Стр. 188 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Бұдан тыс сәл-пәл өзгертiлiп‚ кейде сол күйiнде көшiрiлiп алынған сөздер‚
сөйлемдер жетерлiк:
1. Менде: “— Кеңес үкiметi кезiнде де сабайсың ба? — дедi Iзет кеңк-кеңк күлiп.
— Өй аға-ай‚ қандай үкiмет болса да‚ қазақтың қазақшылығы қала ма? Өз қатыныңды
сабай алмасаң‚ еркектiгiң қайсы?” (15 б.).
Бөкеевте : “— Әй‚ құдай-ай‚ қатынға қарсы келмейтiн қай қазақтың еркегiн көрiп
едiң? Өзiмiз сабамасақ та‚ сыбап аламыз”(10‚ 138 б).
2. Менде: “Баяғыда‚ сен жассың‚ бiле бермессiң...” (3 б).
Бөкеевте:“...сен кiшкентайсың‚ бiлмейтiн шығарсың”(9‚148 б).
3. Менде: “— Оның жақсы. Оларға сездiрме. Ал әке-шешең не дейдi?”— “—Оны
қайдан бiлейiн (31 б). Ержiгiт қыздың шашын сипады (32 б).
Бөкеевте: “—Екеумiздiң бұл қылығымызды сезсе‚ әке-шешең не айтар едi? —
дедi Қамбар қыздың дым шалған шашын сипап”. — “— Әкемдi бiлмеймiн‚ — дедi
Дүрия жуас үнмен” (8‚ 67 б).
4. Менде: “Әлi жел суыра қоймаған ақшыл құм үстiнде адам iздерi сайрап
жатыр”(61 б).
Бөкеевте: “Қабыршақтанған қар бетiне ойылып түскен iздерi ғана сайрап жатыр”
(9‚ 155 б”.
5. Менде: “Қалай-қалай сылдыратып сөйлейдi‚ ә? — деген Пұсырман” (409 б).
Бөкеевте: “Қалай-қалай сөйлейдi?” — дедi iшiнен Омар” (8‚ 81 б).
6. Менде: “Аспанның түбi тесiлiп кеткин тәрiзденiп‚ жауын шелектеп құйды” (151
б).
Бөкеевте: “Аспанның түбi тесiлiп кеткен секiлдi...”(9‚ 171 б).
7. Менде: “— Қой‚ жылама. Мал ашуы — жан ашу деген” (123 б).
Бөкеевте: “— Осеке... мал ашуы — жан ашуы деген” (10‚ 15 б). “— Мал ашуы —
жан ашуы деген емес пе?” (139 б).
8. Менде: “Ол тағы да артынан құтырған ит қуғанадй зыта жөнелдi” (152 б).
Бөкеевте: “Ит қабатындай табалдырықтан шапшаң аттады” (10‚137 б).
9. Менде: “— Құдай-ай‚ көрсетпегенiң әлi көп екен” (316 б).
Бөкеевте: “— Құдай-ай‚ құдайым-ай‚ көрсетпегенiң көп екен-ау” (10‚ 166 б).
10. Менде: “... 1930 жылдың шiлдесi” (60 б).
Бөкеевте: “... 1930 жылдың қысы қатты болды” (10‚129 б). т.б.
Мұндай мысал жүзден асады. Оның бәрiн келтiрiп жатуды артық деп санаймын. Бiр
сорақысы‚ Бөкеев жалғыз менен ғана емес‚ басқалардан да емiн-еркiн көшiрiп ала
бередi:
“Үркер жерге түсiп едi‚ шөп жер бетiне шықты. Шөптi жерден Үркер айдап
шығатын тәрiздi”. — (Х.Әбiшев‚ Аспан сыры‚ 1966 ж.. 94 б).
“Үркер жерге түскен кезiнде‚ майдың аяғы мен июньнiң басында жер көктейдi.
Жерге түскен Үркер жер астынан шөптi айдап шығарып жатады екен” (осы шығарма‚
9‚ 163 б.).