Стр. 25 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Бұл өте дұрыс, — дедi Көптiлеу оның сөзiн бөлiп. — Өте дұрыс. Олай болып
жатса, балдарды Жосалыға тасығанды қояр ек.
Ержiгiт басқарманың жылы шырай көрсеткенiне қуанып кетiп, салдырлай жөнелдi:
— Кеше Елекеңмен келiстiк. Үй басы бес жүз керпiштен басып берсiн деп
бәтуаластық.
— Мынау бiр оңды болған екен. Сонда стансаның жұрты бар керпiштi басып
шығады ғой?
— Жоқ, жаңғыз ғана олар емес, қалқозшылар да басады.
— Мiне, бұл қиын‚ — дедi Көптiлеу даусын созып. — Биыл мемлекетке көп астық
өткiзбекпiз. Алған мiндеттемемiз бар. Оны‚ шырағым, адамдар iстейдi. Ал, бiзде кiсi
деген санаулы. Бiреуiнiң қолы бос емес. Бәрi ертең отақ отайды. Оқу жақсы, бiрақ
шаруашылық та керек.
— Ау, Кәке, оқу...
— Шырағым, оныңды қоя тұр. Қашан егiн орылып, астық тасылып бiтпейiнше,
беретiн бiр кiсiм де жоқ. Ертең орақ басталады, сосын қырман айдаймыз. Көрдiң бе,
қыруар шаруа, — деп ол екi қолын екi жағына созып жiберiп, екi алақанын жайды.
— Кәке, ол жайында Пұсекең... келiсiп...
— Ә, солай де. Хатшы қайда екен? Шақыршы өзiн.
Көптiлеу бөлмеге кiрiп жайғасқан Пұсырманның жүзiне барлай қарады. Хатшынын
қою мұртының сәл дiр ете қалғанын көрiп, жымың ете түстi:
— Пұсеке, мына жiгiттiң шаруасынан хабардар шығарсың?
— Иә, — дедi Пұсырман даусы барлыға шығып.
— Мен де, — деп Көптiлеу оның бетiне күле қарады. — Жалпы... оған iж
қарсылығым жоқ. Дегенмен бiздiң де пiкiрiмiзге құлақ асқанның зияны жоқ шығар.
Жаманды-жақсылы пәленбай жыл қалқозды басқарып отырмыз. Осы елдiң жай-
жапсарын бiлемiз дегендей. Соны ескермей, бiрден ауданға шапқылаған дұрыс бола
қояр ма екен өзi? Сонда бiз немене қой бағып отырмыз ба? Әлде төбе басына қойылған
қарақшымыз ба? Қарақшы болсақ, қалқозшылар өз жиналысында басқарма етiп
сайламас едi ғой.
— Немене сонда жастардың талабын бетке қағу керек пе? — дедi Пұсырман әлден-
ақ түсi күреңiте бастап.
— Үйдеп жатқан кiм бар? — Басқарма күлдi. — Пажалыста, салыңдар. Бiрақ
қолдағы бар мүмкiндiктi өлшеп-пiшу керек емес пе? Мектепке керек керпiш пен
қамысын қайдан табасың? Оны өретiн ұстаның ақысын кiм төлейдi?
— Асар саламыз, — дедi Ержiгiт.
— Мiне, бұл дұрыс. Әсiресе, ана стансаның безделнiктерiн осыған жегу керек‚ —
дедi басқарма мұртынан күлiп.
— Кәке, бiз төңкерiс жасағанда келер ұрпақтың қамын жемедiк пе? — дедi
Пұсырман бұрынғысынан да күреңiте түсiп. — Мектеп соның...
— Ол рас. Сонда... керпiштi қайдан аласың? — Көптiлеу әлденеге терезеден көрiнiп
тұрған Қызкүмбезге қарады.
— Өзiм бас боп басам, — дедi Пұсырман.
— Iзеке, сен де басатын шығарсың?
— Бұлай боп жатса, не сөз бар, — дедi Iзет күмiлжiп.
— Ал, мен оған қалқозшылардың қолы тимейдi дейiм. Пұсеке, биылғы мiндеттеменi
өзiң бiлесiң. Оның үстiне пәленбай гектар жерге жүгерi ектiк. Айтпақшы, өзiң о жаққа
барып тұрсың ба? — дедi Көптiлеу ендi Ержiгiттi мүлдем ұмыт қалдырып.
— Иә.
—Шығымы қалай?
— Жақсы.
— Пай пай, осы сенiң ұсынақтылығыңа таңғалам. Қолың тиген қанадай жұмыс та
жанып жүре бередi. Биыл жүгерiнi көп өндiрсек‚ қосымша астық тапсырар ек.