ҚОСЫМША
ҚОЛДЫ БОЛҒАН ҚОЛЖАЗБА
(Бiр әдәби ұрлық жайында)
Мен бұл жөнiнде жазбасам ба деп жүрген де едiм. Тек соңғы бiр-екi жылдың
көлемiнде әлдеқандай әдәби мафияның тiкелей қатысуымен кезiнде өзiн өзi насихаттап‚
атақ-дәрпiн жан-жаққа шашқан‚ шығармаларының әдәби дәрежесi өте төмен боп
жатқанына қарамастан‚ ең үлкен сыйлықтарды алып та үлгерген О.Бөкеев туралы әсiре
мадақтаудың қайтадан басталғаны менi қайтадан жазу машинкасын тоқылдатуға
мәжбүр еттi. Мен ендi өткен ғасырдың 80-iншi жылдары болған бiр әдәби дау-дамай
туралы бүгiнгi оқушы жұртшылыққа оның ештеңесiн асырмай да жасырмай‚ қаз-
қалпында айтып беруге ерiксiз бел будым.
Мен 1967-iншi жылдың жазында “Лениншiл жас” (бүгiнгi “Жас алаш”‚ — Б.А.)
газетiнiң әдәбиет бөлiмiне қызметкер боп жұмысқа тұрған едiм. Бiрер айдан соң
О.Бөкеев мәдениет бөлiмiне қызметкер боп келдi. Сол кезде-ақ сонау Өскеменнiң бiр
ауданында шығатын газетте iстейтiн‚ әлi республика көлемiнде‚ жазушы түгел‚
жорналшы ретiнде көрiнбеген‚ аты-жөнi әлi ешкiмге таныс емес оның қазақтың не бiр
маңдайы жарқырған марғасқалары қызметке тұра алмай жүрген жастар газетiне бiрден
гүмп ете қалғаны кiм-кiмдi де таңғалдырмай қоймады. Әрине‚ онда менiң шаруам
болған жоқ. Тек есiмде бiр қалғаны — бiзбен бiрге қызмет iстейтiн‚ О.Бөкеевтiң
жерлесi К.Сегiзбаевтың бiрде бура туралы әңгiме жазып‚ қаламдастарына оқып бергенi
едi. Содан көп ұзамай О.Бөкеевтiң бура жайлы әңгiмесi газетте жарқ ете қалды. Оны
оқып көрсем‚ Сегiзбаевтың әңгiмесiнiң желiсiн ала сап‚ сәл-пәл өзгертiп жазып
шығыпты!? Сол жерде Кәдiрбек пен Оралхан редакцияда‚ дүйiм жұрттың көзiнше
ұрысып‚ төбелесуге шақ қалған едi.
Мен содан кейiн де оның бiрнеше ұрлығына куә болдым. Оның бәрін айтып жатпай-
ақ‚ бiр ғана болған жәйттi келтiрейiн. Бiрде Қазақстан Жазушылар одағының Оңтүстiк
өлкесi бойынша хатшысы‚ кезiнде де‚ қазiрде де өз бағасын ала алмаған‚ тамаша
жазушы‚ балалар әдәбиетiнiң классигi Н.Серәлиев өзiнiң 60-ыншы жылдары жазған
“Қара қыз” атты хикаясын газетке бастыруға алып келдi. Бұ кезде О.Бөкеев әдәбиет
бөлiмiнiң меңгерушiсi болатын (ол бiр жылдың iшiнде осылай өстi!?). Ол әлгi повестi
оқып шықты да‚ әр түрлi сылтау айтып‚ баспай‚ Нәкеңе қайтып бердi. Аздан кейiн...
мен оның дәл осындай‚ одан аумайтын бiр дүниесiн оқыдым. Оны газеттiң дүйсенбi
күнi өтетiн шолақ жиналысында әлгi жағымпаздар, өй‚ кеп тасырта мақтады. Осы кезде
газеттiң сол кездегi бас редакторы Ш.Мұртазаевтың ығын алып үлгерген О.Бөкеевтi
сынауға ешкiмнiң де батылы бармайтын. Оған қарсы шығу жұмыстан шығу деген сөз
болатын. Сол арада мен шыдамай‚ осы жөнiнде айтып‚ О.Бөкеевтi сынадым. Сол екен‚
Мұртазаев пен Бөкеев менiң қыр соңыма түсiп алды. Оның соңы менiң қызметтен
кетуiммен тынды.
Ендi Мұртазаев қайда қызметке ауысса‚ Бөкеевтi сонда алып баратын болды. Ол
жайында әдәби қауым жақсы бiледi. Содан бастап мен онымен қызметтес те‚
дастархандас та болып көрген емеспiн. Бiрақ... тағдыр кейiнiректе онымен қайтадан
ұшырастырды. Оған себеп болған... тағы да Бөкеевтiң суыққолдылығы едi.
Темiржолшының отбасында туылып-өскен мен қазақ әдебиетінде бұрын-соңды
қозғала қоймаған осы бiр тың тақырыпты көтерiп‚ өзiме жас кезiмнен таныс
темiржолшылардың өмiрiнен алынған “Қара нөсер” атты романымды қызбалықпен‚
мектепте оқып жүрген кезiмде жаза бастаған едiм. Оның екiншi кiтәбын орталай
бергенiмде‚ өзiмнiң үлкен прозаға әлi де дайын емес екендiгiмдi сезiп‚ оны жазуды
доғарып‚ әлем әдебиетіндегi прозаның озық үлгiлерiн оқып-зерттеуге кiрiсiп кеттiм.
Содан әлгi қолжазбама 1970-iншi‚ 75-76-ыншы жылдары қайтадан соқтым.