Стр. 185 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Менiң сюжетiм былай: көп малы жоқ‚ ағайыны аз‚ колхоздасудан Өзбекстанға
қашып кеткен әкесi Тәжiге ермей қалған Ержiгiт (ағасы Ерқара шетте жүр)
университеттен ата-тегiне бола шығарылып‚ елге кеп‚ Майлыбас стансасында темiр
жолға жұмысшы боп тұрады. Әкесiмен қас‚ ата-бабасында кегi бар Пiрмақан байдың
қызы Ранаймен көңiл қосады. Ол жайында Ержiгiт жолдасы Қалилаға айтады.
(
Шығарма кейіпкері Қалила «Қара нөсер» романының 1981 жылы шыққан нұсқасында
бар – Сайт редакциясы).
Ранай аусар Малбағармен атастырылып қойылған. Қызының
сүйгенi‚ қара жұмысшы Ержiгiтке қосылам дегенiне әкесi Пiрмақан да‚ шешесi
Нұрсұлу да қарсы болады. Ал басқарма Көптiлеу (Асылбек‚ Мақамаш деген iнiлерi бар)
Ранайды iнiсiне алып бермек. Көптiлеуге iнiсi Мақамаш идеялық жақтан қарсы. Ақыры
Көптiлеу түрмеден босанып келген ұры Iзеттi керегiне пайдаланып‚ Ранайды бақытсыз
етедi. Көптiлеудi осы әрекетiне‚ Iзетке парторг Пұсырман наразылық бiлдiредi.
Бөкеев мұны былай етiп алады: көп малы жоқ‚ ағайыны аз‚ совет үкiметiнен Қытайға
(Өзбекстанды еске алыңыз‚ — Б.А.) қашқан әкесi Таңатарға (Тәжiнi еске алыңыз! —
Б.А.) ермей қалған Дархан “некесiз туған ағасы Еркiн (мендегi Ержiгiт!) университет
бiтiрiп‚ Семей жағында жер ауып жүр) елiне кеп‚ темiр жолға жұмысшы боп тұрады.
Әкесiмен қас‚ ата-бабасының кегi бар Омар байдың (Пiрмақан!) қызы Гүлиямен
(Ранай!) көңiл қосады. Оны жолдасы Қамбар (менде — Қалила!) бiледi. Гүлияны
Оспанмен атастырып (менде — Малбағар!) қойған. Қызының сүйгенi‚ қара жұмысшы
Дарханға қосылам дегенiне әкесi Омар да‚ шешесi Рахия да қарсы болады. Бұл оқиға
кезiнде Омар бай ұры Батиды (менде — ұры Iзет!) керегiне пайдаланады. Ақыры ұры
Батимен араз ауылнай Оспан Гүлияны атып‚ бақытсыз етедi.
Бұл екi сюжеттiң егiз тамшыдай ұқсас екенi айтпай-ақ көрiнiп тұр. Мендегi Тәжi —
Бөкеевте Таңатар‚ оның балалары Ержiгiт — Дархан‚ Ерқара — Еркiн‚ ал Қалила —
Қамбар‚ Ранай — Гүлия‚ Пiрмақан — Омар‚ Нұрсұлу — Рахия‚ Пұсырман — Оспан‚
Мақамаш — Долдаш‚ ұры Iзет — ұры Бати болып жүр. Бұлардың аттары да‚
дыбыстары да қатты ұқсас.
Бұлардың портреттерi‚ мiнез-құлқы‚ көзқарасы‚ кәсiбi‚ тағдырына дейiн бiрдей.
1.Менде: Ержiгiт — жұмысшы‚ Өзбекстанға қашқан әкесi Тәжiге ермейдi‚ оны
айыптайды‚ совет үкiметiн қолдайды‚ әке үшiн баласы жауапты ма дейдi. Оның
портретi: “Тарс үйiрiлген ымырт қараңғылығында қою қара қасының арасы тұтаса
көрiнедi. Дөңестеу мұрнының ортасы жалданып тұр”— (қолжазбада‚ 86 бет). “Ол
жiгiттiң шалқасынан қайырған қалың‚ ұшы бұйра-бұйра шашына‚ қою қасына‚ ортасы
сәл дөңестеу мұрнына‚ ақшыл сұр өңiне бiр рет сүйсiне көз салды” — (337 б.).
Бөкеевте: Дархан — жұмысшы‚ Қытайға қашқан әкесi Таңатарға ермейдi‚ оны
айыптайды‚ совет өкiметiн қолдайды‚ әке үшiн бала жауапты ма дейдi. Оның портретi:
“...мұрындарының дөңестеу болып бiтуi мен жарланып бiткен қабақтары‚ қою қастары
ғана едi” (“Жұлдыз”‚ 8‚ 57 бет).
2.Менде: Тәжiнiң баласы‚ Ержiгiттiң ағасы Ерқара Өзбекстаннан елге келедi. Совет
үкiметiне қарсы. Әйелi қайтқан. Ойлы. Ержiгiтпен келiспейтiн тұсы көп. Түрлерi ұқсас‚
мiнездерi бөлек.
Бөкеевте: Таңатардың баласы‚ Дарханның ағасы Еркiн Семейден елге келедi. Совет
өкiметiне қарсы. Әйелiнен ажырасқан. Ойлы. Дарханмен келiспейтiн тұстары көп.
Түрлерi ұқсас‚ мiнездерi бөлек. “Бiр сәт өз ұлы Дарханмен салыстырып көрген‚
шынында да түрлерiнде болмаса‚ мiнездерi екi басқа секiлдi. Пiшiндегi ұқсастық