— Өзiң кiм? — Қатпа Күлдiр масахананың етегiн түрiп, бұның бетiне тесiле қарады.
— Ойбай, бетiм-ау, ендi не дейiн? — дедi де, сүрiне-қабына‚ жалаң аяқ күйi күйеуiне
ұмтылды. Келе Iзеттiң түрпiдей оң қолын батылсыздау ұстап, еңiреп жылап жiбердi. —
Сенi келедi деген кiмнiң ойында бар? Әйтеуiр, тiрi екенсiң ғой. Бар екенсiң ғой. Сенi де
көретiн күн бар екен ғой, — деп асыға, бiр-бiрiне байланыссыз сөздердi ақтарып жатты,
Iзет оның дiрiлдеген қолдарынан қолын ақырын суырып алды:
— Қой, жетедi ғой. Өздерiң амансыңдар ма?
—Шүкiр, аманбыз.
— Балдар сау ма?
— Сау. Әне, ұйықтап атыр.
Iзет жол дорбасын сәкi үстiне қоя сап, пыс-пыс етiп ұйықтап жатқан екi ұлының
жанына жақын келдi. Олардың шашынан мейiрлене иiскеп едi, бiрден күңсiген иiс
танауын қытықтады. Сол екен, жол бойы өзiн-өзi қатты ұстап келе жатқан ол осы арада
шыдамай, еңкiлдеп жылап жiбердi...
Жуынып-шайынып болғасын, төсекке қатар жата бергенде Күлдiр батылсыздау:
— Бiрдеме айтсам, кейiмейсiң бе? — дедi.
— Айта ғой.
— Айтары сол, өзiң кеткесiн‚ күнiмiз қараң қалды ғой. Қолдағы азын-аулақ малды
үптеп, қалқозға қосты. Сосын не iстерiмдi бiлмедiм. Менiң дүнияны тiреп тұрғандай
қай бiр төркiнiм бар? Ақыры екi ұлыңды өлтiрiп алмайын деп қалқозға кiрдiм.
— Е, солай де. — Iзет аударылып жатты. — Оның несi айып? Көппен көрген ұлы той
деген. — Ол одан артық тiл қатпады. Ұзақ жолдан титықтағаны жаңа бiлiнiп, көзi
кiлгiрiп барып, қор ете түстi...
Iзет ертесiне Көптiлеуге келдi. Қысқаша амандық-саулықтан соң:
— Әй, Көптiлеу, болар iс болды, бояуы сiңдi. Ол үшiн жазамды тарттым. Ендi
қалқозға кiрейiн деп келдiм, — дедi турасынан.
— Ә, ақыл жаңа кiре бастады ма? — Домаланған ақ сары Көптiлеу орнынан тұрып,
кеңсе iшiн әрлi-берлi кезе бастады. Ол қадам басқан сайын айбаты мен доғын
көрсеткендей, қайың қабығы кеулете салынған хром етiгiнiң табаны сыздана
сықырлайды. Оның қонышына балағы сұғылған сары шалбарының галифесi тiсi
ауырған кiсiнiң ұртындай делдие едiрейедi. — Мұның бәрiн ертерек iстеу керек едi.
— Ештен кеш жақсы деген бар емес пе? Замана ағысын бiлсем, бүйтiп басымды
шарға салар ма едiм. — Iзет оның жүзiне қорқасоқтай қарады. Сол сәтте кеуiлiнiң бiр
түкпiрiнде: “Баяғыны ұмытпаған екен-ау”, — деген ұры күдiк жылт ете қалды.
— Жарайды, жалпы жиналысқа салып көрейiк...
Iшке Ержiгiт кiрдi.
5
Көптiлеу орнына нығыздалып отырды. Аздап қабағын түйiп едi, кең маңдайында
терең әжiм бiлемденiп шыға келдi. Оның астыңғы жағын ала сұсты көлеңке құлап түстi.
Ол дем арасында томсара қап, Ержiгiтке көзiнiң қиығымен жақтырмай қарады.
Ержiгiт батпай:
— Кәке, — дедi.
“Иә, айта бер, Көрiп алайын”.
— Кәке, — дедi Ержiгiт тағы да.
“Көзiм басқада, құлағым сенде. Иә...”.
— Кәке, — дедi Ержiгiт ақыры батылданып. — Өзiңiз бiлесiз, мына Байқожадағы
мектеп тар. Соның кесiрiнен балалар төрт класты бiтiргесiн, әрi қарай оқи алмай жүр.
Соны кеңейтiп салсақ...