатты.
Әлсiн-әлсiн тықырши бердi. Не ұйықтап жатқанын, не ояу екенiн бiлмедi. Ұйқылы-ояу
қалпы әрi-берi аунақшыды. Түс көргендей ме қалай? Ранаймен бiрге жүргендей ме
қалай? Онымен сейлескендей ме қалай? Не болып, не қойғанын бiлген жоқ. Сан-
сапалақ ойлар, таңғажайып түстер үстi-үстiне дүмелiп, бiрiн-бiрi қуалап, ерсiлi-
қарсылы кiрiп-шығып жатыр. Таң сазарып атқанда барып басын көтерсе, тұла бойы
түнімен соққы жегендей ап-ауыр. Мүше-мүшесi сықырлап қозғалтпайды. Қайтадан
жата берiп едi, сырттағы абыр-сабырды естiп, орнынан тұрды. Сыртқа шықты. Қора
жаққа бұрыла берiп, аңтарылып тұрып қалды. Пiрмақанның қиюы қашып, тоза бастаған
қорасы кешегi қара нөсерден сау-тамтығы қалмай бұзылып, күйреп, шашылып жатыр.
Сарғайған сақтар сарқырап аққан суға iлесiп, шыр көбелек айналып, әлдеқайда асыға
ағып барады.
Ержiгiт iшке қайта кiрдi. Жолға алар керек-жарағын қамдастырды. Асып-сасып
жүрген Сәуинәға дорбасын бере салып, домбырасын қолына алды. Анықтап қараса,
пернелерi босап кетiптi. Екi шегi тоза бастаған. Дыбысы жарықшақ. Ол пернелердi бiр-
бiрлеп қиды, екi шектi сыпырып алды. Бәрiн отқа тастады. Домбыраға жаңа шек тақты.
Пернелердi қайтадан байлады. Әрқайсысын ықылассыз тексерiп өтiп, күй тартуға зауқы
соқпай, домбыраны бауынан шегеге iлiп қойды. Әлденеге елеңдеп қайтадан сыртқа
шықты. Ранай көрiнбес пе екен деп құдық басына қарады. Ешкiм жоқ. Пiрмақанның
тамынан кiрiп-шығып жүрген тiрi жан байқалмайды. Ержiгiттiң солай қарай барғысы