Стр. 184 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Ш.Айтматовтың алғанын тiлге тиек етiп‚ “ондай-ондай болады” деп‚ жабулы қазанның
жабулы күйiнде қалғанын қалапты. Осы екi хатта да менiң келтiрген нақтылы
бұлтартпас дәлелдерiм мен мысалдарыма, т.б. назар аударылмапты‚ қысқасы‚ оларды
белден бiр-ақ басыпты. Содан кейiн көнбеске лаж қалмады.
Осы кезде “Жазушы” баспасы 1980-iншi жылдың жоспарына енген қолжазбаларды
дайындауға кiрiсiп кеткен де едi. Менiң романымның редакторы А.Мекебаев боп
тағайындалды. Ол пiкiрiн ашық айтпай‚ барған сайын: “Мен де осылай жазам”‚ — деп‚
жарытып оқымай‚ уақытты созып‚ бiрдемелердi айта беретiн болды. Ақыры қатты
сөйлесуiме тура келдi. Ендi қолжазба дайындалып болғасын‚ бөлiм меңгерушiсi
М.Сүндетов қол қоймай‚ не оқымай‚ әбден әуре қылды. Сүйтiп жүргенде баспаға барып
ем‚ М.Сүндетов кенет мың құбылып: “Қолжазба 1981 жылға ауысып кеттi”‚ — дедi.
Менiң: “Неге?” — деген сұрағыма ол жауап бермедi. Содан баспаның директоры
Ә.Жұмабаевқа барып ем‚ о кiсi көзiлдiрiгiн әрi-берi қозғап‚ ашық ештеңе де айтпады.
Баспаның Бас редакторы Е.Әукебаев та жұмған аузын ашқан жоқ. Содан кейiн мен сол
кездегi “кiтаптың құдайы”‚ Госкомиздаттың председателi‚ Бөкеевтiң туысы‚ жерлесi
Ш.Елеукеновке бардым. Ол кiсiнiң шатқаяқтаған сөзiнен аңғарғаным‚ 1980 жылдың
жоспарында тұрған менiң романымның 1981 жылдың жоспарында тұрған Бөкеевтiң
кiтабынан бұрын шыққаны әлдекiмдерге қолайсыз екендiгi болды. Мен сонда барып
бар сырды түсiне қойдым‚ сосын Одақтың жауап хатындағы менiң романымның “1981
жылдың жоспарында тұр” деген сөздердiң барлығын есiме алдым. Алғашқыда мен оған
назар аудармаған да едiм. Ендi менiң кiтабымның шығу-шықпауы екiталай едi. Сосын‚
амал жоқтықтан‚ қолжазбаны қайта қарап‚ бiрiншi кiтаптың екiншi бөлiмiнiң орнына
екiншi кiтаптың соңғы бөлiмiн қосып‚ романның жаңа нұсқасын жасап‚ баспаға
қайтадан тапсырдым. Мұны баяғы “мен де осылай жазам” дей беретiн‚ М.Сүндетовтiң
оң қолы боп жүрген жалтақ “редакторым” А.Мекебаев табандатқан 8 ай бойы “оқыды”!
Осы екi арада (әдетте шығатын кiтаптың алғы жағына кiмнiң пiкiр айтқандығы
жазылатын‚ — Б.А.) баяғы рецензиясынан Ә.Кекiлбаев бас тартып‚ өз фамилиясын
алдыртып тастады. Сосын мен кiтаптың соңына жазған уақытымды көрсетiп ем (ол
романның версткасында бар‚ ол верстка менде сақтаулы тұр! — Б.А.)‚ роман
шыққаннан кейiн қарасам‚ ол да алынып тасталыпты. Бұл жайында кiтаптың
техредакторынан сұрап ем‚ ол әлгi датаны Сүндетов пен Мекебаевтың алдыртып
тастағаны жөнiнде айтты. Мен не дерiмдi бiлмедiм. Сосын ендi дауласа берсем‚
романның мүлдем шықпайы қалуының мүмкiн екендiгiн сезiп‚ аузыма қақпақ қоюға
мәжбүр болдым.
Ақыры 1980-iншi жылы шығуға тиiс кiтабым бiр жыл кешiгiп барып шықты. Мен
ендi оны Бөкеев қашан өз жақтастарына талқандатады деп күтiп жүрдiм. Сол екi арада
сыншы‚ профессор Х.Әдiбаевтың “Қара нөсер” туралы жылы пiкiр айтып жазған
мақаласы “Қазақ әдәбиетi” газетiнде жарқ ете қалды. Сосын рахметiмдi айтып‚
Хаскеңмен хабарлассам‚ ол кiсi мақаласының газет редакциясында табандатқан
бiрнеше ай бойы жатқандығын‚ баспауға одан сескенiп‚ лажсыздан жариялағанын
айтты.
Сүйтiп‚ дау осылайша аяқталған болды. Бiрақ бертiнде осы жайында сөз ғып
жүргендер бой көрсеттi. Ендi соны ескерiп‚ 1980 жылы ЦК-аға жазған хатымның бас
жағындағы қашан жазғанымды‚ баспаға қашан тапсырғанымды т.б. алып тастап‚
ондағы негiзгi дәлелдерiмдi сол күйiнде келтiрiп‚ оқушы жұртшылықтың назарына
ұсынғанды жөн көрiп отырмын:
“Мен 30-40-ыншы жылдардағы темiржол мен ауыл‚ колхоздасу‚ тап күресi туралы
жазғанмын. Кейiпкерлердiң өткен өмiрлерi жүйелi түрде шегiнiспен берiлiп
отырылады. Бөкеев осы тәсiлдi сақтаған.