Стр. 186 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

дегендегi мұрындарының дөңестеу болып бiтуi мен жарланып бiткен қабақтары‚ қою
қастары ғана едi (8‚ 57‚58 б.б.)
3. Менде: Тәжi — кедей‚ алпамсадай‚ Пiрмақанмен өшi бар. Ерқара‚ Ержiгiт —
балалары. Колхоздасудан Өзбекстанға қашқан.
Бөкеевте: Таңатар — кедей‚ алпамсадай‚ Омармен кегi бар (8‚ 56 б.) Еркiн‚ Дархан
— балалары. Колхоздасудан Қытайға қашқан.
4. Менде: Көптiлеудiң әкесi бай болған‚ кәмпеске кезiнде малын ағайындарына
таратып берген. Балаларын Орынборда оқытқан. Қу‚ билiкқұмар. Көптiлеу қызба iнiсi
Мақамаштың бетiн қайырып тастап отырады (қолжазба‚ 65 б.). Ұры Iзеттi алдап
жұмсайды. “Билiк бермей... жан-жағын жел соқпастай қымтап тастаған” (242 б.).
Парторг Пұсырманды ұнатпайды. Сабырлы.
Бөкеевте: Омардың әкесi бай болған‚ совет өкiметi кезiнде малын ақшаға
айналдырған. Балаларын Семейде‚ Қазанда оқытқан (8‚ 37 б.). Қу‚ билiкқұмар (8‚ 39 б.).
“Ежелден тiсқақты‚ алды-артын қымтап‚ берiк ұстеайтын айлалы бай” (9‚ 32 б). Қызба
iнiсi Долдаштың бетiн қайырып тастап отырады (8‚ 57 б). Ұры Батиды алдап
жұмсайды. Ауылнай Оспанды ұнатпайды. Сабырлы.
5. Менде: Шешесi Нұрсұлу қызы Ранайдың қара жұмысшы Ержiгiтке күйеуге
шыққанына қарсы. Ол қызына жұмысшыға бермеймiн: “Қашып кетсең‚ аналық ақ
сүтiмдi аспанға сауам”‚ — дейдi (76 б). Мiнезi сыпайы‚ өткiр‚ әдемi қара қасты‚ қой
көздi‚ қызыл шырайлы. “Шалымен тақымдаса отырған Нұрсұлу жас келiншекше
ызылып‚ қызыл күрең шәйдi аса бiр баппен кеселерге құя бастады”‚ — деген сөйлем
бар (96 б.).
Бөкеевте: Шешесi Рахия қызы Гүлияның қара жұмысшы Дарханға тұрмысқа
шыққанына қарсы. Ол қызына қара жұмысшыға бермеймiн: “Бермеймiн батамды‚
емшек сүтiмдi көкке сауамын”‚ — дейдi (9‚ 133 б). Мiнезi сыпайы‚ өткiр‚ әдемi қара
қасты (8‚ 39 б). Рахия: “Осы үйдiң жаңа түскен келiнiндей аса сыпайылықпен бiр
тiзерлей шоқиып отырып‚ қымызды сораптап(?) сапыра бастады”‚ — деген сөйлем бар
(8‚ 39 б).
6. Менде: Ранай мектепте оқыған‚ батылдау‚ аздап бұйығы‚ ойлы‚ ибалы жан.
Ескiлiкке көнбей‚ атастырылған Малбағарға барғысы келмейдi. Портретi: “Ай сәулесi
түскен Ранайдың ақ құба жүзi мен биiк қабағы қызғылт тарта көрiнедi. Үстiне кигенi
қос етек гүлдi ақ жiбек көйлек”(37 б). “Ранайдың қара көзi жаңа ғана жаңбыр шайған
қарамықтай мөлдiреп тұр екен” (139 б).
Бөкеевте: Гүлия училищеде оқыған‚ батылдау‚ аздап бұйығы‚ ойлы жан. Ескiлiкке
көнбей‚ әкесi берем деген Оспанға барғысы келмейдi. Портретi: “Екеуiнiң (Гүлия мен
Дүрия) үстiндегi қос етек көйлек...”(8‚28 б). “Ай сәулесi... аймалаған беттерi...
жарқырап‚ бұрынғыдан нұрлана түскендей” (8‚ 28 б). “...тұп-тұнық қара көзi
мөлдiреп...”(8‚ 66 б).
7.
Менде:
Кедей‚ алаңғасар Пұсырман төңкерiстен соң парторг болады. Қызба‚
ескiге қарсы‚ даукес “Ескiлiктiң бiр көзiн құрттық”‚ — деп жүредi (150 б).
Бөкеевте:
Кедей‚ алаңғасар Оспан төңкерiстен соң ауылнай болады. Қызба‚ ескiге
қарсы‚ даукес. “Мұның бәрi ескiлiктiң қалдығы”‚ — деп айқайлай жүредi (8‚ 32 б).