8.
Менде:
Ержiгiттiң жолдасы аусарлау Қалила бар.
Оның әйелi Ержiгiтпен сөздi болады.
Бөкеевте:
Дарханның жолдасы аусарлау Қамбар бар.
Оның әйелi Дарханмен сөздi болады (8‚ 29
б).
9.
Менде:
Ұры Iзет түрмеден қайтып келедi. Түйе бағады. Оған парторг Пұсырман
қарсы. Оны Көптiлеу керегiне пайдаланады. Портретi: “Еңгезердей бiреу iшке кiрiп
келе жатты” (15 б). Бiр тоға‚ бiр сөздi. “Ана ұры Iзет бiраз уақыт бойы қашып жүрген
едi”‚ — деген жол бар (3 б).
Бөкеевте:
Ұры Бати шет жақтан қайтып келедi. Жылқы бағады. Оған ауылнай
Оспан қарсы. Оны Омар керегiне пайдаланады. Портретi: “Бiр тоға‚ айтқанынан
қайтпайтын еңгезердей жiгiттiң аусарлығын ақырғы рет пайдаланып (Омар) қалуға бел
байларды” (9‚ 123 б). “... Бати... қаңғыбас... Қолыма түспей түрмеден қашып жүргенiне
екi жыл болды”‚ — деген жол бар (10‚ 139 б).
Осының өзiнен-ақ мендегi басты-басты кейiпкерлердi‚ олардың ара-қатынастарын‚
мiнез-құлқын‚ портретiн‚ өмiрбаянына дейiн О.Бөкеевтiң сәл-пәл өзгертiп‚ тiкелей
көшiрiп алғанын аңдау қиын емес. Оған қоса көрмек деталь‚ оқиғаның өрбуi‚
композиция‚ тараулардың орналасуына дейiн менiң романыммен бiрдей:
1. Менде роман (әдәбиетте тұңғыш рет) сала деп бөлiнген. — Бөкеев солай деп
бөледi.
2. Менде роман пойыздың келуiмен‚ Ержiгiттiң Қазалыдан келуiмен басталады. —
Бөкеевте пойыздың өтуiмен‚ Дарханның Тардан келуiмен басталады.
3. Менде уақиға Майлыбас стансасында өтедi. Оның қасынан Сырдария ағады.
Жанында Ақмешiт бар. Күмбездi ел бұзады. — Бөкеевте уақиға Құланды стансасында
өтедi. Оның қасынан Аягөз өзенi ағады. Қасында Кеңгiр мазары бар. Оны бiреулер
қиратып кетедi.
4. Менде күннiң күркiреуi‚ нөсер жаууы Отан соғысымен астасады. — Бөкевте
динамиттiң жарылуы‚ нөсер жаууы Түрксибпен астасады.
5. Менде қара бура бар. — Бөкеевта ақ бура бар.
6. Менде ерлiк туралы эпиграф бар. — Бөкеевте де дәл сондай эпиграф бар.
7. Менде жасырын жүрiстi Көптiлеу мен Алмашкүл ши арасында кездеседi. —
Бөкеевте жасырын жүрiстi Таңатар мен Рахия ши арасында кездеседi.
8. Менде Ерқара Бұхарадан келедi. Ол жайында Әлмақан айтып өтедi. — Бөкеевте
Еркiн Семейден келедi. Ол жайында Гүлия айтып өтедi.
9. Менде Ержiгiт‚ Ранай‚ Күлбарамдар Сыр жағасында түнде жолығысады. Оларға
Сәдiрмақан қарсы ұшырасады. — Бөкеевте Дархан‚ Гүлия өзен бойында түнде
жолығысады. Оларға Оспан қарсы ұшырасады.
10. Менде Тәжi колхоздан қашады‚ өледi‚ оған әйелi ермей‚ Қармақшыға кетедi. —
Бөкеевте Омар кәмпескеден қашады‚ өледi‚ оған әйелi ермей‚ Семейге кетедi.
11. Менде Ранай Ержiгiтке өзiнiң екiқабат екенiн‚ оған үш ай болғанын айтады. —
Бөкеевте Гүлия Дарханға екiқабат екенiн‚ оған алты ай болғанын айтады (10‚ 132 б) т.б.
Мұндай ұқсастық деген өте көп. Оның бәрiн келтiру үшiн кiтапты түгел көшiрiп
шығуға тура келедi.