Стр. 182 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Оны жөндеп‚ қырлап‚ баспаға тапсырдым. (Қолжазба кіріс журналында
ех.1-II (5058
от 18.07.78
боп тiркелген. Сонымен қатар баспаның сол кездегi Бас редакторы
Е.Әукебаевтың “1980-iншi жылдың жоспарына кiргiзiлсiн” деген қолы қойылған папка
менде сақтаулы тұр! — Б.А.).
Арада аз уақыт өткесiн мен баспаға соғып‚ романымның 1980 жылдың тақырыптық
жоспарына кiрген-кiрмегенi туралы сұрап ем‚ проза бөлiмiнiң меңгерушiсi М.Сүндетов
сырғақтап‚ анық жауап бермей қойды. Баспаның сол кездегi бастықтары Ә.Жұмабаев
пен Е.Әукебаевтың сөздерi де екi ұшты шықты. Сосын мен ЦК-ның мәдениет бөлiмiнiң
сектор меңгерушiсi Ә.Кекiлбаевқа қолжазбамды апарып‚ оның оқып көруiн өтiндiм. Ол
бiрер аптада оқып шықты да‚ өте жылы пiкiр айтты. Оған: “Осы пiкiрiңiздi “Жазушы”
баспасында жатқан қолжазбаға рецензия ретiнде жазып бермес пе екенсiз?” — деп ем‚
Әбiш келiсе кеттi. Аздан соң оның рецензиясы баспаға түстi де‚ роман 1980-iншi
жылдың тақырыптық жоспарына енгiзiлдi.
Мен осы екi арада жарық көре берсiн деп ойлап‚ романның машинкаға басылған
үшiншi данасын “Жұлдыз” журналының проза бөлiмiнiң меңгерушiсi О.Бөкеевке
апарып берген едiм. Соған бiр-екi апта өткесiн‚ оған барып ем‚ О.Бөкеев романды
өзiнiң қарап шыққанын‚ сосын оны проза бөлiмiнiң бiр қызметкерiне бергенiн айтты.
Мен: “Ол кiм?” — деп сұрап едiм‚ ол: “Бұл редакцияның iшкi шаруасы‚ құпиясы”‚ —
деп жалтарды. Содан редакцияға бiр айдан кейiн хабарласқанымда‚ қолжазбамды
оқыған Б.Мұқаев екендiгiн бiлдiм. Баққожа маған романның көтерген мәселесiнiң өте
өткiр екендiгiн‚ 30-ыншы жылғы қауымдасу‚ 32-iншi жылғы ашаршылық‚ 37-iншi
жылғы жағдайларды өзек еткен бұл шығарманы басуға ұсына алмайтындығын‚ оған
журнал басшыларының (ол кезде Бас редактор Б.Тiлегенов болатын‚ — Б.А.)
келiспейтiнiн ашық айтты. Мен ендi Бөкеевтiң өзiмен сөйлесiп едiм‚ ол: “Өй‚ анау...
сөйдеп отыр ғой”‚ — деп тағы да жалтарды. Мен сол арада бiр қолайсыздықты сезiп‚
бiраздан кейiн редакцияға барып‚ қолжазбамды алып кеттiм.
Бiрде‚ 1980-iншi жылы Ә.Кекiлбаевтың “Үркер” атты романы жарияланған
“Жұлдыздың” үш нөмiрiн (№ 8‚ 9‚ 10 -1980 ж.) сатып ап‚ қарап едiм‚ онда О.Бөкеевтiң
“Өз отыңды өшiрме” дейтiн романының жарияланғанын көрдiм. Соны оқып едiм‚ өз
көзiме өзiм сенбедiм. Бiрден маған сюжет‚ ондағы кейiпкерлер‚ олардың портреттерi‚
айтатын сөздерi‚ Сыр бойына тән араб-фарсы сөздерi‚ жалпы лексика‚
темiржолшылардың өмiрi, т.б. өз романымды еске салды. Дереу қолжазбам мен
журналдағы дүниенi салыстырып қарап ем‚ ұрланған жерлердi анық көрдiм. Мен ендi
екi нұсқаны асықпай салыстырып шығып ем‚ әдәби ұрлықтың болғанын бiлдiм. Сосын
Бөкеевпен сөйлесейiн деп редакцияға бiрнеше рет барып ем‚ ол қашқақтап‚ ұстатпай
қойды. Сосын мен сол арада Б.Мұқаевқа барып‚ оның менiң қолжазбамды қашан‚ қай
кезде оқығандығы‚ өзiнiң айтқан пiкiрi, т.б. туралы бiр парақ қағаз (өз қолымен!)
жаздырып алдым. Ендi өзiмде әлге дейiн сақтаулы тұрған соны түгелдей келтiрейiн:
“Мен 1978 жылы Бегдiлдә Алдамжаровтың “Қара нөсер” атты романын оқып
шықтым. Көлемi шамамен бес жүз беттей болатын. Жалпы алғанда роман маған
ұнаған. Есте қалар кейiпкерлер көп. Солардың iшiнде Көптiлеу‚ Ранай‚ Ержiгiт‚
Сәдiрмақан‚ Пiрмақан шал‚ Пұсырман‚ Қыжым‚ ұры Iзет‚ Төребай секiлдi
кейiпкерлер образы есiмде қалыпты. Романда жақсы конфликт бар болатын.
Автордың романға артқан жүгi салмақты.
Бiрақ романдағы кейбiр кемшiлiктерге байланысты мен “Қара нөсердi”
“Жұлдыз” журналына дайындай алмадым. Өз пiкiрiмдi айтып‚ қолжазбаны
О.Бөкеевке қайтардым. Соңынан автормен телефон арқылы (автордың
сырқаттанып жатуына байланысты), кейiн 1978 жылдың декабрь айында
Бекдiдлә екеумiз роман туралы пiкiрлестiк. Мен романнан байқаған кемшiлiктердi
айттым. Автор сынаған рецензияларға байланысты қайта жөндеп жазып